Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Саясат • 16 Қараша, 2022

Ұлттық мәдениетті сақтау – парыз

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттардың бірі Мейрам Қажыкен Алматыда тарих және мәдениет қызметкерлерімен кездесті.

Саясат • 16 Қараша, 2022

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Атырау облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

Ахмет Байтұрсынұлы • 15 Қараша, 2022

«Азаттық асылы – мәдениетте»

Ахмет Байтұрсынұлы ұлт қайрат­кері, қаламгер, ғалым ретінде қа­заққа не керек, соны көтерген, жа­­саған тұлға екені баршамызға белгілі. Ахаңның көптеген еңбегінде «мәдениет» ұғымы ұшы­расып, оны автор адамның таби­ғатты иге­ру үдерісімен, халықтың бос­тандығымен тығыз байланыстырады. Бұл, біріншіден. Жалпы, «Ах­мет Байтұрсынұлы және мәде­ниет» деген мәселеге келгенде, оған тағы да бір кеңірек қарауымыз керек. Ол Ахмет Байтұрсынұлының қазақ мәдениетінің жаңа бетін аш­қан тұлға екендігімен байланыс­ты мәселе.

Кино • 15 Қараша, 2022

Аяған еді аяулы

Осыдан он жыл бұрын Аяған Шәжімбаев туралы фильм түсіріп жүрген режиссер Дархан Қожахан бізді, Аяғанды жақын білетін адамдарды, жақын әріптестерін Кеңсайға апарып, басына құран оқытқызып, еске алу шараларын ұйымдастырған еді. Онысына мың да бір рахмет, әйтпесе топырақ жамылғанынан бергі 28 жылдың ішінде ешқайсысымыз жиырма сегіз сөз айтуға, не жазуға жарамаппыз! Ұят-ай! Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында сол жолы Аяғанды еске алу отырысы бол­ға­нына да қуанып едік. Бауырымыздың осы күндері 70 жыл­ды­ғына байланысты облыс орталығы Петропавл қаласы мен туған ауылында жоспарланып жатқан іс-шаралардың жа­қын­да­ғанынан еске түсіп жатқаны белілі.

Таным • 15 Қараша, 2022

Қайраткердің үйі музейге айналады

Сейітқали Меңдешев өзінің бар ғұмырын халқының бостандығы мен еркіндігі жолына арнаған ірі тарихи тұлғаның бірі. Ауылдағы қарапайым балықшы отбасында дүниеге келіп, жоқшылық тауқыметін көріп өскен Сейітқали өзінің зеректігімен оқуға түсіп, еңбекке ерте араласады.

Қоғам • 15 Қараша, 2022

Шекара қызметінің сарбаздары ант қабылдады

Бүгін ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің сапына алынған «Күз-2022» шақырылымының сарбаздары Отан алдында ант қабылдады. Аталған департаменттің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында өткен рәсімге 500-ге тарта сарбаз бен олардың алыстан ат арылтып жеткен ата-ана, туған-туыстары мен достары қатысты.

Саясат • 15 Қараша, 2022

Басым бағыттарды баяндады

Қазақстан Республикасы президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Маңғыстау облысына барып, Жанаөзен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейі ғимаратында сайлаушылармен кездесу өткізді.

Саясат • 15 Қараша, 2022

Ана мен бала өміріне – айрықша назар

«Ана мен бала өлімінің деңгейі ел медицинасының нақты бет-бейнесін көрсететін маңызды дерек болып саналады. Бұл мәліметтер мемлекеттегі өмір сүру деңгейінен де хабар береді». Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Атырау қаласында өткен жиында еліміздегі ана мен бала өлімі туралы ойын осылай жеткізді.

Саясат • 15 Қараша, 2022

Отбасы институтын жаңғырту маңызды

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Шымкент қаласындағы «АГФ Групп» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттың бағдарламасы таныстырылып, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.

Саясат • 15 Қараша, 2022

Бидай жеткізетін вагон тапшы

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен жүздесті. Ең әуелі кандидат Мұнайлы ауданында орналасқан «Сауқымбек» ұн тарту зауытының ұжымымен кездесті.