Саясат • 20 Қыркүйек, 2019
Қазақстан Елшісі Түрікменстан Президентіне Сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшісі Еркебұлан Сәпиевті сенім грамоталарын табыстау үшін Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қабылдады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 20 Қыркүйек, 2019
Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Минскіде халықаралық конференцияда сөз сөйледі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Минскіде «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа бес жыл: Соттың рөлі» халықаралық конференциясына қатысып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019
«Egemen Qazaqstan» газетінің 9 тамыздағы санында жарық көрген «Отырар қайта ойрандала бастады ма?» атты мақаланың тақырыбын көріп, төбемнен жай түскендей әсерде болдым. Менің ойыма археологтардың 50 жыл бойы қазба жүргізіп тапқан жұма мешіт, сарайлар, қақпа, монша, құмырашылар орамы мен тұрғын үйлер орамы сияқты нысандарды біреулер ойрандап жатыр ма деген ой келді. Алайда мақаланы оқи бастағаннан кейін сабама түсе бастадым. Мәселе кіреберістегі қақпа мен төбеге апаратын жерде екен. Бұл жерде елге танымал екі ағамыз, филология ғылымдарының докторы Құлбек Ергөбек пен тарих ғылымдарының докторы Мұхтар Қожа бірлесе жазған мақалаларының тақырыбы айқайлаған аты затына сай еместігіне көзім жетті. Мақалада көтеріліп отырған мәселелер «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне» тікелей қатысты болғаннан соң әрі сол мекеме директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары ретінде осыған қатысты өз пікірімді білдіргім келіп отыр.
Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2019
Ерлер еңсеретін тақырыпты әйел жазушы романға арқау етті
Соңғы кезде қазақ әдебиетінде көлемі осыншалықты үлкен роман жазған ешкім жоқ. «Оны жазбақ түгілі, оқып шығудың өзі қиямет шығар» дедім. Бірақ алдыңғы шығармаларын оқып, таңырқап қалғаным бар. Әсіресе, «Үлкен үйдегі үрей» деген романы көп-көрім ұнаған.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2019
Бесік – өмірге жаңа келген нәрестенің анасының құшағынан кейінгі жылы ұясы. Періште-сәбидің ақ отауы! Ат үстінде жүріп елін қорғаған батыр қазақтың асыл бұйымы. Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «талбесік» деп атаудың сыры осында. Ыңғайлы етіп қиюластырған бұл дүние көшіп-қону жағдайында да тіршілікке қолайлы. Оны ат үстінде ердің алдына алып та, түйе үстіндегі қоршау ішіне де артып та жүре береді. М.Әуезов кезінде «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөзінің мән-мағынасы да терең.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019
Маңызды міндеттерге мамандарымыз даяр ма?
Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру үшін Елбасымыз бағындырған тарихи белестердің негізі қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет етті. Тұңғыш Президент Семей ядролық сынақ полигонын жапты, мемлекеттік шекараны бекітті, сырттағы қандастарды қайтару ісін қолға алды, ұлттық валютамызды енгізді, Ұлттық қорды құрды, дербес ғарыштық бағдарламаларды іске асырды. Ал сыртқы саясатта беделді еуразиялық экономика моделін жүзеге асырды, еліміз ЕҚЫҰ-ға және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті, Келешек мамандарды дайындау үшін «Болашақ» арнайы стипендиясын тағайындады, «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары жүзеге асуда.
Парламент • 20 Қыркүйек, 2019
Сотты жетілдіру мәселесі талқыланды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Минскіде «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа бес жыл: соттың рөлі» халықаралық конференциясына қатысып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Саясат • 20 Қыркүйек, 2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапарына орай ортаға салынар ойлар
Саясат • 20 Қыркүйек, 2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының жарқын келешегі жолында татулық, бірлік мәселесін ең басты құндылық ретінде ұстана отырып, әрбір азаматтың мүддесін қорғауға ант берген болатын. Азаматтардың саяси көзқарастары мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермейтіндігін айтқан Президент, өзі уәде бергеніндей, ашық әрі әділ жұмыс істеу бағытындағы маңызды қадамдарды жүзеге асыра бастады.
Президент • 19 Қыркүйек, 2019
«Егемен» көтерген мәселе бойынша Президент тапсырма берді
«Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Елу жыл бұрынғы ескі паром елді қашанғы әуреге түсіреді?» мақаласында көтерілген мәселе Мемлекет басшысының назарына ілігіп, Үкіметке шешу жолын қарастыруды тапсырды. Бұл туралы Қ. Тоқаев Twitter парақшасында жазды.