Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20432 материал табылды

Руханият • 04 Қараша, 2019

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының Абай нұсқасы

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – түркі халықтары арасында кең тараған және сюжеттік фабуласы ерте замандарда пайда болған көне эпостық мұралардың бірі. Жырдың бірнеше версиясы мен жиырмадан аса нұсқасы қазақ арасында көп ғасырдан бері айтылып келгені, оны қалың көпшіліктің ерекше сүйіп тыңдағаны да белгілі. Оғыз-қыпшақ кезеңінің кемел туындысын Жанақ, Шөже, Орынбай, Сыбанбай, Бекбау, Мәшһүр-Жүсіп, Бейсенбай, Уәйіс, т.б. дарынды қазақ ақындары мен жыршы-жыраулар дамыта орындап, кейінге жеткізген. Десе де зерттеушілер осылардың арасындағы елге кең танылған әрі ең көркем үлгілері Алаштың айтулы ақындары Шөже мен Жанақтан тараған деп санайды.

Парламент • 04 Қараша, 2019

Мәжілістің бюро отырысын өткізді

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төр­аға­лығымен палатаның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәр­тібі нақ­тыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспа­сөз қызметі.

Руханият • 04 Қараша, 2019

Елбасы және түлеген Түркістан

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев киелі Түркістанға бір кезде: «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы – Түркістан. Ол – Қазақ елінің рухани жүрегі» деп биік баға берген болатын. Бұл пікір Түркістанның қайталанбас даралығын, онда тұлға, тарих және дін туралы іргелі түсініктердің бір нүктеге шоғырланып, тұғырлы мемлекеттігіміздің ұлы құбылысына айналғанын дәйектейді.

Аймақтар • 03 Қараша, 2019

Кәсіпкерлер палатасының кеңесіне үміткерлерді қабылдау басталды

1 қарашадан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшелігіне үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталды. Үміткерлер сайт арқылы өтініш бере алады.

Қоғам • 03 Қараша, 2019

А.Райымқұлова: Түркістан – түркі халықтарының тарихи және рухани орталығы

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістан облысының мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 02 Қараша, 2019

Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьерімен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің (ҮБК) 18-ші отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен екіжақты кездесу өткізді. 

Қазақстан • 02 Қараша, 2019

А. Мамин экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша бастамалар ұсынды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ташкент қаласына сапары аясында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің (ҮБК) 18-ші отырысына қатысып, онда Ұйымға қатысушы елдердің сауда-экономикалық, цифрлық, көлік және басқа да салалардағы нақты ынтымақтастығын нығайту бойынша бірқатар бастамалар көтерді.

Парламент • 02 Қараша, 2019

Д.Назарбаева жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті

Сенат Төрағасы, Қазақстан Жастар конгресі кеңесінің Төрағасы Дариға Назарбаева Павлодар облысында Жастар конгресінің күні аясындағы шараларға қатысты.

Үкімет • 01 Қараша, 2019

А. Мамин Ауғанстан Премьер-Министрімен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапары барысында Ауғанстан Премьер-Министрі Абдулла Абдулламен екіжақты кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.  

Үкімет • 01 Қараша, 2019

Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер өткізді

Бүгін Ташкент қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.