Қазақстан • 16 Наурыз, 2022
Шекара шебіне назар аудару қажет
Елдің шетінде, желдің өтінде тұрған ауылдар мен ұлттық мектептердің күрделі мәселелерін жедел түрде шешу қажет.
Қазақстан • 16 Наурыз, 2022
«Алтын» дисконттық картасын ұсынады
Ниеттестік бағдарламасының пилоттық жобасы шеңберінде 2022 жылғы 14 наурыздан бастап сатылымға «Алтын» дисконттық картасы шығарылады. Бұл Тальго жолаушылар пойыздары мен стандартты вагондарда 25% жеңілдікпен жүруге арналған.
Бизнес • 16 Наурыз, 2022
Бизнес-элита филантропқа айнала ала ма?
Қазақстандағы 2022 жылғы қаңтардағы қанды оқиғаның шығу себептерін жан-жақты сараптар болсақ, оның сан қырлы екені анық көрінеді. Бұл тұста экономикалық-әлеуметтік мәселелерден бастау алған, соның ішінде негізі жер қатынастарының дұрыс реттелмеуінен шыққан депрессивті ауылдардың мүшкіл жағдайы, табыстың аздығы, күннен-күнге ұлғайған жұмыссыздық, азық-түлік тауарларының қымбатшылығы, халықтың несиеге шаш етектен батып, оны төлей алмауы, жастардың білім алуы мен мамандығына орай жұмыс табу, баспаналы болу мәселелерінің күрделене түсуі секілді түйткілдерді айтуға болады.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2022
Батырларды ұлықтау – баршаның борышы
Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин мемориалды музейінің өкілдері Ақтөбе қаласына «Мәліктің рухы – халықпен» атты танымдық-тағылымдық экспедициясын ұйымдастырды. Экспедиция аясында Ақтөбе облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Мәңгілік елдің батырлары» және Мәлік Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектепте «Ер есімі ел есінде» атты салтанатты іс-шара өтті.
Білім • 15 Наурыз, 2022
Біліктілік тестілеу – сапалы білім көрсеткіші
Жақында ғана Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде педагог қызметіне алғаш кіріскелі тұрған мамандарға міндетті біліктілік тестілеуден өту талаптары туралы жазбасын жариялаған болатын. Жазбада жазылған жаға ұстар жағдайлар туралы сараптамалық пікірімізді білдіру мақсатында қолымызға қалам алуға мәжбүр болдық.
Қоғам • 15 Наурыз, 2022
Кепілдік берілген өтемді төлеу аяқталатын күн және талап етілмеген өтем сомасын БЖЗҚ-ға аудару туралы
Пікір • 15 Наурыз, 2022
Тергеу амалдарының нәтижесі барынша ашық болуға тиіс
Биылғы жылдың ақпанында біз, Мәжіліс депутаттары, Алматы және Алматы облысы, Қызылорда мен Семей қалаларындағы «Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде ұсталып, тергеу изоляторларына қамалған азаматтармен және олардың туыстарымен, адвокаттарымен жүздестік.
Пікір • 15 Наурыз, 2022
Көкейдегі сауалдарға жауап берілді
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында күш құрылымдары басшыларының есептері тыңдалды. Президенттің кезекті Жолдауының қарсаңында осындай шараның болғаны өте маңызды деп ойлаймын.
Пікір • 15 Наурыз, 2022
Оқиға салдары әлі талай талқыланады
Бас прокурор, ең алдымен, қаңтар оқиғасының бірінші кезеңінде полиция қызметкерлерінің, әскердің жауынгерлік қару қолданбауының себебі секілді маңызды мәселеге назар аударды.
Пікір • 15 Наурыз, 2022
Халық реформаларды билікпен бірге іске асыруға мүдделі
Қаңтар оқиғасы 30 жылдық тәуелсіздігімізде мемлекетімізге төнген ең үлкен қауіп болды. Бастапқы кезде облыстар мен ірі қалаларда көшеге шыққан азаматтарға қару қолданылған жоқ. Маңғыстауда бірде-бір әскери немесе арнайы жасақтар халыққа қару түгіл күш көрсетпеді, тек маңызды нысандарды қорғады және дислокация жасалған жерлерінде қозғалмай тұрды. Біз бұны өз көзімізбен көрдік. Ақиқатын айту керек мемлекет шерулер мен ереуілдердің бейбіт өтуіне толық мүмкіндік берді.