Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Білім • 16 Қазан, 2020

Техникалық және кәсіптік білімге сұраныс көп

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығына сәйкес құрылған Түркістан облысында қазіргі таңда 64 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында (31 мемлекеттік, 33 жекеменшік) 44 878 студент білім алуда.

Руханият • 16 Қазан, 2020

Бізге таңсық бір бейне

Есіңізде болар, ана жылдары әлемдік теледидар ел қызығатындай талай тамаша дүниелерді бір шетке ысырып қойып, тұмсығы сорайған, жағына пышақ жанығандай жүп-жүдеу «қара шалдың» мұхит тереңінен түсірген репортаждарын күн құрғатпай бірінен соң бірін көрсетуші еді ғой. Сол ғажап ленталар әліге дейін көз алдымызда. «Шалдың» аты-жөні – Жан Кусто, атақты мұхит зерттеушісі. Оның ұлтына, қайда дүниеге келгеніне жұрт қызықпайтын. Қызығатыны – мұхит түбіндегі кереметтерді еш боямасыз, қаз-қалпында түсірген кино туындылары.

Қоғам • 16 Қазан, 2020

Жылжымалы ПТР-зертханалармен танысты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-ге барды. Министр КАМАЗ-ға тіркелген шассидегі төрт мобильді зертханамен танысты.

Пікір • 16 Қазан, 2020

Ұлт даналығына адалдық

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зидеті – Елбасының «Абай аманаты» атты еңбегін қатты қызығып оқы­­­дым. Ол ұлы ақын тұсындағы қазақ­­­тың рухани жаңаруының баға­лы ойларын қамтыған, ой-пікірі, жаңа­шылдығы мол, үлкен маңыз­ды туын­ды екен. Тарихи паралел­ль де көп. Ағар­ту­шылық немесе ояну дәуі­рінің бел­гілері кейінгі оқыған­дар­мен сабақ­та­сып, асылды тану жолын ашуға ұла­сып, болашақ Елбасы жүріп өткен ал­ғаш болат қорытушының жолы, қазақтың жаңа мемлекетінің құрылуы, «Мәң­гілік ел» болудағы батыл ізденістер өзара байланыса әдемі ашылыпты.

Пікір • 16 Қазан, 2020

Жаңа жағдайдағы жаңғыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында 11 бағыт бойынша болашақта атқарылар жұмыстарға тоқталды. Мемлекет басшысы экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек екенін атап өтті. Сонымен бірге Жолдауда еліміздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидатқа негізделуі керек екені және Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану тура­лы сөз қозғалды.

Абай • 16 Қазан, 2020

Томас Густав Виннер. Үш дәстүрді ұштастырған

Қазіргі күні қазақтың өткен ғасыр­дағы аса ұлы ойшыл көсемі ретінде танылып отырған Абай Құнанбаевтың алдында өз халқына батыстың ілім-білімі мен әдебиетін жеткізу ғана емес, сонымен бірге ел-жұртына сол батыс мәдениетінің өзге де қырлары мен сырларын таныстыру ісіне жете көңіл бөлу міндеті тұрды. Абай өз еліне оқу-ағартудың ғана емес, сондай-ақ кең ауқымды әлеуметтік жаңғыртудың және халық мәдениетіндегі бағзы көз­қарастарды қайта бағдарлаудың қажет­тігін түсінді. Ол бара-бара өз зама­нын­дағы батысшыл зиялылардың мойын­далған көшбасшысына айналды.

Таным • 16 Қазан, 2020

Ортағасырлық араб тарихшылары Әбу Насыр әл-Фараби туралы

Әбу Насыр әл-Фарабиден кейін ғұмыр кешкен араб жылнамашы-тарихшыларының Отырар перзенті жайлы естеліктері – зерттеушілер үшін аса бағалы қазына. Араб тілінде жазылған бұл дүниелердің алғашқы авторлары Х ғасырда күн кешсе, яғни Әбу Насырмен тұстас болса, басқалары XІІ–XІІІ ғасырларда өмір сүрген. Солардың бірі – Захир ад-дин Әбу-л Хасан әл-Байһақи (Әбу-л Хасан Захир ад-дин Әли бин Зайд бин Мұхаммед бин Байһақи – 1099–1170). Оның «Татиммат сивану-л хикма» – «Даналық қазынасының жалғасы» деген еңбегінің көшірмелері қолжазба күйінде Теһран, Ташкент, Бомбей, Хайдарабад, Лондон кітапханаларында сақталып келеді. Оның кейбір үзінділері ағылшын тіліне аударылып, 60-жылдар басында Үндістанда жарық көрді.

Парламент • 16 Қазан, 2020

Қытайлық әріптесімен онлайн кездесті

Кеше Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Ван Чэнмен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Абай • 16 Қазан, 2020

Абайды оқыту балабақшадан басталуы тиіс

Абайдың мол мұрасы, нақыл сөздері өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастыру үшін аса қажет десек, оны әрбір адамның бойына сіңіру мен қалыптастыру балабақшадан басталуы тиіс. Өйткені балабақша – білім мен тәрбие берудің алғашқы баспалдағы. Абайдың құнды қазынасын оқыта отырып балдырғандарды таным-білімге жетелеу – ұрпағымыздың болашағына зор үмітпен қарау.

Тарих • 16 Қазан, 2020

Ұлт тарихының жете зерделенетін тұстары

Пандемия әлегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 30 мамырдағы Үндеуінде тапсырылған Мемлекеттік комиссия құру, ол атқаруға тиіс міндеттерді айқындау ісін созып жіберді. 1920-50 жылдардағы кеңестік соттан тыс қудалау органдарының заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдірудің ұлттық спецификасын, әлеуметтік себептерін зерделеп, тұжырымдама қалыптастыру жөнінен құрылған жұмысшы топтың да қызметі созылып бара жатқандай. Осындай жағдайда күн тәртібінен түсіруге жатпайтын мәселеге тағы бір шағын шолу жасауды жөн көріп отырмыз.