Қазақстан • 22 Қаңтар, 2020
Бірнеше облыста көктайғақ салдарынан ескерту жарияланды
Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдері хабарлады.
Саясат • 22 Қаңтар, 2020
Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Юта штатына жұмыс сапарымен барды
Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Қазыханов Юта штатына жұмыс сапары барысында штат Губернаторы Г.Херберт, Бригам Янг университетінің президенті К.Вортен, Ютадағы Дүниежүзілік сауда орталығының директоры М.Хансен, сондай-ақ, жергілікті американдық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020
Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен алғашқы аппарат мәжілісі өтті
Мәжілістің күн тәртібінде бірқатар мәселе көтеріліп, нақты тапсырмалар жүктелді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020
Баянауылға барған түйе батыстыкі ме?!
Әлеуметтік желі арқылы тараған: «Павлодар жақтан иесіз түйелер табылыпты», «Бура бастаған бір топ түйе Баянауылға келіп тоқтапты. Иелері жоқ екен!» деген хабар түйесі жоқ адамдардың өзін елең еткізді.
Руханият • 22 Қаңтар, 2020
Қоғамның қай саласында еңбек етсең де бiлiм-бiлiктiлiгiң мен талантың керек. Ғұлама қаламгер А.С.Пушкиннiң «Географияға да талант керек» дегенi сондықтан болар. Барлық пендеде Алла берген талант бар. Тек соны пендешiлiкпен ескерiп, елей бермейдi. Өмiрден өз жолын таппай адасатыны да сондықтан екен. Бiрақ адам бойындағы сол талантыңыз бiр-ақ пайыз көрiнедi, басқаның барлығы еңбекпен, маңдай термен келеді екен. Сөйтіп, Жаратушы иемiз мұрат-мақсатына жетем дегендердiң пешенесiне тоқсан тоғыз пайыз еңбектi жазыпты. Демек, талмайтын еңбек, үлкен төзiмдiлiк қажет. Арамызда соның екеуiн де ұштастырып жүрген жаны жомарт, қарапайым жандар бар. Солардың бiрi әрi бiрегейi – тараздық дәрігер-хирург Сағындық Ордабеков.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2020
Өмірінің соңына дейін антына адал болып, бетпе-бет келген ажалдан қаймықпаған ер жүрек ұлмен қоштасу рәсімі марқұмның туған жері Әулиекөл ауданына қарасты Лаврентьев ауылында өтті. Қаралы жиында Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди марқұмның ата-анасы мен туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.
Әлем • 22 Қаңтар, 2020
Қазақстанның еуразиялық болмысына құрылған көпвекторлы сыртқы саясатының басты мақсаты – әлемдік деңгейде ірі держалар арасында және аймақтық деңгейде Түркия мен Ресей арасында теңгерім (тепе-теңдік/баланс) қалыптастыру. Өйткені екі елдің де Түркі-Ислам әлемінде терең мүдделері бар.
Руханият • 22 Қаңтар, 2020
Моңғол елі мен Қазақ елінің ортақ мақтанышына айналған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал тарихшы, білікті мәмілегер Зардыхан Қинаятұлының арамыздан кеткеніне де төрт жылдың жүзі болып қалыпты-ау! 1996-2016 жылдары бір мекеменің бір бөлімінде қатар отырған сырлас, мұңдас, тағдырлас ағамның сүйікті бейнесі, аз сөзбен-ақ көп ой, алуан сырға толы тағылымды әңгімелердің түйінін тарқатып беруші еді, әсіресе Тәуелсіз қазақ елінің бүгіні мен болашағы туралы сөз болғанда жайшылықта сыпайы, момынторы болып көрінетін Зақаңды танымай қалушы едік. Зақаң сондай аса шетін тақырыптар жөніндегі ойларын оңаша бөлме мен асхана төңірегінде емес, радио, газет, жорналдарда, кітаптарында ашық-әшкере айтудан тартынбағанына «Тарихқа көзқарас» атты жинағын оқыған адамның көзі жетеді.
Экономика • 22 Қаңтар, 2020
«ҚазАгро» сыртқы қарызын толық өтеді
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің қаржы институттары арқылы еліміздің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Былтыр «ҚазАгро» холдингі агроөнеркәсіп кешені субъектілерін 477 млрд-тан астам теңгеге қаржыландырды.
Тарих • 22 Қаңтар, 2020
Қазақтың тұңғыш дәрігері – Мұхамеджан Қарабаевтың есімін ұмытпайық
Мұхамеджан Қарабаев көз жұмғаннан бері қаншама жыл зымырап өтті. Бертінге дейін оған көңіл бөліп, ізет көрсете барған қоғам өкілдері болмапты. Ал ол қандай құрметке де лайық еді. Мұхамеджанды халқымыз білмейді емес, біледі. Кеңес өкіметі тұсында да арагідік жазылып, мәселе көтеріліп тұрды.