Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21575 материал табылды

Қоғам • 21 Ақпан, 2023

Әуежайда фармацевтикалық хаб құрылмақ

Астана әуежайы тез бұзылатын ауыл шаруашылығы және теңіз өнімдерін, сондай-ақ фармацевтикалық өнімдерді жинақтап тарататын мультимодальді хаб құруға ниетті. Тіпті оған автомобильдер мен оның бөлшектері де тартылатын көрінеді.

Тұлға • 21 Ақпан, 2023

Ер есімі ескерусіз қалмаса екен

Адамзат баласының басына төнген Екінші дүниежүзілік соғыс алапатының ащы зардабы әлі де халық жадында. Бүгінде қиын-қыстау заманның қасіретін еске алатын ардагерлер де азайды. Бірақ біз, кейінгі ұрпақ миллиондаған адам тағдырын қыршыннан қиған соғысты, жаумен жанкештілікпен соғысып асқан ерлік көрсеткен әкелеріміз бен аталарымызды жадымыздан шығаруға қақымыз жоқ.

Тұлға • 21 Ақпан, 2023

Тәуелсіздік жалаугері

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, аты аңызға айналған мәдениет ұйымдастырушысы, Үлкен террор құрбаны Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толды. Осы дата қарсаңында 2023 жыл Жүргенов жылы болып жарияланды. Мұндай шешімді түрк әлеміндегі ЮНЕСКО деп аталып жүрген Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы қабылдаған болатын. «Түрк мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту» (аббревиатура – осы атаудың түрікшесінің бас әріптерінен) мәселесін көздейтін бұл ұйымның құрылғанына биыл отыз жыл толады. Түркі елдерінің ынтымақтастығы арта түсуіне ықпалы жылдан жылға артып келе жатқан осы ТҮРКСОЙ-дың тұтас 2023 жылды қазақ қайраткері есімімен атауы бізге зор міндет жүктейді...

Елорда • 21 Ақпан, 2023

Көк түтінге қашанғы көмілеміз?

ХХІ ғасыр – экологияға айрықша мән беретін ғасыр. Табиғат байлығын шексіз пайдаланамыз деген ашкөздік пиғыл жаһандық апатқа алып келді. Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау мәселесі адамзатты толғандырып отыр.

Тұлға • 21 Ақпан, 2023

Орман шаруашылығының сардары

Әйгілі ақын Шал Құлекеұлы: «Алладан шыныменен жарлық келсе, Жұлдыз да жерге түсер аспандағы» демеп ме еді? Сол айтқандай, Қазақстанның батыс өлкесіне белгілі еңбек ар­дагері, асыл жар, абзал әке, ардақты дос, аға, әріптес Әдиет Ғабдош­ұлының фәниден бақиға озғанына да, міне, бір жылдан асыпты.

Тұлға • 21 Ақпан, 2023

Әбдімәлік Нысанбайұлы НЫСАНБАЕВ

2023 жылғы 21 ақпанда 86 жасқа қараған шағында Ұлттық ғылым акаде­миясының академигі, көрнекті ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері Әбдімәлік Нысанбайұлы Нысанбаев бақилыққа озды.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2023

Коммуналдық инфрақұрылымды жаңартатын кез

«Қыс – қатал сыншы». Бейқамдықты, қамсыздықты кешірмейді. Еліміздің орталық және солтүстік облыстарындағы Екібастұз секілді бірқатар қалада болған төтенше жағдайлар соның айғағы. Енді міне, көптің көмегімен стансаның қазандықтары мен жылу жүйелері ақауларын әупіріммен әзер жөндеп бәрін де қалыпқа келтіргендей сыңайдамыз. Біз қыстың осы бір сыны­нан сабақ ала алдық па? Бар гәп сонда...

Тұлға • 20 Ақпан, 2023

Ғылым, білім биігінде орны бар

Жұртшылық жақсы біледі, Құралбек Құлажанов – көрнекті ғалым, білікті басшы, жоғары мектептің іскер ұйымдастырушысы, ұлағатты ұстаз. Сексеннің сеңгіріне шыққан осынау мәртебелі мерейжасына ол отандық ғылым мен жоғары білім беру ісінің ірі өкілі ретінде үлкен жетістіктерімен келіп отыр. Химия ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының, Ұлттық инженерлік ғылым академиясының, Ұлттық жоғары мектеп ғылым академиясының, сондай-ақ бірқатар халықаралық ғылым академияларының академигі Құралбек Сәдібайұлының елге сіңірген еңбегі зор.

Тұлға • 20 Ақпан, 2023

Қайраткер Қабылбек

ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында болған күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезеңінде өмір сүріп, түркі-қазақ халықтарының болашағы үшін күрескен қайраткерлердің қызметін зерттеу, оның тұлғасына баға беру қай кезде де өзекті. Себебі тарихи тұлғалардың өнегелі қызметі жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуде аса үлкен маңызға ие. Сондықтан мемлекет және қоғам қайраткері, публицист Қабылбек Сарымолдаевтың мұрасын ғылыми айналымға тарту маңызды.

Тарих • 20 Ақпан, 2023

Батыста жарияланған тың дерек

Алаш тарихының Батыс елдеріндегі зерттелу тарихына үңіліп, жіті зерттеп жүргеніме біраз уақыт болды. Батыста жарық көрген көптеген еңбектерде Алаш қозғалысының тарихы, ұлт-азаттық қозғалысының негізін салған көшбасшылары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сынды зиялылар туралы дерек, мәліметтер жазылған. Батыс елдерінде жазылған, зерт­телген Алаш тарихына, жетекшілері мен мұраларына қа­тысты еңбектер Қазақстандағы әріптестерімнің және Алаш тари­­хына көңіл бөлетін жұртшылықтың да қызығушылығын туды­рар деген оймен, қолымдағы мәліметтермен бөлісуді жөн санадым.