Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21617 материал табылды

Саясат • 24 Тамыз, 2021

Қатармен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстан Премьер-Министрінің бірін­ші орынбасары Ә.Смайылов бастаған қа­зақстандық делегация Қатар мемле­кетіне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қоғам • 23 Тамыз, 2021

БҰҰ-да Семей сынақ полигоны жөнінде алғаш айтылған сөз

Семей полигонындағы ядролық сынақтар мәселесі алғаш рет 1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 45-сессиясында айтылды.

Өнер • 23 Тамыз, 2021

Мұстафа

Халыққа белгілі ғажайып ән «Бүркітбайды» білеміз де, ал оның иесі кім екенінен мүлде хабарымыз жоқ. Арқада классикалық әндердің туын тіккен Баянаулада бұл әнді әншінің әншісі дерлік үздік өнерпаздар шырқаған. Қазақ радиосының алтын қорында «Бүркітбай» атақты әнші Жүсіпбек Елебековтің орындауында сақталған. Бұл әншінің замандастары, кейбір шәкірттерінің репертуарында «Бүркітбай» әні жоқ. Орындалу мәнері өте күрделі кесек бітімді әнді игере алмаған болулары керек.

Тарих • 23 Тамыз, 2021

Дәстүрлі дала өркениетінің дәріпті ғылыми шежіресі

Ұлттық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың кез келген саласында іргелі жетістіктерге қол жеткізу үшін өз басым, ең алдымен, қазақ этнография­сын игерудің қажеттілігін айрықша атап айтар едім. Ғылымдағы, соның ішінде этнографиямен етене байланысты әдебиеттану, әсіресе, фольклортану салаларындағы жарты ғасырдан астам уақыт бойы жинақталған іс-тәжірибем осыны айғақтайды. Расында да, ұлтымыздың этникалық «жан дүниесінің» ғылыми негізделген түзіліс-моделі іспеттес қазақ этнологиясының (этнографиясының), әсіресе, оның тарихи саласының негізгі жетістіктерін зерделемеген әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар өкілдерінің тағылымды зерттеу жұмысын жүргізе алуы неғайбыл ғой.

Тарих • 23 Тамыз, 2021

Асылдың сынығы еді аңызы көп...

Өткен дәуірдегі Кеңес өкіметінің коммунистік идеологиясының құрсауынан құтылып, өз алдымызға егеменді ел болғалы, арғы-бергі тарихымызды таразылау үшін архивтерде буулы жатқан құжаттарды парақтағанда, небір сорақы сұмдық жағдайларды оқып жүрміз. Кеңес өкіметі есімдері күллі түркі жұртына танымал тұлғаларды айтпағанда, орталықтан шалғай шеттегі шағын ауылдардың бірлі-жарым арқасүйер, маңдайалды азаматтарын да еркімен жүргізбеген екен.

Президент • 23 Тамыз, 2021

Мемлекет басшысы жаңа Жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Білім • 22 Тамыз, 2021

Төрлет, Әліппе!

Әлемдегі кез келген ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің бас­ты белгісі – ғылым, білімінің даму дәрежесі. Халқымызбен ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қанатты сөз осының айқын дәлеліндей. Әуелі ұлт білімді болуы тиіс. Сосын: «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез», деп данышпан Абай айтқандай, білімдінің сөзі талапты ұрпаққа жетуі керек. Сонда ұлт та, ұрпақ та ғаламдық ақыл-ой бәсекесінің алдына шығатын болады.

Саясат • 20 Тамыз, 2021

Трансшекаралық өзендер мәселесі талқыланды

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловпен кездесті.

Саясат • 20 Тамыз, 2021

БҰҰ миссиясы Алматыда уақытша орналастырылады

Ауғанстандағы ішкі саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өзінің Ауғанстанға жәрдем көрсету жөніндегі миссиясын (UNAMA) және АИР-да аккредиттелген БҰҰ-ның басқа да агенттіктерін Алматы қаласына уақытша орналастыру туралы Қазақстанға өтініш білдірді.