Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
1000 адам жеңілдетілген әлеуметтік қызмет алды
Мыңдаған ақтөбеліктер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазпочта» АҚ және Ақтөбе қаласының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асыратын «Азаматтың әлеуметтік картасы» жобасы бойынша жеңілдетілген әлеуметтік қызметтер алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 18 Желтоқсан, 2019
Мәжіліс еңбек заңнамасына енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады
Парламент Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарап, оны бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 18 Желтоқсан, 2019
Президент атына Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсуде
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері атынан құттықтау жеделхаттары толассыз келіп түсуде. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 18 Желтоқсан, 2019
Мәжілісте жаңа заң жобалары мақұлданды
Бүгін Мәжілісте Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар ғарыш саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын көздейтін «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңының жобасын мақұлдады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 18 Желтоқсан, 2019
Асқар Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
«Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) Кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 18 Желтоқсан, 2019
Президент спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
Тимур Тоқтабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Серікұлы Тоқтабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Саясат • 18 Желтоқсан, 2019
Қазақстан Елшісі Дания Патшайымына сенім грамоталарын тапсырды
Копенгагенде Қазақстанның Швециядағы Елшісі және Даниядағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Қайрат Әбдірахманов Дания Патшайымы II Маргретеге сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 18 Желтоқсан, 2019
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру тиімділігі 600 млрд теңгеден асты - А. Мамин
Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан экономикасын цифрландыру тақырыбына арналған «Digital Samruk» конференциясының пленарлық сессиясына қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019
Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы пара алды деп айыпталуда
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК басшысы мен осы кәсіпорынның бас есепшісі пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.