Пікір • 05 Ақпан, 2026
Мемлекеттіліктің тегеурінді тұжырымы
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қабылданған Конституция мен оған кейінгі кезеңде енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тарихи маңызы зор екенін жоққа шығаруға болмайды. Ол өз уақытында мемлекетіміздің дамуына толыққанды қызмет етті. Алайда уақыт бір орында тұрмайды. Қоғам да, әлем де өзгеріп жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция жобасының ұсынылуы заңды.
Басылым • 05 Ақпан, 2026
«Фолиант» баспасынан арасына он жыл салып сурет өнеріне арналған қос том шығарған Жеңіс Кәкенұлын суретші ғана емес, қазіргі уақыт өлшемімен альтруист ретінде де танимыз. Энциклопедия сипатты танымдық қос кітап жазудың сыры неде, ол кәсіби суретшіге не береді? Жеңіс Кәкенұлы қазақ халқының бейнелеу әлемін суретші көзімен бағалауды шынымен мақсат тұтқаны сананы ауысып кеткен құндылықтар жаулап алған дилетанттық дәуір үстемдігіне наразылығынан бұрын биік өнерге асқан сүйіспеншілігінен туғаны айқын. Жас ұрпақтың санасын эстетикалық сұлулыққа тарту, текті мұрат-мүддеге баулу ұлтқа қызмет етудің шынайы үлгісі саналады. Ол суретші мен көрушінің тандемін қалыптастыруға мүдделі.
Пікір • 04 Ақпан, 2026
Ата заң – еліміздің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының, ішкі және сыртқы саясаттың барлық субъектісінің стратегиялық даму бағыттарын айқындайды. Сондай-ақ әкімшілік, азаматтық, қылмыстық-процестік, еңбек және өзге де құқық салаларының негізін қалыптастырады.
Реформа • 04 Ақпан, 2026
Қазақстандағы реформалар – әлем назарында
Ата заңымыздың жаңа жобасы жарияланды. Конституциялық реформа – Мемлекет басшысының идеясымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаның заңды жалғасы. Былтыр қыркүйекте халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында Президент елдің саяси жүйесін кешенді жаңғыртудың маңызын атап өткені белгілі. Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік реформа аясында бастапқыда Ата заңның шамамен 40 бабына өзгеріс енгізу мүмкіндігін ескерткен.
Пікір • 04 Ақпан, 2026
Жаңарған Конституция және халықаралық тәжірибе
Жаңарған Конституцияның преамбуласы халықаралық тәжірибемен салыстырғанда бірқатар жаңашылдығымен ерекшеленеді. Мәселен, 1958 жылғы Франция Республикасы Конституциясының преамбуласында тарихи сабақтастық революциялық-құқықтық дәстүр шеңберінде қарастырылады. Мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен құрылымдық сипатына арнайы баға берілмеген.
Тарих • 04 Ақпан, 2026
Тарих аманатын жеткізген маңызды жиын
Астана қаласында «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының негізгі базалық санаттары мен кіші санаттарын іргелі зерттеу және оларды толық ақтау процестері» атты үкіметтік Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды (бұдан әрі – БНҚ) жүзеге асыру мақсатында «Қазақстандағы кеңестік кезеңдегі жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерді толық ақтау жолдары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Зерде • 04 Ақпан, 2026
Аңыз ректор хақында сыр шерткен
Биыл әлемдік деңгейдегі ірі ғалым, еліміздің ең танымал жоғары мектебінің заманауи ғаламат қалашығын салған академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің туғанына 95 жыл толады. Осы мерейлі дата қарсаңында көрнекті зерттеуші-журналист, жазушы Көлбай Адырбекұлы қаламымен ғұлама оқымысты, өнегесі өшпес айтулы ұстаз, орны ерекше реформатор, мемлекет және қоғам қайраткерінің толыққанды бейнесін жасады.
Шаруашылық • 03 Ақпан, 2026
Агроөнеркәсіп кешенін өрістетудің маңызы
Жуырда Сыр бойында өткен V Ұлттық құрылтай отырысында ел болашағына қатысты маңызды ойлар ортаға салынды. Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, өркениетке ұмтылған дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуға бет алғанын атап өтті.
Пікір • 03 Ақпан, 2026
Елдік жаңарудың жасампаз философиясы
Ел халқы өткен аптаның аяғында жаңа Конституцияның жобасымен танысты. Алғашқы жолдарынан-ақ оның жатық тілі алдағы маңызды конституциялық өзгерістерді жұртшылықтың бірден түсініп қабылдауына септігін тигізеді. Азаматтардың қызу талқылап, БАҚ-та жан-жақты пікірталас өрбіп жатқаны еліміздің негізгі құжатын қабылдау ісіне жұртшылықтың белсене араласуға ниетті екенін айқын көрсетіп отыр.
Пікір • 03 Ақпан, 2026
Тарихи жауапкершіліктен туындаған шешім
Қазір еліміздің саяси бағдары үшін аса маңызды сәт десек, артық бола қоймас. Осы бағыттағы ауқымды өзгерістердің аясында жаңа Конституциямыздың жобасы жарияланды. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанымызды айшықтайтын тарихи құжат.