Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21617 материал табылды

Саясат • 20 Тамыз, 2021

Өңірлердегі өзекті жағдайлармен танысты

Сенат депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бақтыбай Шелпеков Маңғыстау облысында білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуға арналған бағдарламалардың іске асырылу барысымен таныс­ты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Саясат • 20 Тамыз, 2021

Үкіметаралық комиссия отырысы

Онлайн режімде Қазақстан – Біріккен Араб Әмірліктері бірлескен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысы өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Саясат • 20 Тамыз, 2021

Еуропалық Одақ өкілімен кездесті

Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Еуропалық Одақтың (ЕО) Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаламен кездесті, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.

Экология • 19 Тамыз, 2021

Осы күзде 48,2 млн түп ағаш отырғызылады

Экология министрлігі қолға ал­ған көгалдандыру жобасы аясында 5 жылда 2 млрд ағаш отыр­ғызу жоспарланған. Жоба бас­талғалы бері 81,5 млн ағаш егі­ліпті. Осы күзде тағы 48,2 млн ағаш отырғызылмақ.

Білім • 19 Тамыз, 2021

Дуалды оқыту жүйесі қалай дамып жатыр?

Қазақстан үшін дуалды оқыту – кәсіби білім берудің прак­тикалық және теориялық компоненттері біріктірілген маман даярлаудың жаңа түрі. Дуалды оқытудың басты мақсаты – өндірісте жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан түлекті даярлау. Басқаша айтқанда, алғашқы күннен бастап жұмысқа кірісіп, оны жоғары кәсіби деңгейде орындай алатын маман даярлау.

Саясат • 19 Тамыз, 2021

Өзара іс-қимылдың болашағы талқыланды

Ташкент қаласында (Өзбекстан) «Орталық және Оңтүстік Азияның өзара байланысы: алғышарттар, перс­пективалар, геостратегиялық маңызы» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Әдебиет • 18 Тамыз, 2021

Жүрек поэзиясын жазған ақын

Өлеңдегі әуен туралы сөз қозғағанымызға да бірталай уақыт болды. Уақыт пен кеңістіктің арасын жіпсіз жалғап тұрған жалғыз ұғым да осы әуен болса керек. Ақын өзі айтқысы келген ойдың ішінде әуен төгіліп тұрады. Оны есту түйсігі жоғары адамдар ғана тез аңғарады. Мексикалық ақын Октавио Пас бұл турасында өз көзқарасын былайша тарқатады: «Бір шумақ өлеңді түсіну үшін алдымен оны есту керек, естігенде құлақпен емес, сана түйсігімен естіген дұрыс. Әр өлеңнің әуені әртүрлі». Бұған біздің тараптан қосарымыз, кей өлеңнің әуенін қайта-қайта естуден жалықпайсың. Біздің әдебиетімізде әне сондай әуезді, сиқырлы жырлар жазған ақынның бірі – Мейірхан Ақдәулетұлы.

Қазақстан • 18 Тамыз, 2021

Өмірі көпке өнеге

Қазақстан Президент Архивінің қорқұрушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Сұлтан Жиенбаевтың туғанына биыл 100 жыл толады. Сұлтан Сүлейменұлы жайында жазуыма себепші болған ол кісіні осыдан бес жыл бұрын 95 жасқа келуіне орай Архив тарапынан құттықтап барған кездегі ізгі ниетпен айтқан сөздері, өнегелі, тәрбиелік мәні бар әңгімелерін естіп, жадымда сақтап қалғаным.

Тарих • 18 Тамыз, 2021

Ұлтжанды тұлға ұлағаты

Өзбекәлі сынды тұлғаны еске түсіргенде алдымен ойға қасиетті Тайқазан оралады. Өйткені тайқазан халқымыздың құтына айналған, тәуелсіздіктің символындай жәдігер бүгінде еліміздің мақтанышы. Ал осы Тайқазанның құт болып құйылғанына 622 жылдан асыпты. Тайқазан туралы аз-кем мәліметке көз жүгіртсек, әлемдегі ең үлкен қазанның жалпы салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр болады. Оған бейсенбі күні су толтырылып, тәтті араластырылып қояды екен. Келесі күні, яғни жұма намаздан кейін тәтті су жұртқа таратылған. Одан кейін бос қазанға әркім өзінің әкелгенін, яғни сау­дагер – тиынын, қасапшы – етін, аңшы – терісін, шаруа бидайын салатын болған.

Фотогалерея • 18 Тамыз, 2021

Ақмешіт әулие үңгірі

Назарларыңызға Egemen Qazaqstan газетінің фото-тілшісі Ерлан Омардың Ақмешіт үңгірінен жолдаған суреттер топтамасын ұсынамыз.  Табиғаттың тылсым құбылысы Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында орналасқан.