Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2019

Айқын бағыт ақ жолға бастайды

Халықтың сенімді өкілі болған соң ел ішіне жиі барып, қарапайым адамдармен кездесіп тұрамыз. Әңгіме барысында олардың айтқан ой-пікір, өтініш-тілектерінен қоғамда болып жатқан оқиғалардың жақсы-жаманды сипаттарын анық байқап отырасың.

Руханият • 06 Қыркүйек, 2019

Алтай сапары: «Ким» тегін іздеу жолында

Біз корейлер Алтайды ықы­лым замандардағы арғы ата-бабала­рымыздың отаны деп білеміз. Егер де адам баласының арғы тегіне оралу құлшынысы мен түйсігі (һоming instinct) тұрғысынан қарайтын болсақ, корейлердің түпкі тегі шыққан жер деп болжанған Алтай өлкесіне деген ықылас пен қызығушылық арта түседі. Оған қоса аталған өлкеге сансыз адамның ағылуына әкеліп соғар еді. Алайда Алтай бүгінде біз үшін аңыз-әпсаналарға ғана арқау болған, жетуі қиын шалғай өңір.

Руханият • 06 Қыркүйек, 2019

Қазақтан шыққан губернатор

Өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ халқы үшін қатал тағдырдың иі жібіп, жақсылықтың нышаны байқалды. «Халық жауы» ретінде атылып кеткен, елдің рухани көсемдеріне айналған бірқатар тұлғалар ақтала бастады. Ал 1955 жылдың жазынан Қытайдағы қандастарымыздың тарихи отандарына бет түзеген ұлы көші, әбден езгі мен қанау көрген әрі біржақты экспансияға ұшыраған мемлекет құрушы этностың бойына жаңа бір леп әкелгені рас еді.

Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2019

ForteBank-тің цифрлық кеңсесі ашылды

5 қыркүйек күні ForteBank Нұр-Сұлтандағы MEGA Silk Way ірі сауда-ойын-сауық орталығынан жаңартылған бөлімшесін ашты.

Қоғам • 05 Қыркүйек, 2019

Нұр-Сұлтанда екі құрылыс компаниясы жұмысшыларға 265 миллион теңге берешек

Нұр-Сұлтан қаласының екі құрылыс компаниясындағы жалақы бойынша берешек 265 миллион теңгені құрайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елорданың жекелеген кәсіпорындарындағы еңбек қатынастарының проблемалық мәселелеріне арналған кеңес барысында мәлімдеді.

Президент • 05 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы Қазақстан мұнай-газ саласының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, еліміздегі мұнай-газ кешенінің барша еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 05 Қыркүйек, 2019

Қазақстанда еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша 79 қылмыстық іс қозғалды

Мемлекеттік еңбек инспекторлары ағымдағы жылдың 7 айында 5,5 мың кәсіпорындарға тексеру жүргізді, оның барысында 7,9 мың еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша 79 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елорданың жекелеген кәсіпорындарындағы еңбек қатынастарының проблемалық мәселелеріне арналған кеңес барысында мәлімдеді. 

Спорт • 05 Қыркүйек, 2019

Әскери спортшылар әлем чемпионатына аттанады

Қорғаныс министрлігінің әскери спортшылары Ресейде 20-шы мәрте өткелі отырған бокстан әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тағайындау • 05 Қыркүйек, 2019

Нұрмұхамед Байғара «Айқын» газетінің бас редакторы болып тағайындалды

«Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарған әріптесіміз, белгілі журналист Нұрмұхамед Байғара бүгін «Айқын»  газетіне бас редактор болып тағайындалды. Nur Otan партиясының хатшысы  Әлібек Әлденей газет ұжымына бас редакторды таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Президент • 05 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті

Кездесу барысында Вагит Алекперов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. Олар мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.