Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21585 материал табылды

Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022

Иманды елдің іргесі мығым

Ұлтына, дініне қарамастан планетадағы әр адам бір-біріне бауыр. Қазіргідей алмағайып заманда адами құндылықтардың жиі аяққа тапталатынын көріп жүрміз. Дін өкілдері саясаткер болмасақ та шиеленіскен жағдайдың бейбіт түрде шешілуіне ынталымыз.

Саясат • 15 Қыркүйек, 2022

Дін әлемді қауіптен сақтауы қажет

Жаһанда әскери шығындардың көлемі артқан сайын, адамдардың да санасы уланып, соғыс туралы ойға жетелейді. Өкінішке қарай, қару-жараққа триллиондар жұмсалуда. Ал бұл шығындар шын мәнінде, әлемнің әртүрлі бөлігінде, әсіресе Африка елдерінде нан, суға зәру кедейлікке тап болған миллиондаған халықтың барлық әлеуметтік гуманитарлық мәселесін шеше алар еді.

Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2022

Рим Папасы және Қазақстан

Бүгінде Қазақ елі әлемге бүкіл­әлем­дік діни-рухани форум­ның орталығы ретін­де жақсы таныс. Қазақ халқына діни фанатизм мен төзімсіздік жат ұғым. Біз әлемге толеранттылығымызбен, ұлтаралық, дінаралық келісім мен диалогті сақтауымызбен та­нылдық.

Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2022

Қай қырыңды айтайын, Ақантайым!

Зымыран уақыт Сені көзден тасалап, ортамыздан біржолата алыстат­қанына да талай жылдардың тізбегі өтіпті-ау. Мінеки, қоңыр күздің басынан-ақ азаматын қастерлеп, төбесіне көтерген жұртың Сенің де сексен деген белестің биігіне шығар қарсаңында өзіңсіз тойлай бастапты. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») табыстырған Жеті жетімнің түгел кезінде де, қайта оралмас кемеге мініп кеткен Оралхан мен Кәрібай­лардан кейін де мерейтойларың деп, басқа да себептермен өзің мақ­танышпен сар даласын, қырат-қырқаларын талай көрсеткен Жаңаарқаңда дүбірлі думан өткізіпті. Ел болып, Алматы, Астанаң әлі тойлар. Өйткені халқың Сенің қыруар еңбегіңді, өзіңнің қадір-қасиетіңді бағалай білген, бағалай береді де.

Әлем • 14 Қыркүйек, 2022

Путин ІІ Елизаветаның жерлеу рәсіміне шақырылмай қалды

Ресей Ұлыбритания патшайымын соңғы сапарға шығарып салуға қатыспайды. Өйткені ел президенті мен Кремль өкілдері патшайыммен қоштасу рәсіміне шақырылмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 14 Қыркүйек, 2022

Қордың көмегі қомақты

Болат Өтемұратов қоры Қостанай облысы Әулиекөл ауданының орталық ауруханасының базасында инсульт орталығын құруға және қондырғылармен қамтуға 1 млрд теңге бөледі. Ал алапат өрт кезінде баспанасынан айырылған отбасылар 1 млн теңге көлемінде атаулы көмек алады.

Пікір • 14 Қыркүйек, 2022

Ендігі үміт – Үкіметте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған барлық мәселенің терең сараланған негізі бар. Соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесіне нақты көңіл бөлініп, қордаланып жатқан проблемалардың шешілу жолдары айқындалды.

Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2022

Азаматтық құндылықтың маңызы

Ежелгі қоғамға да, қазіргі қоғамға да тән қайшылықтардың бірі – либералдық және дәстүршіл көзқарастарды жақтаушылар арасындағы идеологиялық тартыс. Ғылыми еңбектерде бұл конфронтация әдетте «жаңа – ескі», «модернизм – консерватизм», «реформалар – тоқырау», «өзгерістер мен дәстүрлер», «дәстүрлер мен модернизация» тағы басқа балама сөз тіркестерімен сипатталады. Бірақ қандай тілдік тіркестер қолданылса да, бұл бір жағынан қалыптасқан дағдылар, екінші жағынан оны өзгертуге ұмтылған жаңаның арасындағы қарама-қайшылықты білдіреді.

Пікір • 14 Қыркүйек, 2022

Қайтарылған қаржыға мектеп салынады

Мемлекет басшысы көтерген мәселелер қазақстандық­тарды енжар қалдырған жоқ. Осы тұрғыда «Жаңа Қазақстанның» негізгі ұғымында келешекте Президенттің жеті жыл мерзімге және қайта сайлану құқығынсыз таңдалуы жатыр деп ойлаймын.

Пікір • 14 Қыркүйек, 2022

Жолдауда жаңалық көп

Президенттің әр Жолдауынан жақсылық күтеміз. Халық, мемлекет үшін қандай жаңалық болар екен деп тапжылмай отырып тыңдаймыз. Бұл жолғы Жолдау да елді елең еткізді.