Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21589 материал табылды

Референдум-2022 • 08 Маусым, 2022

Жаңа қоғам құру жұмысы қыза түседі

Шанхай ынтымақтастық ұйымы тарапынан келген байқаушылар бес топқа бөлініп, Қазақстандағы конституциялық реформаның өту барысын барлады. Сайлауға келген халықпен пікірлесті, бақылаушылардың ойларын тыңдап көрді.

Референдум-2022 • 08 Маусым, 2022

Халық саяси реформаны қолдайды

Қазақстан Конституциясын реформалау мақсатында өткен жалпыхалықтық референдум барлық талапқа сай ұйымдастырылды. Халықтың саяси науқанға бел­сенділікпен қатысқанын көз көрді. Учаскеге келушілердің басым бөлігі Прези­дент айтқан Жаңа Қазақстан идеясын қолдайтыны айқын аңғарылып тұрды.

Референдум-2022 • 08 Маусым, 2022

Қазақстан – Еуроодақ үшін маңызды әріптес

Еуропалық одақ Қазақстанда 5 маусым, жексенбі күні өткен конституциялық референдумның нәтижелерін назарға алады. Бұл референдумда Қазақстан халқы елдегі демократияны нығайтуға бағытталған маңызды конституциялық түзетулерді қолдады.

Референдум-2022 • 08 Маусым, 2022

Бізді жақсы болашақ күтіп тұр

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық референ­думға бару арқылы Қазақ елін жаңа бағытпен, жаңа мақсатпен, жаңа ой-ниетпен, адалдық пен әділдік жолымен дамытуға бет алғаны анық.

Референдум-2022 • 08 Маусым, 2022

Демократиялық дұрыс қадам

Қазақстан халқы үшін 5 маусым өте маңызды күн болды. Барша қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып, таңның атысымен өз сайлау учаскесіне келіп, болашағымыз үшін дауыс берді. Жалпы демократиялық өзгерістерге дауыс беруді дұрыс қадам деп санаймын.

Қазақстан • 07 Маусым, 2022

«Көркем ұлы – бір туатын ғасырдың»

Мұхтар Әуезовтің болашағынан мол үміт күттірген сүйікті шәкірттерінің бірі Мүсілім Базарбаевтың өзі де бар ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнады. Бұл мақаланы отызында орда бұзған, көрнекті ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мүсілім Базарбайұлы Базарбаев ағамыздың ғибратты ғұмыры өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болар деген мақсатта ұсынып отырмыз.

Қазақстан • 07 Маусым, 2022

Әр қазақстандық мемлекетшіл болуға тиіс

Жаңа Қазақстан құру бағытында ұдайы ізденіс керек. Тек жекеменшікке құрылған, соны ғана қорғаған қоғамда әділеттілік болмайды. Бүгінде еліміздегі монополияны қайта қарау – осының дәлелі. Бұдан былай адамдардың не істеп жүргені, әсіресе биліктегілердің көшедегі «Сергек» немесе аквариумдағы балық сияқты барлық жағынан ашық көрініп тұратынын ескеру керек. Сондықтан әркім «ала жіпті аттамай», таза, адал, әділетті қалыпта жүргені дұрыс. Барша жұрт соған бейімделсе ғана әділетті қоғам орнайды.

Қоғам • 07 Маусым, 2022

Аралас неке – аз халықты жұтудың жолы

Қыз баланы шетелге оқыту дұрыс па? Олардың қаншасы ертең өз еліне оралады? Қаншасы өзге елдің азаматтарына тұрмысқа шығып, басқа елдің «диірменін» тартып, «шамын жағады»? Бұл – қыз өсіріп, оны шетелде оқытып жүрген әрбір азаматтың ойында жүрген ауыр сұрақ.

Аймақтар • 07 Маусым, 2022

Техникалық заттар сататын сауда үйі отқа оранды

Қызылорда облысында техникалық заттар сататын сауда үйі толығымен отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.