Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қоғам • 22 Қараша, 2019

Кеңейтілген алқа отырысы өтті

Алқа отырысына Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб басшылығы, департаменттер мен бас басқармалар бастықтары, әскер түрлері бас қолбасшыларының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері әскерлерінің қолбасшылары, бригадалардың, полктердің, авиациялық базалардың, сақтау қоймаларының, оқу орталықтарының командирлері, әскери оқу орындарының, әскери полиция органдарының бастықтары, сержанттар құрамы, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.

Қоғам • 22 Қараша, 2019

Ерлікті ел білуі тиіс!

Арыстағы жарылыс – тәуелсіз Қазақстан тарихында елдік пен ерлік сынға түскен сәт еді. Маусымның жайма-шуақ таңындағы аласапыран сәтте біз талай отандасымыздың ерлік жасағанына, халықтың жұдырықтай жұмыла білгеніне куә болдық. Мен де азаматтың азаматтығы көрінген оқиғаға сол күні куә болғанымды бөліскім келеді.

100 • 22 Қараша, 2019

Ағалардың жас шағы

«Егеменнің» екі ардагері деп сөз бастауға, бірінің жиырма бесте жалындап, екіншісінің отызында орда бұзған шақтағы бейнелері қаламыңды еріксіз кідіртеді. Туғандарына биыл 102 және 110 жыл толғандары ойға оралады. Сондықтан айтар сырды ағалардың жас шағы деп бастайсың.

Руханият • 22 Қараша, 2019

Ақаңның аманаты

Бір нәрсе анық. Күнделік те, хат та бір жанр. Кісі баласы басқасын қайдам, бұл бағыттағы жазбаларында жалған сөйлей алмайды. Ол ойдан шығару, қосу, алу емес, нақты ой, деректерге негізделген кісілік келбетінің көрінісі, жүрек лүпілі, жүрек сөзі. Бұл жазбалар үстінде оған шындықпен бетпе-бет болуға тура келеді. Сондықтан арының алдында ақ. Кісінің бір-бірінің бағасын білуі, құрметтеуі де оның өне бойында шүпілдеп тұрады. Тіпті мазмұны, көркемдігі тұрғысынан әңгімеге бергісіз хаттар да болған. Оған мысал келтірсек, алыстап кетеміз.

22 Қараша, 2019

«Егеменнің» тойы – елдің тойы

Алаш аманатын абыроймен арқалап болашаққа бағдар бұрған ұлт үнпарағы «Egemen Qazaqstan»-ның ғасыр биігіндегі ғибратты тойы – мұқым қазаққа ортақ мереке, айтулы сәт. «Ұшқыннан» от алып, кемел келешекке батыл қадам басқан ел газетінің рух мұзартынан үздіксіз үн қатып келе жатқанына – 100 жыл! Тұтас ғасыр ұлт шежіресін тасқа қашаған қарашаңырақ басылымның дәуір тынысын бедерлеудегі тарихы да, тағылымы да теңдессіз. Күні кеше сол тарихтың тағылым биігінен үн қатқан ұлағаты ұлықталды. Күллі қазақ көз тіккен мерейлі сәт елорда төрінде салтанатты түрде аталып өтті.

Қазақстан • 21 Қараша, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев «Тыраулап ұшқан тырналар» спектакліне барды

Елбасы Қазақстанның халық әртісі, театр және кино режиссері Талғат Теменовтің Валентин Ежовтың пьесасы бойынша сахналанған «Тыраулап ұшқан тырналар» қойылымын тамашалады. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің ресми сайты хабарлады.

Президент • 21 Қараша, 2019

Президент Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты қызметінен босатуды тапсырды. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.   

Үкімет • 21 Қараша, 2019

Сыртқы істер министрі азаматтарды қабылдады

Сыртқы істер министрлігінде Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні аясында Министр Мұхтар Тілеуберді азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 21 Қараша, 2019

С. Еңсегенов іс-сапармен Санкт-Петербургке барды

Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов Санкт-Петербургте ТМД ПАА Мемлекет құрылысы және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 21 Қараша, 2019

А.Қапбарова Азия-Тынық мұхиты аймағы саммитіне қатысты

Сенат депутаты Айгүл Қапбарова «Қазіргі басты сын-тегеуріндерге қарсы іс-қимыл: бейбітшілік, ұлттық татулық, өзара қолдау, бірлесіп өркендеу және жаһандық құндылық» тақырыбы бойынша өткен «Камбоджа – 2019 жылғы Азия-Тынық мұхит аймағы саммитіне» қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.