Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21607 материал табылды

Әдебиет • 29 Желтоқсан, 2021

Тас жып-жылы. Жаз еді...

Жаздың соңы еді. 2018 жыл. Облыстар мен аудандарда тұратын жергілікті жазушылар топ-топ болып, көршілес өңірлерді аралағанбыз. Мақсат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау.

Руханият • 29 Желтоқсан, 2021

Ұстаздың ұлы келбеті – Ыбырай

Дәл осындай атаумен Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы және Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық академиялық кітапхана залында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, дала қоңырауы атанған ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ауқымды конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Коронавирус • 29 Желтоқсан, 2021

Сәбиімнің саулығы үшін вакцина салдырдым

Қазір екпенің саулыққа зәре­дей де зияны жоғын, қайта сау­лық үшін керек екенін екінің бірі біліп қалды ғой.

Президент • 29 Желтоқсан, 2021

Ресейге сапармен келуге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің бейресми саммиті аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021

Ғұлама

Өткен жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен ұлы ойшыл, адамзаттың екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы әлемдік деңгейде кеңінен аталып өтті. Ұлы ғұламаның осы мерейтойының біздер үшін ерекшелігі – Әл-Фарабиді әлем жұртшылығы толықтай қазақ жерінің, қазақ елінің тұлғасы ретінде толық қабылдауы. Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаев: «...Дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде өз мемлекеттерінің баға жетпес капиталы болып саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр», деген болатын. Осы орайда Әл-Фараби есімі қазақ елі үшін ұлттық бренд болып табылады. Осындай ұлы тұлғаны қазақ еліне, қазақ жеріне жеткізген, биыл туғанына 115 жыл толып отырған ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбекұлы Машанов еді.  

Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021

Ғалымның биік тұғыры

Бүгінде жастарымыздың кітап оқуға ықылассыздығы, жалпы қоғамдағы көркем әдебиетті тарату мен насихаттаудағы, оқу бағдар­ламаларындағы кемшіліктер туралы көп айтылады. Әрине, көркем шығарма мүлде оқылмайды деп ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Бастауыш мектептен бастап жоғары деңгейдегі докторантураға дейінгі білім сатыларындағы әдебиет пәніне қатысты дәрістерде көркем әдеби туындылар оқылады да, оқытылады да. Мәселе – оқылу-оқылмауында емес, оның қалай оқытылуында болса керек.  

Тарих • 28 Желтоқсан, 2021

Саяси қуғын-сүргін: Зерттеу мен зерделеу

Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде қазақ тарихына жаңаша көзқарас қалыптасты. Оның тамырлары 1989 жылы Мәскеудегі «Мемориал» қозғалысы үлгiсiмен құрылған Манаш Қозыбаев бастаған «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының жүйелі, тыңғылықты жұмысынан бастау алады. Осы жылдан бастап отандық ғалымдарымыз 1920-1950 жылдар аралығындағы ашаршылық нәубеті мен жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін жалпыұлттық деңгейге көтерді, 90-жылдары «архив революциясы» басталды, көптеген ғылыми диссертациялар қорғалды.  

Егемен Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2021

«Егеменге» жазылуды ұмытпаңыз

Құрметті оқырман, міне, 2021 жылдың да соңғы күндеріне келіп қалдық. Енді бірер күнде күнтізбелік жаңа  2022 жыл  есігімізден енеді.

Театр • 28 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздікпен құрдас қойылым

Тәуелсіздік!.. Бүгінде Еуропаның дамыған елдерінің тарихы мен өткеніне көз жүгіртсеңіз, азаттықтың хақ жолында қыршынынан қиылған қаншама тағдырдың ерлігіне, қисапсыз төгілген қанды оқиғаларға тап боласыз. Тарихтың тартылмаған қайнар бұлағына тамсанасыз. Тау тұлғалар тағылымына тағзым етесіз. Бұл жол – адамзат тарихына ортақ жол.

Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021

Хат тасушының қадірін кетірмейік

Өткенді аңсағандық емес, көргеннің көңілге қонатынын айтқанның ағаттығы болмауы керек. Қанша жерден күл шашып, күңкілдесек те кеңес дәуірінде адамға деген бір жылы қамқорлық бар болатын. Біреуге айтқан сөзің өтетін. Барсаң мәселең шешілетін. Білім ісі – елдік делінген. Бүгінгідей ақылы деген атымен жоқ еді...