
Руханият • 17 Мамыр, 2019
Ұйқасты ойлар, мағыналы ғибраттар
Телегей тарихи-шығармашылық еңбектерді туындатқан, адамзат тарихының түпқазық бастау көздерін тілдік, тарихи, генетикалық, этнографиялық, мифтік деректер негізінде байыпты зерделеген, романшылық өнердің хас шебері Қойшығара аға Салғараұлы тіліміздің магиялық, философиялық мүмкіншіліктерін шеберлікпен пайдаланып, ғибратты, парасатты ойларын ойшылдық пен сыншылдық көзқарас тұрғысынан суреткерлікпен жеткізеді. Бұл ретте оның «Ұйқасқа түскен ойлар» атты жыр жинағында (Астана, «Фолиант», 2019. 168-бет) ел, жер, ұлт, тіл, дін, тектілік, ізгілік, заман, жаһандану жайлы шынайы толғаныстары шыншылдығымен өзгешеленеді.
Руханият • 17 Мамыр, 2019
Қазекем өмірге ұл келсе, «қойшы» келді деп сүйінші сұрап жататын. Сол ырымды ұстанған Қойшекеңнің ата-анасы Алланың ұл бергеніне шүкіршілік жасап, аман-есен қарайып жүрсе екен деп баласының есімін Қойшығара қойған секілді. Олардың үміті ақталып, Қойшекең алдымен жас та болса ауыл азаматы қатарына қосылды. Одан соң университет бітіріп, танымал журналист болды әрі жазушылықты қатар игере жүріп, біраз кітаптың авторы да атанды.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2019
Елорда төріндегі форумда экономикалық өрлеуге ықпал ететін негізгі факторлар талқыланды
Кеше елордада ХІІ Астана экономикалық форумы басталды. Биыл «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар және экономикалар» деген тақырыпты арқау еткен халықаралық форумның пленарлық отырысына Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Руханият • 16 Мамыр, 2019
Руханият • 16 Мамыр, 2019
Руханият • 16 Мамыр, 2019
Қазіргі әдебиетті қалай зерттемек керек?
Әдебиет теориясында таласты-тартысты пікірлер мен қайшылықты көзқарастар болуы заңды. Теориялық ой-пікірлердегі таластар әр кезеңнің тарихи-мәдени жағдайлары мен әдебиеттанушылардың дүниетанымдық қырларына байланысты. Бұл нені көрсетеді? Бұл әдебиеттің барлық дәуіріне жарай беретін қатып қалған теорияның болмайтынын көрсетеді. Әдебиет теориясы жаңа кезең бастамаларына сәйкес өзіне дейінгі теориялық қағидаларды мансұқтап та отырады.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2019
Халықаралық терроризм, экстремизм, есірткі бизнесі, әлеуметтік, этникалық, конфессияаралық қарама-қайшылықтардың асқынуы, трансұлттық қылмыс, су ресурстарының тапшылығы сияқты Орталық Азияның өзіне тікелей тән сын-қатерлер Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірді. Ол қатерлер әлі де толық сейіле қойған жоқ. Демек, таңымыздың тыныш атуы, кешіміздің бейбіт батуы жолындағы мылтықсыз майдан да жалғаса беретін болады. Біз бұл жолы көзге көрінбейтін сол майданның бір сардары жөнінде әңгімелемекпіз.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2019
Жас кезімде көнекөз, кәріқұлақ қариялардан естіген мына бір әңгіме есіме жиі түседі.
Қоғам • 15 Мамыр, 2019
Жүз жылдық тарих. Бір ғасырды қамтитын уақытта қазақ халқы небір аумалы-төкпелі кезеңдерді басынан өткерді. Осынау жүз жылдағы әрқилы оқиғаларды, басты мәселелерді «Egemen Qazaqstan» газеті халықпен бөлісіп отырды.
Экономика • 14 Мамыр, 2019
Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру – уақыт талабы
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басты міндеттерінің бірі – цифрландыру. Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті Жолдауында аграрлық секторды жаңа технологиялық деңгейге көтеру, өсімдікті қорғау құралдары мен минералды тыңайтқыштарды енгізудің озық жүйелеріне, цифрлық технологияға өтудің қажеттігі атап өтілген болатын.