Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Қаржы • 08 Наурыз, 2024

Біліктілік еңбекпен келеді

Қаржы әлеміне жастайымнан қызықтым. Әуелгі білімді Ақтөбеде алдым. Кейін шетел асып, Оңтүстік Кореяның Сеуліндегі KDI School of Public Policy and Management-ті мем­лекеттік саясат мамандығы бойынша тәмамдадым. 2020 жылы UC San Diego Extension қаржы саласындағы бизнесті басқару бағдарламасын аяқтадым. POSCO Asia Fellowship және «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерімін. Бүгінде стра­тегия, статистика және қаржы саласында табысты еңбек етіп келе жатқаныма 14 жылдан асыпты.

Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2024

Мансап пен отбасыны тең ұстау өнегесі

«Караван» газетінен Еуропалық қайта құру және даму банкінің «кредит менеджерін іздейміз» деген хабарландыруын көріп қалып, көрсетілген нөмірге факс арқылы резюмемді жібердім. Қызық болғанда 240 үміткердің ішінен 8 адам өттік және сол банктің базасында кредит эксперті мамандығы бойынша білім ала бастадық. Онда тек оқып қоймай, жұмыс істеуге де мүмкіндік берілетін.

Пікір • 08 Наурыз, 2024

Ел бірлігінің ұйытқысы

Ұлт қыз-келіншектерінің, ұлт анасының мәселесі қазір аса көкейкесті. Бұл – Әділетті Қазақстанның елдік үлкен бір арнасы. Қазақ әйелі деген ұғымға елімізді мекендейтін барлық этностың әйел қауымы кіреді. Әлемдік аяда бұл дәл солай.

Басылым • 08 Наурыз, 2024

«Айқын»: Ақпарат айдынында – 20 жыл

Кезінде ақпарат кеңістігіне жаңа леп, тың серпінмен қосылған басылым «Айқын» газетінің шыға бастағанына 20 жыл толды. Бүгінде бүкіл ел көлеміне таралатын, өзіндік бет-беделі бар қоғамдық-саяси газеттің алғашқы саны 2004 жылдың 6 наурызында жарық көрді.

Таным • 08 Наурыз, 2024

Әлемдегі тұңғыш программист әйел

Августа Ада Кинг Лавлейс – «программалау анасы» және алғашқы машина алгоритмінің авторы ретінде тарихқа енген әйел. Тіпті халықаралық бағдарламаушылар күнін Аданың туған күніне байланысты бекіткен. Ол өз әріптесі Чарльз Бэббидждің есептеу машинасына арнап алғаш бағдарлама жазғандықтан, әлемдегі тұңғыш программист атанды.

Тарих • 07 Наурыз, 2024

Жазушының шығармашылық қазынасы

Көрнекті ақын, жазушы, драматург, публицист, педагог, психолог, сыншы, аудармашы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Айма­уы­тұлы 1889 жылы 8 наурызда Семей губер­ниясына қарасты Кереку уезінің Қы­зыл­тау болысын­дағы №1 аулында (қазіргі Павлодар облысының Баян­ауыл ауда­нын­­­дағы Жүсіпбек Аймауыт атындағы ауыл) дүниеге келген. Жер­гілікті адамдардың айтуына қарағанда, әкесінің азан шақы­рып қойған аты Оймауыт екен. Жазушының өзі: «Мен Сиыр жы­лы­ның аяғында (1890 жыл­дар) Қызылтаудың баурындағы Қара­ның адыры деген жерде Дәндебай ау­лында тусам керек. Руым Сүйіндік, соның ішінде Күлік. Айдабол мен Күлік бір туы­сады. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғырұлы – Айдаболдан. Екеуміз сегі­­зін­ші атадан қосыламыз. Қазақтың фольклоршы публицисі, ше­жіреші ақыны Мәш­һүр-Жүсіп Көпейұлымен жетінші атадан қосы­ламыз. Кереку уезі, Семей губер­ниясы», дейді.

Білім • 07 Наурыз, 2024

Көшбасшы болу оңай ма?

«Алты Алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» деп Мағ­жан Жұмабаев айтқандай, қазақ ұғымында ұстаздың орны бөлек. Бүгінде мәртебелі мамандық иелеріне жүктелетін жауап­кер­ші­лік­ жүгі ауыр. Әсіресе мектеп директорының жұмысы қиын. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, ата-аналардың көңілінен шығу, тұтас ұжымды басқару оңай емес.

Әдебиет • 07 Наурыз, 2024

Сәкеннің соңғы күндері

Тар жол, тайғақ кешуден тайсалмаған тұлға ақын, ірі мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің биыл 130 жылдығы. 28 жасында қазақ өкіметін басқарған жаңа бағыттағы әдеби дәстүрдің негізін салған ақынның өмірі небәрі 44 жасында «Үлкен террор» саясатымен қиылды.

Пікір • 07 Наурыз, 2024

Өзекті мәселені шешетін күш

Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында: «Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады», деген еді.

Жәдігер • 07 Наурыз, 2024

«Әдебиет танытқыштың» жоғалған беттері табылды

«Әдебиет танытқыш». Бұл – күллі Алаш баласына таныс атау. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсын­ұлының кесек еңбегі. Ғалымның сүбелі дүниесі 1926 жылы Таш­кентте жарық көрген. Қазақ әдебиеттануын­дағы іргелі де ізашар осы ғылыми туынды ту­ралы алаштанушы, ахметтанушы ғалымдар жиі жазған. Әсі­ресе А.Байтұрсынұлы ақ­талғаннан бергі 36 жыл­­­да ұлт ұстазының ұшан-теңіз мұрасына ден қою­шылар легі көбейгені белгілі.