Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Саясат • 15 Қараша, 2022

Ашық азаматтық қоғам қажет

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен жемқорлыққа қатысты заңды қатаңдату қажет екенін айтты. Кандидат бұл ұсынысын Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысқан кезде ортаға салды.

Саясат • 15 Қараша, 2022

Жалынды жастар жетерлік

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының кезекті отырысында жастар белсенділері Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылады.

Қаржы • 14 Қараша, 2022

Теңге мен теңдік

Қаржы • 14 Қараша, 2022

Теңгені енгізудегі тегеурін

Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңында КСРО-ның іргетасы шайқала бастады. Мемлекет басындағы М.С.Горбачев саяси реформалар жасауға, өндірістік қатынастарды қайта құруға талпынғанымен, жағдай күннен-күнге күрделене берді.

Қоғам • 14 Қараша, 2022

Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларының тиімділігі

Үкімет жыл сайын жастардың болашағына серпін боларлық баянды бастамаларды ұсынып-ақ келеді. «Жастар жылы», кейінгі «Волонтерлер жылында» ғылым-білімге ұмтылған талапты жастарға қажетінше қолдау көрсетілгенін білеміз. Осы тұста жастарды тұрғын үймен қамтуға арналған «Елорда жастары», «Алматы жастары» сынды өңірлік бағдарламаның тиімділігі байқалды. Көп ұзамай бұл қатарға «Қарағанды жастары», «Әулиеата жастары», «Қостанай жастары», «Алатау жастары» қосылса, бірер аптада «Атырау жас­тары» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы әзірленгені туралы хабар тарады.

Қазақстан • 14 Қараша, 2022

Тұлға тұғыры

«Тұлғаны тарихи кезең тудырады» деген – рас сөз. Нұрлан Балғымбаев –Тәуелсіздік тудырған тарлан тұлға. Талай рет халықаралық кездесулерде шетелдіктердің оған сүйсіне де тамсана қарағанын көргенде ұлтым үшін қуанатынмын. Бой десең, бой бар. Ой десең, ой бар. Келбеті келіскен оның көзінен жанының сұлулығы да атой салып тұратын. Нәзік сұлулық емес. Сұңғыла сұлулық. Болмыс-бітім тұтас табиғи ақықтықпен көмкерілген оның бойындағы қуатты гармония Жайықтың толқындарындай асқақ көрінетін. Ең бастысы, адамға тән асыл қасиеттері еркіндік пен кеңдіктің символына айналып кеткен дала мен шексіздіктен бастау алып жатқанын жазбай танисың.

Қоғам • 14 Қараша, 2022

Жетпіс бесінде де еңбектен қол үзбеген

Кәсіпке деген адалдық жасқа қарамайды екен. Олай деуімізге негіз бар. Шымқаладағы Қапал батыр көшесінде Әлия есімді кейуана тұрады. Жасы жетпіс беске келсе де әлі ширақ, еңбектен қол үзген жоқ.

Таным • 14 Қараша, 2022

Ел қорғаған ер Жанатай

Таяуда Айыртау өңірінде сауапты бір шаруа қолға алынып, абыроймен атқарылды. Төл тарихымызды айқындау үшін маңызды қадам жасалды.

Саясат • 14 Қараша, 2022

Территориялық тұтастық – маңызды қағидат

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіндегі территориялық тұтастық туралы мәлімдемесін түсіндірді.

Саясат • 14 Қараша, 2022

Салтанат Тұрсынбекова: «Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау – менің өмірлік миссиям»

Президенттікке кандидат, құқық қорғаушы және қоғам қайраткері Салтанат Тұрсынбекова Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты жоюды өзінің өмірлік мақсаты деп есептейді. Бұл мақалада біз оның кім екені және неліктен елдегі әйелдер мен қыз-келіншектердің құқығын қорғауды мақсат тұтқаны туралы әңгімелейміз.