Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19848 материал табылды

Қоғам • 31 Мамыр, 2022

Ғасыр жасаған атамен ғибратты кездесу

Алматы қалалық «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының Жетісу аудандық бөлімінде көрнекті ғалым, философия ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, КСРО Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қайраткері Досмұхамбет Кішібековпен кездесу ұйымдастырылды. Ғасырға жуық ғұмырында Қазақ елінің басына түскен біраз нәубетті көзімен көріп, олардан аман өткен абыз қарияның ұрпаққа айтар өнегелі естеліктері молынан екеніне ешкімнің де күмәні болған жоқ.

Тарих • 31 Мамыр, 2022

Мәңгілік аза жыры немесе зұлмат жылдар елесі

Соңғы бір ғасырдың ішінде хал­қымыз қаншама жан шо­шыр­лық нәубетті бастан кешті десеңізші: Он алтыншы жылғы дүрбелең, қызыл революция, колхоздастыру, аштық, үркін­шілік, отыз жетінші жылғы қан­ды репрессия, Отан соғысы, тың игеру, ядролық сынақтар...Осылардың бәрі түгілі, біреуінің өзі-ақ ұлттың омыртқасын үзіп есең­гіретіп түсірер алапат қасірет екені даусыз. Әйтсе де солардың ішіндегі ашаршылық нәубеті халқымызды бір­жолата тұралатып тығырыққа тіреген қанды шеңгел зұлмат еді.

Қоғам • 31 Мамыр, 2022

Ең бірінші кезекте ұрпақ қамын ойлайық

Өткен жылғы халық санағы елдегі халық саны 19 миллионға жеткенін және оның ішінде қазақтардың үлесі 70 пайыздан асқанын көрсетті. Статистика дерегіне сүйенсек, бұл «мың өліп, мың тірілген» қазақтың көптен күткен асыл арманы емес пе?

Референдум • 31 Мамыр, 2022

Мемлекетті жастар көркейтеді

Бүгінде еліміздің әр аймағында студент жастармен кездесулер ұйымдастырылып, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асатын конституциялық реформа кеңінен түсіндіріліп жүр. Осындай басқосулар кезінде ең жиі қойылатын сұрақтың бірі – «Жаңа Қазақстанның көшбасшы жастары қандай болуы керек?» деген сауал.

Референдум • 31 Мамыр, 2022

Саяси реформа несімен құнды?

Еліміздегі бүкілхалықтық референдумның өтуіне санаулы күндер қалды. Референдум – керекті іс-шара, халықтың үніне құлақ асып, пікірін ескеру мәселесі. Халықаралық тәжірибеде бар іс-шара. Конституциялық өзгерістер енгізу үшін референдум қажет.

Референдум • 31 Мамыр, 2022

Әділдік – халық тілегі

Референдум жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл жай ғана саяси іс-әрекет немесе уа­қыт­ты босқа жоғалту емес. Біз үшін алдағы бағыт-бағдарымызды айқындайтын сәт кел­ді.

Референдум • 31 Мамыр, 2022

Сенімділікке бастар жол

Президент Архиві – Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы саяси тарихының құжат­тарын сақтайтын мемлекеттік мекеме. Архивте еліміздің кеңестік кезеңінен Тәуелсіз Қа­зақ­стан тарихы аралығында орын алған саяси-әлеуметтік оқиғаларға қа­тыс­ты бірегей құжаттар кешені сақталуда. Осы құжаттардың қатарында 1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституцияның түп­нұсқасы да бар.

Референдум • 31 Мамыр, 2022

Тарихи маңызы жоғары

Тәуелсіз Қазақстан тарихында өткелі жатқан үшінші референдумның саяси және тарихи маңыздылығы жоғары. Демократиялық сайлаудағы дауыстар болашақ нәтижелерге қатысты саяси артықшылықтарға ауысып және сол нәтижелер легитимдікке ықпал етеді.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2022

Басты назарда – KAZCENT дайындығы

Қазақстанға БҰҰ-ның Бейбітшілікті қолдау операциялары депар­таментінің сарапшылары консультативтік сапармен келді.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2022

Кадр іріктеудің ашықтығын арттыру қажет

Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтің төрағалы­ғымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.