Президент • 18 Желтоқсан, 2019
Президент Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
Сыртқы істер министрі Мемлекет басшысына АҚШ-қа жасаған ресми сапарының негізгі нәтижелері мен биылғы 15-16 желтоқсанда Мадридте өткен «Азия-Еуропа» Сыртқы істер министрлері форумының 14-кеңесіне қатысқаны жөнінде баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019
Елордада 600-ден астам қараусыз қалған электр, сумен қамту, жылыту, кәріз желілері бар
Елордада 680-ге жуық иесіз жатқан, қараусыз қалған объектілер мен желілер анықталды. 126 км – электр, 7,5 км-сумен жабдықтау, 14 км – кәріз желілері. Сондай-ақ 200-ге жуық трансформатор мен 76 трансформаторлық қосалқы станция балансқа алынбаған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2019
Жамбыл облысында 28 жылда 870-тен астам әлеуметтік нысан салынды
Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 28 жылында 870-тен астам әлеуметтік нысан бой көтерген. Облыста Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік сала айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізді десек, осы уақыт аралығында өңірде 871 әлеуметтік нысан салынған. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 18 Желтоқсан, 2019
Тунисте Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойына дайындық жайы талқыланды
Тунисте ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф Ислам ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі (ISESCO) бас директоры доктор Салим бен Мухаммед аль-Маликпен кездесу өткізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
Әскери мамандықтың үздік өкілдері марапатталды
Бірінші рет өткізілген «Әскер тарланы» сайысының жеңімпаздарын Ұлттық әскери-патриоттық орталығында марапаттады. Байқау оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің үздік әскери қызметшілерін анықтауға бағытталып, Тәуелсіздік күніне орайластырылған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 18 Желтоқсан, 2019
Сенатта теміржол көлігі мәселелері қаралды
Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
Елордада «Пиротехника-2011» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр
Елордалық Полиция департаменті ТЖД-мен бірге 2019 жылдың 17 желтоқсанынан 2020 жылдың 3 қаңтарына дейін қала аумағында «Пиротехника-2019» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Президент • 18 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында қанша мектеп салынады
Қала әкімі Алтай Көлгінов білім беру саласындағы қалалық инфрақұрылымның дамуы туралы айтып берді. Ағымдағы жылы 6 мектеп салынды,бұл 5 мың оқушыны оқу орнымен қамтуға мүмкіндік берді. 2020 жылы 9,5 мың оқушы орнына есептелген 12 мектеп салу және пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 12 мың орындық 8 мектеп салуды бастау жоспарланды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
Алтай Көлгінов: LRT жобасын аяқтаймыз
Елорда әкімі Алтай Көлгінов жеңіл рельсті (LRT) жобасы аяқталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.