Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Спорт • 18 Желтоқсан, 2019

Елордада қазақ күресінен VIII әлем біріншілігі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында 20-21 желтоқсан аралығында қазақ күресінен VIII Әлем біріншілігі өтеді. Оған 33 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Руханият • 18 Желтоқсан, 2019

«Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының иегерлері анықталды

Нұр- Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен «Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының салтанатты марапаттау кеші өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019

Алматыда тегін мұз айдындары ашылды

Алматыда Тұңғыш Президент саябағында, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ пен Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында тегін мұз айдындары ашылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазды.

Руханият • 18 Желтоқсан, 2019

«Астана Балет» сахнасында «Золушка» балетінің премьерасы өтеді

Хрусталь туфли киген бойжеткен жайлы, бала кезден таныс ертегіге «Астана Балет» сахнасында жан бітеді.  Желтоқсанның 20, 21 мен 22 күндері астаналық театр Шарль Перроның асы аттас ертегісінің желісімен, заманымыздың һас хореографтарының бірі Надежда Калинина қойған екі көріністі «Золушка» балеті паш етпек.

Руханият • 18 Желтоқсан, 2019

Димаш Құдайберген фэнтези жанрындағы фильмнің саундтрегін орындайды

Әнші Димаш Құдайберген италиялық фэнтези жанрындағы фильмнің саундтрегін орындайды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Саясат • 18 Желтоқсан, 2019

Нұрлан Нығматулин Бакуде ТүркПА шараларына қатысып жатыр

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация Бакуде өтіп жатқан Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының шараларына (ТүркПА) қатысуда. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 18 Желтоқсан, 2019

Сыртқы істер министрі «Азия-Еуропа» форумына қатысты

«Азия-Еуропа» форумына қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлерінің 14-ші кеңесінің (СІМК) алаңында Қазақстан Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеуберді Ирландия, Люксембург, Латвия, Индонезия, Польша, Венгрия, Болгария, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Сингапур, Таиланд және Словакия СІМ басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Басылым басшылары • 17 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Балтабек АСАНОВ (1942-1949)

Б.Асанов Павлодар облысының Баянауыл өңiрiнде өмiрге келген. Еңбек жолын 1920 жылы Екiбастұз көмiр қазбаларындағы №1 шахтаның кен жұмысшысы болудан бастады. 1933 жылы ол журналистiк жұмысқа ауысып, Павлодардағы аудандық «Колхоз» газетiнiң редакторы, одан кейiн Магнитогорскiде «Магнитор жұмысшысы» газетiнiң редакторы болды.

Басылым басшылары • 17 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Әмiр ҚАНАПИН (01.1941-11.1942)

Ә. Қанапин Қостанай облысының шеткерi аймағындағы кедей шаруаның отбасында өмiрге келген. Бастауыш бiлiмдi Қостанай мектеп-интернатында алады. 1930 жылы қаладағы мұғалiмдер курсын бiтiредi де, Қазақ оқу-ағарту институтына түседi. Бұл жерде екi жыл оқып, математика және әлеуметтiк-экономикалық пәндерi бойынша мұғалiмдiк диплом алып шығады. Содан кейiн Таулы Алтай облысындағы “Ойрот” колхоз институтында қызмет iстейдi.

100 • 17 Желтоқсан, 2019

Тархан текті редактор

Осыдан бір ғасыр бұрын ұлтының болашақ бас газетіне айналар «Ұшқынның» алғашқы нөмірінің тұсауын кескен адамның есімі – Халел Есенбаев еді. Бірақ жетпіс сегіз жыл бойы оның аты-жөні кейінгі ұрпаққа белгісіз болып келді. 1997 жылдың 22 ақпанында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Ұшқынның» редакторы болдым...» деген жарияланымнан кейін ғана Халел басылым көшбасшыларының қатарына қосылды. Газетті басқарған белгілі тұлғалармен бірге қарашаңырақ тарихында тұғырланды.