Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21610 материал табылды

Қазақстан • 29 Қазан, 2021

eGov.kz-тің осал тұстарын анықтайды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлері электронды үкіметтің 50-ге жуық осалдығын жедел анықтап, жойды. Бұл туралы 10-нан астам елдің киберқауіпсіздік бойынша тәуелсіз зерттеушілерінің Bug Bounty ұлттық платформасын іске қосу қорытындылары бойынша белгілі болды.

Қазақстан • 29 Қазан, 2021

Қазақстан-Германия: Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барды. Делегация құрамына Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев, Қазақстанның ГФР-дағы елшісі Дәурен Кәріпов, сондай-ақ СІМ Инвестициялар жөніндегі комитеті, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Зерде» ҰИХ» АҚ басшылығы және т.б. кірді.

Қоғам • 28 Қазан, 2021

Келісімде келешек бар

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Текті аталардан ғасырдан ғасырға жалғасқан, тәлім мен тәрбиенің бастауы болған асыл дініміз Ислам бірлік пен бейбітшілікке үндейді. Ислам сөзі бейбітшілік деген мағынаны білдіреді. Исі мұсылман баласы бауырына сәлем берген сәтте «Әссәламу алейкум» деп, Алладан бейбiтшiлiк пен амандық тiлеп амандасады. 

Әдебиет • 28 Қазан, 2021

Махаббаттың мәңгілік дастаны

Шығыс шынарының бір дәніндей қазақ топырағында өсіп-өніп тамырын терең жіберген Абайдың әр сөзіне «ілініп», Шығысын міні еткісі келгендерге ұлы Мұхтар: «Осы жерде санаған ақын ішінде бүгінгі туысқан елдеріміз, кеңестік Шығыс: әзербайжан, тәжік, өзбек ақындарының классик үлгісіндегі қадірлі тобының ғана атын атап отырған жоқ па?» деген жауабы естеріңізде болар. Жазушының уәжі хакімді талағандарға тосқауыл болса да, бүгінгі түркі қауымдастығы үшін бұл бөліс Шығыс шынарларын өздерінің тек-тамырынан алыстатқаны анық.

Қоғам • 28 Қазан, 2021

Жақсылықтың жақсылығын айт

Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Егеменді еліміздің бастауында тұрған сол кездегі ел ағалары, бүгінгі ардагер-ақсақалдарымыз мемлекетіміздің, оның ішінде Тобыл-Торғай өлкесінің аяқтан нық тұрып, нығаюына, өркендеп дамуына, рухани жағынан кемшін қалмауына зор үлес қосты, әлі де қосып келеді. Солардың бірі – Рудный қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Жақсылық Кәкенов.

Қазақстан • 28 Қазан, 2021

Тіл – ұлттың ұяты

Қазіргі уақытта қазақ тілі ғылым мен білімнің тіліне айналып келеді. Күннен күнге мәртебесі артпаса кеміген емес. Әрине, заман ағымына қарай өзге тілдерді де білген абзал. Әйтсе де, ана тіліміздің абыройына нұқсан келтіріп алмайық.

Әдебиет • 27 Қазан, 2021

Ұлт ұранды ақын

Сұлтанмахмұт – сұрапыл ақын. Бұл біздің емес, әдебиетшілердің берген бағасы. Шынында да, 30 жасқа дейін ұлттың сөзін сөйлеп, көкейдегісін дөп басқан Алаштың аяулы ақыны – мақтан тұтарлық тұлға.

Тарих • 27 Қазан, 2021

Бақтыгерейдің беймәлім бейнелері

Алаш қайраткері Б.Құлмановтың бұған дейін белгісіз болып келген фотосы мен портреті хақында.

Руханият • 27 Қазан, 2021

Есірткісіз өмір – ғажайып!

Өмір – арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнамызды тауып ағу – менің  басты мақсатым. Ал өз мақсатыма жету  үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге қарсы тұруыма менің күшім жетеді. Өзімнің күшті жақтарымды көрсете аламын.

Руханият • 27 Қазан, 2021

Есірткісіз өмір – ғажайып!

Өмір – арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнамызды тауып ағу – менің  басты мақсатым. Ал өз мақсатыма жету  үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге қарсы тұруыма менің күшім жетеді. Өзімнің күшті жақтарымды көрсете аламын.