Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21557 материал табылды

Тұлға • 26 Шілде, 2023

Аспан перзенті

– Тоқтар аға, америкалық астронавт Джон Гленн 77 жасында ғарышқа екінші рет ұшып, әлемдік рекорд жаңғыртты! Ендеше, сізде де әлі де бір тәуекел бар ғой... – деп әзілдесем, ол кісі әдеттегідей:– Енді не істеп жүрсіңдер, дайындалыңдар, қимылдаңдар, қаражат жинаңдар... Мен әрқашан да дайынмын! – деп жарқылдай күледі. Өзіне ғана тән күлкі. Халыққа таныс сол шуақты да жайдары күлкі. «Голливуд жұлдыздарының күлкісі» Тоқтар ағамның жан жадырататын бір ғана жымиғанының жанында арқан есе алар ма екен? («Ер Тоқтар» кітабынан)

Мәдениет • 26 Шілде, 2023

Мемлекетшілдік пен ұлттық бірегейлік

Бүгінде еліміздің ұлттық-мемлекеттік құрылысының бағыты айқындалды. Мемлекеттік деңгейде қабылданған бағдарламалар тарихқа деген жаңа да әділетті көзқарасты қалыптастырды. Ұлттық-мемлекеттік идеологияның басым бағыттары әлемдегі және өңірдегі түрлі сын-қатерге байланысты қайта пысықталып жатыр. Қоғамда мемлекеттік тарих пен идеологияны белсенді насихаттау ісі жолға қойылып келеді.

Тұлға • 26 Шілде, 2023

Даралық пен даналық

Есім-сойы елге танымал ерен тұлғалардың қатарына отандық химия ғылымы мен білімінің негізін қалаушылардың бірі, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, академик Қ.Сәтбаев атындағы сыйлықтың лау­реаты Зейнолла Молдахметов лайықты енеді.

Жастар • 26 Шілде, 2023

Жастар жолы: Азаматтық. Бірегейлік. Жасампаздық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 14 қарашада «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенді өкілдерімен кездесуде: «Қазақстан азаматтарының, әсіресе жастардың еңбекқорлық қағидатын ұстануы маңызды. Қазір заман басқа, яғни маңызды шешімдердің уақыты, серпіліс жасайтын сәт. Біз мамандар іріктелетін, сәйкесінше уақыт өте келе мемлекетті басқару жауапкершілігін арқалай алатын өте қабілетті адамдар шығатын ашық қоғамға қарай қадам басып келеміз. Елімізге белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында», деп өзекті ой тастаған еді.

Денсаулық • 26 Шілде, 2023

Күн сәулесі адам терісіне теріс әсер етеді - ғалымдар

Биоинженерлердің зерттеу жұмыстарына зер салсақ, тым көп ультракүлгін сәулесінің әсерінен жасушалардың жойылу ықтималдылығы жоғары.

Технология • 26 Шілде, 2023

Адамзат революциясын белгілеген ұялы телефон қоңырауы

50 жыл бұрын америкалық инженер Мартин Купер ұялы телефонды ойлап тапты. Қазір ұялы телефонды екінің бірі пайдаланады.

Қоғам • 26 Шілде, 2023

Өркендеу индексі

Жаһанның өркендеу барысы кейінгі үш жыл қатарынан тоқырап тұр. Оның басты себебі – дүниежүзі елдерінде демократиялық үдерістердің нашарлауы. Бұл туралы британдық тәуелсіз Legatum институты 2023 жылғы Өркендеу индексінде (Prosperity Index 2023) жариялады. Әлемнің 167 мемлекетін және 99 пайыз халқын қамтитын аталған индекс 2006 жылдан бері жүргізіліп келеді. Қазақстан 2013 жылғы 84-орыннан көтеріліп, 2023 жылғы индексте 69-орынға жайғасты.

Қоғам • 26 Шілде, 2023

Орманшының құзыреті неге төмен?

Шілденің басындағы төрт күн демалыс кезінде орман алқабындағы бейбастақ әрекеттердің куәсі болдық. Толықтырып айтар болсақ, «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесінің Қаратау бөлімшесінің аумағына екі көлікпен кірген адамдардың Шоқпарлы ата бейіті тұсындағы Үшөзен аңғарынан тыйым салынған әдіспен балық аулап жатқаны туралы мәлімет түсті.

Денсаулық • 26 Шілде, 2023

«Бала жолдасына» бейжай қарамайық

Ел аузында бала жолдасының тылсым құпияға толы жаратылысы туралы әңгіме көп. Түркі жұрты «бала жолдасының» қасиетін ерте кезден білген. Оны сонымен қатар «баланың иесі, есі, жады» деп атаған. Себебі баланың жолдасы бала есейген кезде оның рухани серігі болады екен. Сол себепті оған бейжай қара­маған. Аяғы ауыр келіндерді бойында емшілік қасиеті бар апа-әжелерге ғана босандыруға рұқсат беріп, шарананың кіндігін кестірген. Ал баланың жол­дасын көмген. Ал бүгінде қазақтың құрсақ тәрбиесі мәдениетін, босандыру рәсімін білмейтін кездейсоқ адамдар перзентханада жұмыс істеп жүр.

Әдебиет • 26 Шілде, 2023

Мұхтар Әуезов мәтінінің астарына бойлау

Танымал қаламгер, талантты әдебиет сыншысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, әдебиетші Әмірхан Меңдекенің «Жалғыздық, сені қайтейін...» (Алматы: «Қайнар» баспасы, 2022 – 384 бет) деген көлемді еңбегіндегі М.Әуезовтің шығармалары туралы жазылған үш мақаласы қазіргі мұхтартанудағы өзекті мәселелерге, күрделі тақырыптарға арналған.