Парламент • 20 Желтоқсан, 2019
Қазақ-қырғыз депутаттарының бірлескен отырысы
Мәжіліс депутаттары қазақ-қырғыз шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің инфрақұрылымымен танысу мақсатында Жамбыл облысында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Руханият • 20 Желтоқсан, 2019
Оқуға түстім. КазГу-ге. Журналистика факультетіне. О заманда оқуға түсу патшаның тағына отырғаннан артық еді ғой. Жүзіміз нұрлы, жүрегіміз таза. Бірінші курс. Елу студентпіз.Тоғызы-қыз, қырық бірі қылшылдаған жігіттер. Содан бері де елу бір жыл өтіпті-ау! Сол қырық бірдің бірі – «маң, маң, маң басқан, шудаларын шаң басқан» атан түйе секілді апай төс, маңғаз мінезді Мақұлбек болатын. Келбеті де келген. Бадырақ көз. Тұлғасы да, тұрпаты да баяғының батырларындай. Нағыз нар жігіт!
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Қазақстан-Румыния қарым-қатынастары: 2019 жыл нәтижелері
«Румыния президенті Клаус Йоханнсен екіжақты қазақстан-румын байланыстарын тереңдету үшін барлық шараларды қабылдау қажет деп санайды». Бұл туралы 19 желтоқсанда СІМ-де өткен брифингте Қазақстан Румыниядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов өзінің Румынияның жаңадан сайланған Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі жайлы баяндау барысында атап өтті. Елші осылайша екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытудағы жаңа кезең ашылатынын атап өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев Мұхаммед әл-Джабермен кездесті
Кездесу барысында екі жақты қатынастарды нығайтудың, Қазақстан мен БАӘ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың, мәдени байланыстарды кеңейтудің маңыздылығы жайлы айтылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
А. Мамин Президент жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2019
Елорда әкімдігі балаларға жаңажылдық шырша тойын өткізді
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығында жаңажылдық шырша тойын өткізді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 19 Желтоқсан, 2019
Жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту туралы заң жобасы қаралды
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 19 Желтоқсан, 2019
Сенаторлар ішкі қажеттіліктерге бағытталған заң жобасын қарады
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Шымкент әкімі қытайдың қазақстандағы елшісімен кездесті
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяомен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Теңіз көлігі саласындағы мемлекеттік қызметтер оңтайландырылады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ағымдағы жылы сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша біршама жұмыстар жүргізді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.