Таным • 18 Тамыз, 2022
Музейге тарту еткен жәдігерлер
Егемен қазақ елінің мәдени өмірінде өткен тарихымызды, мәдениетімізді көрсететін музейлердің рөлі ерекше. Халық арасында сақталған құнды мұрамыз, қолөнер бұйымдары, кітаптар, қолжазбалар қай заманда да өз маңызын жоғалтқан емес.
Қоғам • 18 Тамыз, 2022
City Mall сауда орталығының көлік тұрағына кіргелі жатқан едім, екі жас бала қолын бұлғап, «мына орынға тоқтаңыз» дейді. Әлгінде түсіне қоймадым. Жаныма жақындап келіп, жаны қалмай амандасты да, «Әйнегіңізді жуып берейік» деді. Олар шаруаларына кірісті. Біз де әңгімеге тарттық…
Қазақстан • 18 Тамыз, 2022
Әскери ойындардағы алғашқы жеңістер
Қазақстан Қарулы Күштері әскерінің кіл мықтылары Халықаралық армия ойындарының әскери-спорттық жарыстарында үздіктер қатарынан көріну үшін жарысуда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Саясат • 18 Тамыз, 2022
Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Түркістан облысы Сайрам ауданында жергілікті шаруалар, кәсіпкерлер және тұрғындармен кездесіп, ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелерге назар аударды, деп хабарлады жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.
Абай • 17 Тамыз, 2022
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
«Абайтану» пәні тек Абайдың шығармаларын ғана қамтып қоймай, сонымен қатар ертедегі өлең-жырлардан бастап, Қорқыт, әл-Фарабиден Дулат ақынға дейінгі айтылған ұлттық құндылықтарды да қамти отырып, ұлттық тілді, дінді, дәстүрді де оқытып жас ұрпақты елін, ұлтын Абайша сүюге тәрбиелейді.
Өнер • 17 Тамыз, 2022
Өресі биік өнертанушы Мәриям Ахметова туралы не білеміз?
Қазақ қыздарынан бірінші болып өнертанушы, зерттеуші ғалым атанған айрықша талант иесі Мәриям Мұқатайқызы Ахметова 102 жасқа қараған жасында өмірден озды. Ғылыми шығармашылығы өнерсүйер қауымға үлгі-өнеге болған, бір ғасыр жасаған ғалымның табиғи болмысы, қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі ел есінде. Кезінде Мұқан Төлебаевтай ұлы композиторға жар болған Мәриям Мұқатайқызы Ахметованың жаны жәннатта, топырағы торқа болсын. Редакциядан
Білім • 17 Тамыз, 2022
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Әл-Фараби: «Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек», деген.
Ұлттық спорт • 17 Тамыз, 2022
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Тәуелсіздік алғалы бері ұмыт қалған дәстүрлі ұлттық спорт түрлері жаңғыру үстінде. Даланың төсін дүбірлеткен жауынгер халықтың бүгінгі ұрпағы да даланы аңсап тұрады. Ұлылығымыздың белгісіне айналған, халқымыздың мықтылығы мен тектілігін, мәдениеті мен мінез-құлқын танытатын ұлттық спорт ойындары кімнің болсын қанын ойнатып, өзінің ұлттық болмысымен қайта қауыштыратыны сөзсіз.
Таным • 17 Тамыз, 2022
Сонау көне замандарда халқымыздың күнделікті қолданысында болған тұрмыстық заттардың орнын бүгінде заманауи технология алмастырды. Десек те, халық мұрасын зерттеп, зерделеп, көпшілікке насихаттайтын музейлерде көненің көзіндей болған жәдігерлер көптеп саналады. Мен бүгін көне замандарда ұстаның басты құралы болған көрік жайында мағлұмат бере кеткенді жөн санап отырмын.
Саясат • 17 Тамыз, 2022
Қос ауданда өткен азаматтық қабылдау
Amanat партиясы Түркістан облыстық фракция мүшелері Жетісай мен Мақтаарал аудандарында азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдау кезінде жалпы 40-тан астам азаматтың мәселесі қаралды. Азаматтық қабылдауға облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, депутаттар Нұралы Әбішев, Талғат Қаржауов, Тимур Қырықбаев, Ұлжанат Жұрымбетова, Ойрат Мамиров, Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек және жауапты сала басшылары қатысты.