Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20844 материал табылды

Үкімет • 23 Қыркүйек, 2019

Үкіметтің кезекті отырысында қандай тапсырмалар берілді

Үкімет отырысында өңірлердің алдағы күзгі-қысқы маусымға дайындығы талқыланды, сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасын іске асырудың аралық қорытындысы және мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту мәселелері қаралды. Үкімет кулуарында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері күн тәртібіндегі өзекті сұрақтарға жауап алды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Үкімет • 23 Қыркүйек, 2019

Премьер-Министр Еуропа және Азия Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесінің қатысушыларымен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласына «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» Еуропа және Азия елдерінің Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысуға келген Черногория, Словакия, Солтүстік Македония, Молдова, Оман, Катар және Непал Парламенттерінің спикерлерімен екіжақты келіссөздер жүргізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Парламент • 23 Қыркүйек, 2019

Сенаторлар заңнамаға агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша түзетулерді қарады

Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. 

Экономика • 23 Қыркүйек, 2019

Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру жергілікті қамтуды тиімді реттеуге жол ашады — Қаржы министрі

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік сатып алуларда жергілікті қамту үлесін арттыру мәселесі қаралды. Мемлекеттік сатып алулардағы отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады. 

Парламент • 23 Қыркүйек, 2019

Словакия білім беру, қорғаныс және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа мүдделілік танытты

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева және Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің төрағасы Андрей Данкомен кездесуі барысында Қазақстан мен Словакияның парламентаралық іс-қимылы мен экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар екі ел арасындағы байланыстардың қарқынды дамуы мен парламенттер ынтымақтастығының тиімділігін арттыра түсу қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.  

Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2019

Елбасы РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен келіссөз өткізді

Кездесу барысында Елбасы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы қатынастарды нығайту жөніндегі жұмыстың нәтижелері мен перспективаларына тоқталды. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады. 

Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2019

Елбасы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі мемлекет арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын ерекше атап өтті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.   

Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2019

Ли Чжаньшу Нұрсұлтан Назарбаевқа Си Цзиньпиннің жылы лебізін жеткізді

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Президент • 23 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы АҚШ-тың саяси және сарапшы топ өкілдерімен кездесу өткізді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары АҚШ-тағы ықпалды талдау орталығы саналатын Atlantic Council («Атлантикалық кеңес») ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған белгілі америкалық саясаткерлермен және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесумен басталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2019

Түркия мен Әзербайжан Парламенттерінің төрағалары Түркі академиясының алтын медалімен марапатталды

Түркия мен Әзербайжан республикалары Парламенттерінің төрағалары бастаған мәртебелі меймандар Халықаралық Түркі академиясына арнайы келді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.