Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2087 материал табылды

Қоғам • 29 Сәуір, 2019

Өндірістік жарақатқа жол бермейік десек...

Статистика жыл сайын елімізде жұмысшылардың өндірісте апатқа ұшырап немесе жарақат алып, мүгедек болып қалатынын көрсетеді. Демек, өндірісте қауіпсіздікті арттырып, адамдар өмірін сақтау – ең өзекті мәселе екені дау­сыз. Осы тұрғыда еліміздегі ірі жұмыс беруші саналатын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ соңғы 7 жылда өндірістік жарақатты жыл сайын орташа есеппен 1,5% деңгейінде төмендетуге қол жеткізуі бұл бағытта жетістік деп бағалаған жөн.

Президент • 29 Сәуір, 2019

Елбасы және Ассамблея: Татулық пен келісім жолы

Бүгін Бейбітшілік пен келісім сарайында­ Қа­зақ­стан халқы Ассам­блея­сының XXVII сессиясы өз жұмысын бас­тайды. Биылғы бас­қосудың негізгі та­қы­ры­бы – «Татулық пен келісім формуласы: бір­лік және жаңғыру». Осы оқиғаның алдында Қазақ­станның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев құрған қоғам­дық келісім мен жалпыұлттық бірлік­тің қазақстандық моделін тағы бір ойша саралап, түсіну­дің маңызы зор.

Президент • 29 Сәуір, 2019

Ел Президенті Шығыс Қазақстан жұртшылығымен кездесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің өңірлеріне жасаған үшінші жұмыс сапары Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған киелі топырақ, Алаш қайраткерлерінің ізі қалған қастерлі мекен – Шығыс Қазақстанда жалғасты.

Аймақтар • 25 Сәуір, 2019

Қаныш мұралары

Мемлекеттік Орталық музейде академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақтың ұлы ғалымы» атты көрме ашылды.

Туризм • 25 Сәуір, 2019

Гастрономиялық туризмнің төресі – ұлттық тағамдар

Бүгінде қызмет көрсету экономиканың барлық саласы мен қаржы жүйесін қамтиды. Қызмет көрсету түрлерін жан-жақты жолға қоюдың нәтижесінде бүтіндей бір ұлттық экономика қоржынын тоғайтып отыр. Мәселен, әлемнің 10-шы экономикасы шоғырланған Ұлыбританияда ішкі жалпы өнімнің 3/4 бөлігі осы салаға тиесілі. Осылайша, Біріккен Корольдік қызмет көрсетудегі әлемдік экспорттың 10 %-ын жүзеге асырып келеді.

Руханият • 25 Сәуір, 2019

Кітап көрмесі – көңіл көкжиегі

Кеше елордадағы «Көрме» орталығында «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Eurasian Book Fair–2019» ІV Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі бас­талды. Төрт күн бойы қонақтарын құшақ жая қарсы алуға дайын көрменің өтуіне Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мұрындық болып отыр.

Руханият • 25 Сәуір, 2019

Ел боламын десең, экраныңды түзе...

Биылғы жылдың ең жарқын жаңалығы, айтулы оқиғасының бірі де осы –«Кинематография туралы» заңның қабылдануы десек, артық айтқандық емес. Иә, бұған дейін тек «Мәдениет туралы» Заңның қосалқы бөлігі ретінде қарастырылып келген кино мәселелері енді өз алдына «енші» алып, дербес талап пен қағидаларын қабылдады. Әйтсе де, заң қабылданғанмен, қолданысында әлі де бірқатар түйткілдердің барын алға тартады киногерлер. Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей араласуымен күшіне енген аталған кино туралы құжаттың «бір қайнауы ішінде, толықтырулар мен өзгертулер кезек күттірмейтін мәселе» дейді мамандар. Осыған орай, ұлттық кинематографиямыздың ыстығы мен суығына қатар көніп, кино алаңында өлшеусіз өнер тудырып жүрген айтулы саланың кәсіби мамандарын редакциямыздың төріне ашық пікірталасқа шақырған едік. Кино туралы келелі ойларын ортаға салған мамандар елордамен шектелмей, Алматыдан да арнайы атсалысты. Дөңгелек үстеліміздің географиясы қос қаланы қамтығанмен, киногерлер пікірі негізінен бір арнада тоғысты.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

Жетісай – табиғаты әсем жер

«Туған жердің түтіні де тәтті» дейді халқымыз. Анық-қанық әрі дәл ай­тыл­­ған сөз. Турасын айтсақ әділ ба­ға. Мұны айтып отырғанымыз мы­нада: Мырзашөл деп аталатын кең байтақ жердің бір пұшпағы осы Жетісай ауданы. Мыр­зашөлдің етегі соноу Нұрата тау­ла­рына дейін жайылып жатыр. Сон­дықтан Мырзашөлдей тарихи атауы бар, Сырдариядай өзені, Шар­дарадай айдыны бар, климаты жылы, бау-бақшаға қолайлы жер Жетісай жер жәннаты емей немене?

Қоғам • 23 Сәуір, 2019

Ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер Хайдар Арыстанбекұлының туғанына – 100 жыл

«Адамгершілік – білім берудің алтын қазығы» деген сөздің түп мағынасы терең. Адамгершілік – рухани тәрбие. Ол адам бойындағы асыл қасиет. Бұл адамды мейірімділікке, Отанын, отбасын сүюге, елге адал қызмет атқаруға үйретеді. Біз халықтың нақыл сөзінен сусындаған, аталар сөзімен өсіп-өнген, даналар өсиетінен тәрбие алып, ұлылар өнегесіне тағзым еткен халықтың ұрпағымыз. Елге еңбегі сіңген, халқына қалтқысыз қызмет еткен, адамгершілігі мен парасаты мол азаматтың бірі – Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге мол үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ұстаз-ғалым, академик Хайдар Арыстанбекұлы болатын.

Қазақстан • 23 Сәуір, 2019

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы бірлескен мәлімдеме

2019 жылғы 21-23 сәуірде Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді.