Парламент • 23 Қаңтар, 2020
Сенатор квазимемлекеттік компаниялардағы қайталанатын міндеттерді қысқартуды ұсынды
Сенатта парламенттік тыңдауларға дайындық аясында ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен бірқатар кездесулер өтуде. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020
Елордада I ауысымдағы оқушылар мен 1-2 курс колледж студенттеріне сабақ болмайды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда мен Ақмола облысындағы мектептерде сабақ тоқтатылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы хабарлады.
Саясат • 23 Қаңтар, 2020
Жауапкершілікке тарту ұсынылды
Nur Otan партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру барысының көңіл көншітпейтіні туралы қорытындыға келді.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2020
Жаяу Мұсаның еліне «жаяу барған» түйелер
Әлеуметтік желі арқылы тараған «Павлодар жақтан иесіз түйелер табылыпты», «Бура бастаған келе түйе Баянауылға келіп тоқтапты. Иелері жоқ екен!» деген хабар түйесі жоқ адамдардың өзін елең еткізді.
Руханият • 23 Қаңтар, 2020
Хакім есімі лайықты ұлықталып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия қаламгерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде «Абай шығармалары – адамзатқа ортақ рухани жауһарлар», деп төл әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы ұлы ойшыл Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты екендігін атап өткен болатын.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2020
Үкілеген үмітті ақтайтынымызға сенемін
Бүгінгі әлем бұрынғы әлемнен әлдеқайда өзгеше. Мысалы, климаттың антропогендік өзгеруі қарқынды жүріп, жаңа технологиялардың таралуы әлемдік үдерістерді қалыптастырып жатыр. Мұндай мәселелер мемлекеттердің алдына жаңаша сын-тегеуріндер қоятыны белгілі.
Руханият • 23 Қаңтар, 2020
Ұятсыздық аздырар адам баласын
«Егер ұялмасаң, білгеніңді істей бер!». Бұл әуелгі Адам (ғ.с) әрі соңғы ақыреттік Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарға дейін өзгеріссіз жеткен бірқатар ұлағаттар ішіндегі адамды кілт тоқтататын ерекше оқшау хадис. «Асыл сөзге өлім жоқ» демекші, құны ес жидыртатын өсиет. Білгенін істеу деген – хайуан тірлік. Ал одан жоғары тұру – адамилық. Адам ойында бір ғана өтірік пен санада сәл қиянат болса, кеудедегі жүректің кірленуіне жетіп артылады. Ал қол ұрлыққа, аяқ арамға жүгіре берсе, онда бойдан ұят кетті деген сөз. Жалпы, ұят деген не, оны кім қалай пайымдап жүр, пайызы қанша?
Әлем • 23 Қаңтар, 2020
Аустралия табиғаты қашан қалпына келеді?
Аустралиялық өртке қарсы қызметтің хабарлауынша, алапат өрт жайпап кеткен Аустралия табиғатының қайтадан қалпына келуі 100 жылға дейін созылуы ықтимал.
Экология • 23 Қаңтар, 2020
Камера алдында ойқастаған қар барысы
Таяуда Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы фототұзақ объективіне үш қар барысы түсті.
Экономика • 23 Қаңтар, 2020
Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев микро және шағын бизнесті табыс салығынан үш жылға босататын заңға қол қойды. Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және темір жол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы арқылы 2020 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін бірқатар отандық салық төлеушілер салық төлеуден босатылды.