Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21580 материал табылды

Қоғам • 27 Қыркүйек, 2019

Терминдерді іріктеудің критерийлері талқыланды

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Терминдерді іріктеудің критерийлері мен принциптері» атты республикалық әдістемелік семинар өткізді. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 27 Қыркүйек, 2019

Аружан Саин: Балалардың мектептен тыс дамуын қамтасамыз ету керек

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин және ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғау үшін атқаралып жатқан жұмыстар туралы брифинг өткізді. 

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2019

Роман Скляр Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты

Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексеріп, Түркістан қаласының әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы нысандарының құрылыс алаңдарын аралады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Спорт • 27 Қыркүйек, 2019

Спорттық медицинадан халықаралық конференция өтті

Бүкіләлемдік бокс академиясы мен ProSport медициналық орталығының базасында «Жоғары деңгейлі спортшыларды дайындау жүйесіндегі медициналық қамтуға мультидисциплинарлы тәсіл» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті деп хабарлайды Olympic.kz.  

Руханият • 27 Қыркүйек, 2019

Анкарада «Түркі интеграциясының архитекторы» кітабы таныстырылды

2019 жылғы 26 қыркүйек күні Анкара қаласында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен тарихи Нахчыван келісімінің 10 жылдығына арналған басқосу өтті. Алқалы жиын аясында Түркі академиясы шығарған «Түркі интеграциясының архитекторы» кітабының тұсаукесері өтті.

Үкімет • 27 Қыркүйек, 2019

Асқар Мамин «Nur Otan» қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады

Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінде берген халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыру бойынша тапсырмасының, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» мемлекетін қалыптастыру бойынша міндеттердің аясында «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдауды өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Қоғам • 27 Қыркүйек, 2019

БҚО-да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы сотталды

БҚО Бәйтерек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 27 Қыркүйек, 2019

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі биыл 31 523 отбасыға несие берген

2019 жылдың алғашқы 8 айы ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 31 523 қазақстандық отбасыға қолжетімді шарттармен несие берді. Бүгінде олар көптен күткен баспаналарына қол жеткізіп, жаңа қоныс иелері атанды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Әлем • 27 Қыркүйек, 2019

Ыстанбұлда жойқын жер сілкінісі болды

26 қыркүйекте Ыстанбұлда жергілікті уақытпен 13:59-да жойқын жер сілкінісі болды. Зілзаланың магнитудасы 5,8. Жер дүмпуі Ыстанбұлда және оған жақын аудандарда сезілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.  

Руханият • 27 Қыркүйек, 2019

Ауылда тұратын суретші

«Ел іші – өнердің кеніші» деген рас. Алтын бесік ауылдарды араласаң ел мен жердің жақсылығын дәріптейтін, ұлтымыздың неше түрлі өнерін ту еткен дарынды жандарды жиі кездестіріп жатасың. Сондай таланттардың бірі – Жетісудың төрі саналатын Аспантау өлкесінің тумасы, Нарынқол ауылында тұратын қылқалам шебері Нұрболат Ысқақов. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Көркемсурет академиясының коррес­пондент-мүшесі, аталған академияның «Таранда Великого Эля» атты медалінің иесі Нұрболат Ысқақовты көп жұрт біле бер­мегенімен, өз саласының білгір маманы ретінде елге елеулі қызмет етіп келеді.