Үкімет • 24 Желтоқсан, 2019
Үкімет басшысы жолдарда жылыту және тамақтандыру пункттерін ұйымдастыруды тапсырды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдардағы жағдай қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2019
Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін салынатын әкімшілік айыппұл көлемі 10 есе өседі - М. Мырзағалиев
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің жаңа редакциясындағы жобасын ұсынды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2019
Мұхтар Тілеуберді Мысырдағы қазақстандық дипломаттың қазасы жайлы мәлімдеме жасады
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мысырдағы қазақстандық дипломаттың қазасына байланысты тілшілердің сұрағына жауап берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Саясат • 24 Желтоқсан, 2019
Қазақстан-Иордания арасындағы алғашқы консулдық консультациялар өтті
Қазақстан-Иордания арасындағы консулдық мәселелер жөніндегі консультациялардың 1-ші отырысы өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2019
2020 жылы әлеуметтік қорғау жүйесінің кейбір қызметкерлерінің жалақысы артады
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ауруханада, жартылай госпитальда, үйде күтім жасау және уақытша тұру жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері үшін психоэмоционалдық және физикалық белсенділігі үшін қосымша ақы енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2019
Биатлоннан әлем кубогінің үшінші кезеңі аяқталды
Ансиде (Франция) биатлоннан әлем кубогінің үшінші кезеңі өз мәресіне жетті. Жарыс нәтижесі бойынша, Қазақстан әйелдер құрама командасы ұлттар лигасындағы үздік жиырмалыққа енді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Парламент • 24 Желтоқсан, 2019
Дариға Назарбаева Үкіметке заң жобалау жұмыстарының жоспарын алдын ала келісуді ұсынды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау және қызметтен босату туралы» ұсынысы күн тәртібіндегі бірінші мәселе болды. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне ұсынылған кандидаттарды талқылау және қорытындылар дайындау тапсырылды. Сенаторлар бұл шешімге қолдау білдірді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 24 Желтоқсан, 2019
Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы болып, онда Сенаттың 26 желтоқсанда өтетін кезекті отырысының күн тәртібіне 11 мәселе енгізу туралы ұсыныс қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2019
Шығыс Қазақстан облысында «Antikor ortalygy» ашылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Шпекбаев және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметовтің қатысуымен халықпен жедел кері байланысты қамтамасыз ететін ерекше «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығы ашылды.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019
Түркістан облысында бас шыршаның шамы жағылды
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала әкімі Рашид Аюпов шаһардағы бас шыршаның шамын жақты. Қала орталығындағы «Гүлдер» саябағында бой көтерген еліміз бойынша ең биік жаңа жылдық шыршаға түркістандықтар мен қала қонақтары жиналды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.