Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21617 материал табылды

Қазақстан • 27 Тамыз, 2021

Бейбіт әлем бастамасы

1991 жылдың 29 тамызында Пре­зидент Н.Ә.Назарбаевтың арнайы Жарлығымен Семей ядролық сы­нақ полигоны мәңгілікке жабылды. 2009 жылғы 2 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясы  қарар қабылдап, 29 тамызды «Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні» деп жариялады. 2015 жылғы 7 желтоқсанда аталған ұйым «Ядролық қарудан азат әлем құру туралы» жалпыға ортақ дек­ларация қабылдады. Адамзат баласының бейбіт өміріне, әлемдік қауіпсіздікке бірден-бір кепіл болып табылатын осы маңыз­ды құжаттардың бастамашысы Қазақ­стан және оның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екені БҰҰ-ның барлық тарихи құжаттарына таңбаланып, жазылды. 

Қоғам • 27 Тамыз, 2021

Журналистік ерлік

Жақында бас басылым – «Егеменде» белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Ақсұңқардың «Ер есімі неге ұмытылып барады?» мақаласы жарияланды (23.06.21). Үлкен журналист, қайраткер азамат Нұрмахан Оразбек туралы. Бұл мақала оқырмандардың бәріне де ой салған шығар-ау, ал сол ерекше тұлғамен жақын араласқан біздерге айрықша әсер етті.

Экология • 27 Тамыз, 2021

Сирек металдарға басымдық беріледі

Биыл сирек металдарды өндіріп, өңдеу саласын дамыту үшін құпияға жататын мәліметтердің ведомстволық тізімі қайта бекітілді. Оның қатарынан литий, цезий, галлий және тантал-ниобийдің баланстық қорлары қамтылған деректер алынып тасталды. Бұдан былай аталған табиғи қазбалар құпия мәліметке жатпайды.

Президент • 26 Тамыз, 2021

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері – мұнай-газ компанияларының басшыларымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Спорт • 26 Тамыз, 2021

Заманауи үстел теннисі орталығы салынуда

Жақында аймақ басшысы Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан­ның спорт кластеріндегі бірегей нысан – төрт қабатты үстел теннисі орталығының құрылысында болып, ғимараттың жағ­дайымен танысты.

Ғылым • 26 Тамыз, 2021

Университет дәстүрлі форматта оқытуға дайын

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің инфрақұрылымы студенттерді дәстүрлі оқыту форматында қабылдауға толығымен дайын. Бұл туралы университеттің басқарма төрағасы – ректоры Жасұлан Шаймарданов білім шаңырағының жаңа оқу жылына дайындығы туралы брифинг барысында айтты.

Қоғам • 26 Тамыз, 2021

Операторларының жалақысын екі есеге көтерді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыру жұмыстарын жалғастыруда. Жұмысшыларды ынталандыру мақсатында 1 шілдеден бастап мемлекеттік корпорация 1414 бірыңғай байланыс орталығы бөлімдері операторларының жалақысы бойынша кесімді-сыйлықақылы төлем жүргізу қанатқақты жобасын іске қосты. Оған Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы call-орталық бөлімдерінен 106 оператор қатысып жатыр.

Қоғам • 26 Тамыз, 2021

Мүгедектігі бар балаларға көмек

«Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын іске асыру аясында Қызылорда облысының Әйтеке би және Жалағаш аудандарында мүгедектігі бар балаларды әлеуметтендіру және өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған жобаларды іске асыру басталды.

Саясат • 26 Тамыз, 2021

Әрбір әлеуметтік мәселе – басты назарда

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев Алматы облысы Сарқан ауданына сапары барысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілген мәдениет сарайына барды.

Саясат • 26 Тамыз, 2021

Карантин режімі жеңілдетіледі

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.