Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Аймақтар • 06 Маусым, 2019

Қос өзеннің арнасы суға толды

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек, Ақжайық, Тасқала және Қазталов секілді төрт ауда­нын сумен қамтып, табиғатқа жан бітірген Киров-Шежін арнасының іске қосылған тарихи сәтіне куә болдым.

Руханият • 06 Маусым, 2019

«Абай» сахна жұлдыздарын жинады

Ташкенттегі Өзбек ұлттық академиялық драма театрының ұжымы көрермендер назарына қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаев туралы спектакльдің премьерасын ұсынды.

Руханият • 06 Маусым, 2019

«Мауглидің» адасуы

1936 жылдың қаңтарында ағыл­­­шындар өз ұлтының біртуар ақыны әрі көр­­­некті қаламгері, Англияның атынан бірінші болып Нобель сыйлығын еншілеген лауреаты Редьярд Киплингті соңғы сапарға шығарып салды. Қилы кезеңде туып, шытырман өмір кешкен суреткер «Жүз қайғының қақпасы» атты тырнақалды туындысымен-ақ әдеби ортаны таңғалдырып, аузын ашқызып, көзін жұмғызған еді. Оқырманды тол­ғандырып, ой-өрісін кеңітіп, көңілін байытқан, мұхиттың тұңғиық түбіндей мағынасы терең әңгімені жасы әлі он тоғызға да толмаған газет тілшісінің жазғанына жұрт сенерін де, сенбесін де білмей алғашқыда абдырап қал­ған. Таланттың жас талғамайтыны рас­ екен, белін бекем буып, проза­ жанрын­да бағын сынап көрмекке тәуе­­кел еткен жігіт шыншылдыққа, шы­­­мыр­­лыққа, астарлыққа құрылған ал­ғашқы шығармасымен-ақ әдебиеттің киелі табалдырығын құбылыс болып аттап, жұртты өзіне жалт қаратты. Жа­нартаулар атылғанда ғасырлар бойы жер қойнауында тығылып жатқан асыл қазыналар жер бетіне шығады екен ғой. Киплингтің «Жүз қайғының қақпасын» да дәл осындай ағыл-тегіл болып ақтарылған нөсер шабыттың же­місіне теңесек, шындықтың ауылынан алыстай қоймайтын шығармыз.

Руханият • 06 Маусым, 2019

Заманауи өнер: түсініксіз мейнстрим

Заманауи өнерден түсетін табыс криптовалюта саудасынан да жоғары десек, сенер ме едіңіз? Әлбетте, бұған бірден илана қоюыңыз екіталай. Десе де мына бір қызықты қараңыз, былтыр Лондондағы Сотбис (Sotheby’s) аукционында арт өнердің саңлағы Бэнкси «Шар ұстаған қыз» жұмысын 1, 04 млн фунтқа немесе 1, 4 млн АҚШ долларына сатқан. Артынша ол қашықтықтан жойылып, бұл перформанс концептуалды туындының бағасын 50%-ға жоғарылатып, картинаның құны 2 млн фунтқа өскен деседі.

Қазақстан • 05 Маусым, 2019

Дәурен Абаев Ораза айт мерекесімен құттықтады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Руханият • 05 Маусым, 2019

Сатира барда – шындық батыл

Жуырда Алматыдағы «Мерей» баспасынан жазушы, физик ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның «Жалғасы бар ұтыс» деп аталатын кітабы жарық көрді. Кітапқа бүкіл өмірін ғылым мен қаламгерлікке арнаған Мағрипа Шөжеғұлқызының соңғы елу жыл көлемінде жазған сатиралық туындылары топтастырылған.

Театр • 05 Маусым, 2019

Хамза театрында – қазақ өнері

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры Қазақстанның Өзбекс­тандағы жылы аясында Ташкенттегі Хамза атындағы ұлттық академиялық драма театрында «Мұңмен алысқан адам» драмасын ұсынды. Туынды авторы – белгілі драма­тург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Жұмат-Әлмашұлы, қоюшы режиссері – Қазақстанның халық әртісі Ерсайын Төлеубай.

Президент • 05 Маусым, 2019

Ағадан – ақыл, ініден – ізет

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркі тілдес мемлекет­тер ынтымақтастық кеңесінің ғұмыр бойғы Құр­­метті төрағасы мәртебесі берілгенін қырғыз жұрт­­шылығы да жылы қабыл алды. Солардың бірі­­мін.

Президент • 05 Маусым, 2019

Қ.Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.