Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Тағайындау • 26 Қыркүйек, 2019

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Тағайындау • 26 Қыркүйек, 2019

Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Өркен Серікқалиұлы Бисақаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды. 

Руханият • 26 Қыркүйек, 2019

«Алаш алқасы» жастар клубының кезекті жиыны өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және №48 мектеп-лицейімен бірлесе отырып  «Алаш алқасы» ғылыми-танымдық интеллектуалды жастар клубының кезекті жиынын өткізді. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2019

Үнсіз отырмай, халықтың алдына шығу керек - Бауыржан Байбек

Жаңартылған Партиялық бақылау комитетінің алғашқы отырысында Бауыржан Байбек партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының жұмысын қайта жандандыру аясында берген бірқатар тапсырмасы туралы айтты. Бір ай ішінде мәслихаттардағы партия фракциялары өңірлік даму бағдарламаларының орындалу барысын тексеріп, бұл туралы жұртшылықты хабардар етулері тиіс. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 26 Қыркүйек, 2019

Еліміздің бірқатар қаласында тағы бірнеше инклюзияны қолдау кабинеті ашылады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Нұр-Сұлтан қаласындағы №71 мектеп-лицейде ашылған инклюзияны қолдау кабинетіне арнайы барып, аталған бағыттағы жұмыстармен танысты. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2019

Саяжайлықтар үшін жаңа көпірлер салынады

Талдықорған қаласында «Қызылтас» саяжайы аумағында Қаратал өзені арқылы өтетін екі көпір салынбақ. Дәл осындай өтінішпен саяжайлықтар облыс әкімі Амандық Баталовқа өтініш айтқан болатын. Мәселенің шешімі көп күттірген жоқ. Биылғы жылдың желтоқсан айына дейін жобалау жұмыстары аяқталады. Барлық қажетті процедуралар аяқталған соң келесі жылдың көктемінде құрылыс жұмыстары басталмақ. Жоспар бойынша жұмыс 11 айға созылады. Бұл туралы өңірдегі құрылыстар жобаларының таныстырылымында айтылды деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Саясат • 26 Қыркүйек, 2019

Қазақстан елшісі Пәкістан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Пәкістандағы елшісі Ақан Рахметуллин Пәкістан Президенті Ариф Алвимен сенім грамоталарын тапсырды деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қоғам • 26 Қыркүйек, 2019

Дәрігерді қай кезде үйге шақыра аласыз

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Маңғыстау филиалы әңгімелеп берді.             

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2019

Орталық Азия БҰҰ ІІ Халықаралық моделінің ашылуы өтеді

Ертең Назарбаев орталығының ғимаратында Жастар жылына арналған Орталық Азия БҰҰ ІI Халықаралық Моделінің ашылуы өтеді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Үкімет • 26 Қыркүйек, 2019

Асқар Мамин XII Kazenergy Еуразиялық форумының ашылуына қатысты

Премьер-Министр Асқар Мамин XII Kazenergy Еуразиялық форумының «Энергия көздерінің болашағы: инновациялық даму» пленарлық отырысына қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.