Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21557 материал табылды

Қоғам • 26 Шілде, 2023

Жұртшылық өтініші бақылауға алынады

Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембинов Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болды.

Қоғам • 26 Шілде, 2023

«Арлы адам – ең күшті адам»

Таяуда киелі Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанды адал адамдар құрады» деді. Бұл ұлттық саясаттың жаңа бағытының арқауы мен негізгі тірегін көрсетеді.

Есірткі • 25 Шілде, 2023

Қостанайда Kinder-ге жасырылған есірткі табылды

Қостанай облысының полицейлері Ресей азаматынан Kinder-ге жасырылған есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлем • 25 Шілде, 2023

Данияда да Құран өртенді

Данияда наразылық білдірушілер Ирактың Копенгагендегі елшілігінің алдында Құран кітабын өртеп жіберді. Бұл туралы Reuters хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Медицина • 25 Шілде, 2023

Қазақстанда екі мыңға жуық бала қызылша жұқтырған

Биыл 2 мыңға жуық бала қызылшамен ауырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 25 Шілде, 2023

Агросала Айбыны алпыста

Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек. Осы жолдар адамды бір көргеннен жақын тұтып, жанына тартып, үйіріп әкететін көпшіл де бауырмашыл, адал да ақжүрек жігіттер қатарына жататын, бүгінде өмірдің алтыншы белесіне аяқ басқан Айбын Әдепханұлына арналып айтылғандай. Хакім Абай «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өсиетсөз қалдырғаны да осы Айбын Әдепханұлы тәрізді дарқан мінезді, нардың да, бардың да жүгін тік көтеріп кете беретін айтулы азаматтардың сойын мегзеген болар. Ол мақтау мен мадаққа еш мұқтаж емес. Оның атына бізсіз де әр тараптан ақ адал алғыс, жақсы лебіз, жылы пікір айтушылар көп екені белгілі. Біз шәкірттері ретінде бірауыздан азамат ерге деген шынайы ықыласымызды, оның өзіміз куә болған істерін паш етуді жөн санадық. Бұл – шәкірттер көкейіндегі риясыз ой.

Таным • 25 Шілде, 2023

Қолы алтын хирург

Мына дүрбелеңге толы шетсіз-шексіз дүниенің жаймашуақ сәттерінің бірінде бейтаныс кісілермен дидарласып, содан тіпті бір-біріңді көптен білетін адамдай тез тіл табысатын жандар болады емес пе? Оның бірі есіңде қалса, ал екіншісі аққан жұлдыздай із қалдырмай ұмыт қала береді. Әрине, бұл да табиғаттың адамға берген бір қасиеті болар. «Жылқы кісінескенше, кісі сөйлескенше» деген. Ойлап отырсақ, расында, сұхбаттасушыны сөз саптауынан, пайым-пікірінен қас пен көздің арасында танып-білуге болады екен.

Қоғам • 24 Шілде, 2023

Сайлаушылар талап-тілегі – басты назарда

Мәжіліс депутаттары өңірлерге сапары аясында тұрғындармен кездесіп, халықты толғандырған өзекті мәселерді талқылап, сайлаушылардың талап-тілегін тыңдауда. Мысалы, депутат Жұл­дыз Сүлей­менова Ақтөбе, Абай және Ұлытау облыс­тарын­дағы ауылдарға барып, құрылысы кенже қалған мектептер мен стратегиялық нысандарды аралады.

Таным • 24 Шілде, 2023

Cурет

Еліміздегі ең биік шың туралы алғаш рет қалам тартқаныма 40 жылдың жүзі болыпты. Ол 1981 жылдың 12 қыркүйегіндегі «Лениншіл жас» газетінде шыққан шағын мақалам еді. Содан бері әрәдік түрлі басылымдарда Аспантау аясындағы оның ерекшеліктері, оған аяқ басқан алғашқы саяхатшылар мен зерттеушілер және 7 010 метрлік биіктікке ие бұл мұз құрсаулы мұнараны тұңғыш бағындырған альпинистер хақында қадери-халімше 8 мақала жазыппын. Былай алып қарағанда, оларда бәрі де қамтылып, жеткілікті айтылған сияқты еді. Бірақ сөз етіліп отырған шыңның біз білмейтін құпиялары әлі де баршылық екен. Соның бірі санамызға ойда жоқта сап ете түскен: «Хан-Тәңірін алғаш рет суретке түсірген фотограф... Алып шыңның болмыс-бітімін әлемге тұңғыш жария еткен ол кім?» – деген сұрақ-тын.

Таным • 23 Шілде, 2023

Тамырлас топонимдер: Қостанай – Дөң (Дон) – Дунай

Аңдату Қостанай қаласының төл то­понимі туралы өзегі мен өрісі бір-біріне ұқсас болып келетін көпте­ген пікір бар. Өйткені қалыптас­қан пікірлердің басым көпшілігі топонимикалық әпсаналарға сү­йенеді, сол себепті халықтық қа­ра­байыр этимологиялық таным тұрғысынан өрбіп, өрнек тауып отырады. Жалпы, этимологиялық таным кең білімпаздықты қажет етеді және тіл білімі ғылымы­ның бір саласы ретінде лингвист зерт­теушінің зейіндік өресі мен ғылыми зердесінің деңгей-дәр­гейіне тікелей байланысты.