Қоғам • 29 Қаңтар, 2020
Тарбағатайда дәрілік шөптер көп
Әрине, Тарбағатай тауының флорасы өте бай. Алайда «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы мен өсімдіктер әлемін зерттеу ХХ ғасырдың ортасында жүргізіліп, бірнеше шағын экспедициялар ғана ұйымдастырылды. Сондықтан бұл өңірде нақты дәрілік өсімдіктердің қанша түрі бар екені анықталмаған. Белгілісі, бұл өлкеде кездесетін 1640 түрлі өсімдік 504 туысқа, 84 тұқымдасқа жатады. Өсімдіктердің 169 эндемиялық түрі бар. Жалпы 1640 өсімдіктің 35 түрі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі болғандықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2020
Отанымның бір кірпіші болып қалансам арманым жоқ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметке кірісер алдындағы ұлықтау рәсімінде елімізді дамытуда жастар әлеуетінің ерекше екенін айтып, «Президенттік жастар кадрлық резервін» жасақтау мәселесін алғаш көтерген болатын. 27 тамызда Президенттік жастар кадр резервін жасақтау туралы Президент Жарлығы шығып, ұлттық комиссия құрылды. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Жастар жылына арналған ең маңызды айрықша бастама болды. Жалпы Президенттік жастар кадр резервіне енуге арналған байқау 6 кезеңнен тұрды.
Абай • 29 Қаңтар, 2020
Абай философиясы – жаңашылдық жаршысы
Бірде мектеп мұғалімі алдындағы оқушының «Қанша ғасыр өтіп кетсе де, Сократтың атын адамдар қалай ұмытпаған?» деген сұрағы жөнінде әңгімелеген еді. Балдырғанның сұрағы ересектер тарапынан езу тартқызар, бірақ тәжірибелі ұстаз баланың еркін ойлай алатынына, сұрақтың астарынан шәкірттің білімге деген құштарлық қуатының байқалатынына өзі де сүйсінгенін жасыра алмап еді...
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020
Қолайсыз ауа райына байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі мәлімдеме жасады
28 қаңтарда 21:00-дегі жағдай бойынша 10 облыс пен елорданың 106 учаскесінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар бойынша барлық автокөліктер үшін қозғалыс шектелді. Бұл туралы Республикалық жедел штаб бас басшысының орынбасары, Азаматтық қорғау подполковнигі Жақатаев мәлімдеді.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020
Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы көз жұмды
Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды. Бұл ақпаратты Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020
Студенттік шәкіртақының жаңартылған көлемі жарияланды
Студенттер, магистранттар және докторанттардың шәкіртақысы 25%-ға артты. Шәкіртақының жаңартылған көлемі Білім және ғылым министрлігінің Telegram-каналында жарияланды.
Руханият • 28 Қаңтар, 2020
Президент мақаласы әзербайжандық басылымда жарияланды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы Әзербайжанның «Respublika» газетінде жарияланды.
Президент • 28 Қаңтар, 2020
Мемлекет басшысы Дубайда өтетін «EXPO-2020» көрмесіне дайындық барысымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дубайдағы «EXPO-2020» халықаралық көрмесінде салынатын Қазақстан павильоны таныстырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2020
Асқар Мамин Ұлттық автомобиль павильонын аралады
Премьер-Министр Асқар Мамин Ұлттық автомобиль павильонын аралап, онда Қазақстанның автомобиль өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға арналған жоспарларымен танысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2020
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы жаңа заң нормалары түсіндірілді
2020 жылғы 28 қаңтарда Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі нормаларын түсіндіруге арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.