Аймақтар • 28 Қаңтар, 2022
Үржар ауданының Көлденең ауылдық округіндегі «Юбилейный» ЖШС-і ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді. Серіктестік соңғы үш жылда ауданға 8 млн теңгеден астам инвестиция тартты. Мамырбек Қарашев жетекшілік ететін серіктестіктің 7 мыңнан астам гектар жерінің басым бөлігі егістік болса, 2 мың гектары – шабындық пен жайылым.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2022
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ардақты ақын, халқымыздың болмысы бөлек бірегей тұлғаларының бірі Кәкімбек Салықовтың туғанына тоқсан жыл толды. Осыдан он жылдай бұрын дүниеден озған айтулы азаматтың өзі жоқ болса да, өмірдегі ізі, сабырлы мінезі, ел дегенде елеңдеп тұратын елгезек қасиеті, жақынға жанашырлығы жадымнан өшкен емес. Қайта, жыл өткен сайын ол кісіні сағынып есіме жиі аламын.
Қазақстан • 27 Қаңтар, 2022
Бейбітшіліктен артық құндылық жоқ
«География елдің саяси мінезін қалыптастырады» деген теория бар. Оны америкалық жазушы, саясаттанушы Роберт Каплан The revenge of geography кітабында баяндайды. Оның тұжырымы бойынша географиялық орналасу жағдайы барлық елдердің саяси мінез-құлқы мен табиғатына күшті әсер етеді. Бұл тұжырыммен келіспеске болмас.
Ауыл • 27 Қаңтар, 2022
Еліміздің аса бір қасиетті де қастерлі аймағы – Сарыарқа. Ал осы Сарыарқаның Жаңаарқасында ата бабаларымыздың салт-дәстүрі мен мәдениеті ұрпақтан-ұрпаққа тамыр тартқан, қазаны ошақтан түспей қайнаған, бал қымызы қазіргі таңда брендке айналған, Сарысуы аққан сары даласында Түгіскен ауылы орналасқан.
Білім • 27 Қаңтар, 2022
Білім сапасын арттыруға арналды
Білім саласындағы аса маңызды міндеттің бірі – ауыл мектептерінің сапасын көтеру. Бұл мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев назарда ұстап отыр. Осы орайда өткен жылдың соңында Дүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамдары кеңесінің (WCCES) журналында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті Асқарбек Құсайыновтың «Оқушылардың білім сапасын арттырудағы ішкі резервтің рөлі» атты мақаласы жарияланғанын атап өту керек.
Қазақстан • 27 Қаңтар, 2022
Белгілі ғалым Сағат Жүнісбековтің жолы жастарға үлгі. Ғылымға ден қойған жанның болмыс-бітімі де ерекше болады. Оның жандүниесінің тереңдігі, кең ойлап, қысқа қайыратыны, сабыр мен төзімділігі, еңбекқорлығы бәрі-бәрі – ғылым жолын таңдаған адамға керек қасиеттер. Бұл оған өмір жолындағы қиындықтарды жеңуге көмектесті, көздегеніне жеткізді. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Механика және машина жасау» кафедрасының профессоры Сағат Жүнісбеков жайшылықта ғылымда қол жеткізген табыстары туралы айта бермейді.
Қазақстан • 27 Қаңтар, 2022
Жаңа Қазақстан құру – тәуелсіздікті нығайту кепілі
Президент «Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде халықты қырғыннан аман алып қалу мақсатында батыл қадам жасады. Егер теріс пиғылдағылардың жалпақ жұрт куә болған қанқұйлы әрекеттеріне қарсы шұғыл түрде қатал шара қолданбағанда, дәл бүгінгі таңда ел ішін бүлік билеп, бейкүнә бейбіт тұрғындар зардап шегіп, тәуелсіздігіміздің іргесі шайқалатыны сөзсіз еді.
Әлем • 26 Қаңтар, 2022
Қаланың ең шетінде орналасқан ауыл Сингапурдың өркениеті бұрын қандай болағанын анық көрсетеді. Қаланың Йио Чу көшесінен 300 метрге жуық жерде орналасқан елді мекен нағыз уақыт капсуласы секілді, деп жазады Egemen.kz bbc.news-қа сілтеме жасап.
Әлем • 26 Қаңтар, 2022
Сауд Арабиясының шөлінде қар жауды
Сауд Арабиясы дегенде көпшіліктің ойына бірден ыстық ауа – райы мен құмды дала елестейтін болар. Алайда, бұл құмды өлке жақында ғана қарға оранды, деп хабарлайды Egemen.kz cnn.com/travel-ға сілтеме жасап.
Әлем • 26 Қаңтар, 2022
Нидерландыда музейлер спорт кешеніне айналды
Нидерландыдағы музейлер мен театрлардың жетекшілері коронавирустық шектеулерге қарсы наразылық ретінде ғимараттарды уақытша шаштараздар мен спорт кешендеріне айналдырды, деп хабарлайды Egemen.kz bloomberg.com-ға сілтеме жасап.