Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Үкімет Білім мен ғылымды дамытудың жаңа 5 жылдық бағдарламасын мақұлдады
Бүгін Қазақстан Республикасының Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламаларын жаңарту кезеңдері туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
2020 жылы қазақстандықтар үшін зейнетақы мен жәрдемақы қандай болады
«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар арттырылатын болады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 19 Желтоқсан, 2019
Д. Назарбаева балық шаруашылығы саласының өкілдерімен жұмыс бабында кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауларға дайындық аясында балық шаруашылығы саласының өкілдерімен жұмыс бабында кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2019
Салық төлеушілер алдағы төлемдерді SMS және PUSH-хабарламалардан біле алатын болады
Қазақстан Республикасының ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесінің «жергілікті салықтар» кіші жүйесін әзірледі. Екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшасында «Каспи банк» АҚ және «Халық банк» АҚ алдағы төлемдер сервисі іске асырылды.
Президент • 19 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 19 Желтоқсан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады
Кездесу кезінде Мемлекет басшысына биыл өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 19 Желтоқсан, 2019
Дариға Назарбаева картоп және көкөніс өсірушілер одағымен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауларға дайындық аясында еліміздегі картоп және көкөніс өсірушілер одағы мен тоң-май саласы қауымдастығының басшыларымен бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Қазақстан Елшісі Израиль Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Республикасының Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израиль Мемлекетінің Президенті Реувен Ривлинге «Beit Hanassi» резиденциясында сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Дәрігердің орташа жалақысы 2025 жылы 2,5 есеге артады - Елжан Біртанов
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының қорытындылары туралы баяндап, денсаулық сақтаудың мемлекеттік бағдарламасының 2020-2025 жылдарға арналған жобасын ұсынды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 19 Желтоқсан, 2019
Сенаторлар ТүркПА-ның 9-шы отырысына қатысты
Сенат депутаттары Бекмырза Еламанов, Сәрсенбай Еңсегенов және Марат Тағымов Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Бакуде (Әзербайжан) өткен 9-шы отырысына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.