Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Пікір • 17 Қараша, 2022

Жолаушы тасымалы жүйеге келсе

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуінде қоғамдық көлік саласындағы кемшіліктерді атап көрсетті. Әлбетте күн санап аумағы артып келе жатқан мегаполис үшін бұл көптен бері бас ауыртар мәселеге айналғаны мәлім. Бұл бағытта қаншама бастамалар қолға алынғанымен оң нәтиже байқала қоймады. Әсіресе көлік кептелісі жұрттың жүйкесін жұқартып отыр. Экология жанашырлары да бұған дабыл қаққалы қашан. Президент қала билігіне бұл мәселелерді оңтайлы шешуді тапсырды.

Саясат • 16 Қараша, 2022

Әділетті Қазақстан құру үшін қандай тұлға керек?

Қазақстандағы кезектен тыс прези­дент­тік сайлау 2022 жылдың 20 қара­шасына белгіленген-ді. Елімізде пре­зиденттік сайлауға қатысатын бар­лық кандидаттың аты-жөні бел­гілі болып, олардың сайлауалды штаб­­тары жұмыс істеп жатыр. Сай­лауға қатысатын халық та ен­дігі жерде кімге дауыс беру керек­тігін ойлас­тыра бастағаны анық.

Білім • 16 Қараша, 2022

Біліктілік пен кәсіби шеберліктің орны бөлек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында елімізде білім беру ісін жетілдіруді ең бірінші әрі маңызды міндеттердің қатарында атады. Президентіміз бизнес өкілдерімен кездесуінде елдегі білім беру жүйесін толықтай өзгертіп, техникалық кәсіпті игеруге көңіл бөлу керек екенін тапсырды. Мұхамед-Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқыту, білім беру үрдісі Президент тапсырмасы мен алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

Саясат • 16 Қараша, 2022

Бітімгерлік миссиясы

Алматыдағы Бітімгерлік дайындық орталығына Канада дипломаттары келді. Жұмыс сапары барысында Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алан Хэмсон мен әскери атташе екінші дәрежелі капитан Рональд Готье бітімгерлік миссияларға қатысу мақсатында әскери қызметшілерді дайындайтын орталықтың қызметімен танысты.

Саясат • 16 Қараша, 2022

Еңбекақы деңгейі байыпталды

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджеттік және ква­зимемлекеттік секторлардағы жалақысы төмен қызметкерлердің табысы бойынша жиын өткізді.

Саясат • 16 Қараша, 2022

Парламентаралық байланыс нығаяды

Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Лилиан Дариймен кездесті.

Саясат • 16 Қараша, 2022

Инфрақұрылымда проблема көп

Ақтау қаласындағы Абай атындағы Мәдениет сарайында сайлаушылармен кездескен Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев өңірдегі өзекті мәселелерге қатысты ойларын бүкпесіз жеткізіп, нақты ұсыныстарын айтты.

Саясат • 16 Қараша, 2022

Өңір экологиясына назар аударылды

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесу кезінде аймақтағы күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті мәселенің бірі – ауаның ластануына қатысты ойын ашық білдірді.

Саясат • 16 Қараша, 2022

Әлеуеті зор киелі мекен

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Түркістан қаласының жұртшылығымен жүздесу кезінде киелі мекеннің отандық туризмді дамытуда зор әлеуетке ие екенін атап өтті.

Саясат • 16 Қараша, 2022

Медициналық көмекке зәру

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Атырау облысында болып, Сарайшық ауылының дәрігерлерімен кездесті. Кездесуде ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің сапасы жайлы айтылды.