Саясат • 05 Маусым, 2024
Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері
Қоғам • 04 Маусым, 2024
Қазақ – ежелден өзінің ен-таңбасы мен көк байрағын қасиеттеп, қастерлеп ұстаған халықтың бірі. Небір заманалардың тар жол, тайғақ кешу кезеңдерінде өз елінің таңбасы мен байрағын еш жауға бермеген, ешкімге де алдырмаған. Сол ұлы қасиет дарығын халқымыз бүгінгі күні өзінің Туын көтеріп, Елтаңбасын жарқыратып, Әнұранын шалқыта шырқап, төрткүл дүниенің төрт бұрышына, айдай әлемге танылып отыр.
Тұлға • 04 Маусым, 2024
Экологиялық педагогиканың ізашары
Халықтың жақсы сөзі бар: «Таулар алыстаған сайын асқары айбынды көрінеді». Тау тұлғалы адамдар өмірден озып, бақилық өмірге көшкен кезде, олардың бейнесі жүректе өшпейді, көз алдыңнан кетпейді. Сондай адамдардың бірі – белгілі қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық акмеология және Қазақ халық экология академиясының академигі Нұрғали Сарыбеков. Биыл ғалым-ұстаздың туғанына – 90 жыл. Біз жаңарған еліміздің экология құндылықтары мен осы бағдардағы әке еңбегін сабақтастыра зерделеуді жоғары білім саласының қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбековтен өтінген едік.
Пікір • 01 Маусым, 2024
Ұлттық құрылтайдың Атырау қаласында өткен жиынында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлт сапасын жақсартамыз десек, бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруымыз қажет. Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, дұрыс бағыт-бағдар беруі керек», деп жастардың тәрбиесіне ерекше назар аудару қажеттігін айтты.
Руханият • 01 Маусым, 2024
«Қайраткерлігін жазудың азабы мен қуанышы қатар жүретін күрделі жолымен үндестіріп жүрген санаулы қазақ қыздарының бірі – Сайраш Әбішқызы», депті жазушы Мағира Қожахметова. Шындығында солай. Мұны кейіпкеріміздің тағылымды өмір жолынан көреміз.
Тарих • 31 Мамыр, 2024
Түрік – этнонимнің сауатты атауы
Тарих сабақтастығы деген салмақты да салиқалы ұғым төл топырақ, туған тілден тамыр тартпаса, табиғилығын жоғалтып, жасанды түсінікке айналмақ. Осы орайда «түрік» және «түркі» атаулары ғылым дүниесінде, мәдени өмірде талқыға түскеніне біраз болды. «Түрік» секілді «ғұн»-ның да хун хунн, гун, хұн, т.б. бірнеше сыңары бар. Бұл мәселе бүгінге дейін ғылым қазанында қайнап қатуы жетпегенін аңғартады. Ендеше осыны қашан, қалай бірізге түсіреміз?
Зерде • 31 Мамыр, 2024
Айналасы тікен сыммен қоршалған, жарығы жоқ барактар. Әр жерде биік мұнарада винтовкалы атқыштар, жерде арпылдаған неміс овчаркалары мен қатыгез күзетшілер. Адам тұрғысыз ауыр жағдай, тұтқындарды айуандықпен жәбірлеу...
Руханият • 30 Мамыр, 2024
Акбар аға, Акбар Мәжитұлы. Бұл есім – аңызға айналған, миллиардтарды мойындатқан, Қытайдағы қазақтың Олжас Сүлейменові атанған, әр қазаққа таныс һәм қастерлі есім.
Көрме • 30 Мамыр, 2024
Ұлттық дәстүрді шетелге әйгілеген
Түркістандағы «Ұлы дала елі» орталығында ташкенттік қылқалам шебері Гүлмира Досыбекованың «Туған жерге тағзым» атты көркем туындылары көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Оған Өзбекстан, Ресей және еліміздің қылқалам шеберлері мен Түркістан қаласының зиялы қауым өкілдері қатысты.
Оқиға • 30 Мамыр, 2024
Шымкенттегі қоғамның қайнаған ортасы, өнер мен білімнің ордасы саналған Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-ға салтанатты іс-шараға барсаңыз, сізді ғимарат фойесінде «Қазығұрт» фольклорлық ансамблі сазды күймен қарсы алады. Қазақ дәстүрі мен тарихын сан түрлі сазды аспаппен құйқылжытқан «Қазығұрттың» тарихы да тереңде. Ол туралы бізге аға оқытушы, мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Ұлбосын Тәжібаева былай деп сыр шертті: