Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21585 материал табылды

Қоғам • 15 Қыркүйек, 2022

Бірлігіміз – берекелі қоғам бастауы

«Еліміздің басты құндылығы – адам» деп атап көрсетеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жақында халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында. Иә, біз адамдар болып мемлекет құрамыз, бұл – Қазақстан мемлекеті. Ұлт біріктіреміз, бұл – қазақ ұлты. Сонымен бірге, бүкіл Қазақ елі болып жұмыла жүріп, берекелі қоғам құрамыз. Ал бұл мақсатқа жеткізетін бірлігіміз болуға тиіс.

Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022

Бейбітшілік бастамасы

Дүниежүзілік және дәстүрлі дін басшыларының съезі – Қазақстанның аса маңызды бастамасы. Бұл – діндер және өркениеттер арасындағы шиеленістерді сабасына түсіруге себепші болатын дуалы ауыз дін басшыларын біріктіретін бірегей форум. Қазіргі әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы діннің, білім мен діни ағартушылықтың рөлі, бейбіт қатар өмір сүрудегі діни лидерлердің қосар үлесі тәрізді ортақ мәселелер негізінде құрылған диалог өзара ынтымақтастықтың келешегін кеңінен ашып, қазіргі заманның зорлық, фанатизм, экстремизм және лаңкестік тәрізді жағымсыз көріністерін еңсеруге түрткі болады.

Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022

Бірлікке жетудің басты құралы

Астана декларация­сын­да ЕҚЫҰ-ға қатысушы ел­дер ор­тақ құнды­лық­тар негізінде еуро­ат­лан­тикалық ай­мақ­та бөлін­бейтін қауіп­сіздік қауым­дастығын құру­ға ниет біл­дірді. Со­ны­­­­­мен бірге декларация дискримина­ция­мен және төзбеушілікпен күресу үшін қосымша күш салу қажет екенін атап өтті. Дек­ла­ра­цияда бейбітшілік мақсатымен диа­логті қолдау үшін бәрін жасау керектігі ай­тылған.

Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022

Дін өкілдері арасында алауыздық жоқ

Әлемдік дін көшбасшылары жиналған съезге қатысу – мен үшін үлкен мәртебе, Қазақстанның ғажайып жерінде, барлық этностың арасында өзара құрмет орнаған жерде болу – зор құрмет.

Пікір • 15 Қыркүйек, 2022

Киын кезеңдегі ұтымды қадам

Адамзат зор үміт күткен XXI ғасыр сол үмітті ақтай қоймағаны анық. Жер жаһанда бұрын-соңды болып көрмеген қарулы қақтығыстыр жаңаша өрши түсті. От қарудың ажалынан жан сауғалаған босқындар әлем елдерін кезіп кетті. Ол аздай дүние жүзін жайлаған тажалды індет еш майданнан кем болған жоқ. Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс та әлемнің мазасын алып тұр.

Пікір • 15 Қыркүйек, 2022

Діни білім негізі

Қазақстанда азаматтарға діни сенім құқықтарына байланысты зайырлы немесе діни білім алуларына жан-жақты мүмкіндіктер жасалған. Мемлекеттік білім беру бағдарламасында жастарға білім беру сапасын арттыруға арналған қолайлы бағыттары айқындалған. Діни білім алуға ниет білдірген жастарымызды діни адасушылық пен радикализмнен сақтандыру мақсатында бірнеше санаттағы орта, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім бағдарламалары қарастырылған.

Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022

Бесін намазына қатысты

Мұсылман әлемінің әйгілі дін ғұламалары ілім алған, талай діндарлар түлеп ұшқан әл-Азһар университетінің шейхы, Жоғарғы мәртебелі имам Ахмад ат-Тайеб кеше елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, бесін намазына қатысты.

Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022

Жаһандық деңгейдегі өркениетаралық диалог

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде сөз сөйледі. Жер-жаһан көз тіккен іргелі жиын дұға жасау үшін бір минуттық үнсіздіктен басталды. «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі» атты пленарлық отырысты ашқан Мемлекет басшысы Қазақстан үшін әлемнің ең құрметті рухани көшбасшыларын бірге жинап, диалог орнату үлкен құрмет екенін атап өтті.

Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022

Бірліктің алтын көпірі

Халықаралық институттардағы дипломатиялық қарым-қатынастардың босаңсуына қарамастан дінаралық байланыстардың маңыздылығын жоғары қоямыз. Ғылыми-технологиялық прогрестің дамуы барысында өркениетаралық қақтығыстардың жөнсіздігі айқын көрінеді.

Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022

Діни бостандық шектелмегені жөн

Халықаралық Парламентаралық одақ 1897 жылы құрылды. Біз парламенттік қызмет арқылы бүкіләлемдік келісімді қамтамасыз етеміз. Одақ адамзат алдында тұрған жалпы ортақ проблемаларды шешудегі негізгі түйткілдерді қарастырады.