Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Үкімет • 19 Сәуір, 2021

Инвестициялық штаб жиынында қаралды

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы инвестицияларды тарту бойынша атқарылған жұмыстың қорытынды көрсеткіштері қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 18 Сәуір, 2021

Нар тұлға

Адам мәңгі жасамайды. Мәңгі жасайтын – оның артында қалдырған өнегелі ісі мен өшпестей ізі болса керек. Осындай өлшемге сәйкес келетін халқымыздың адал ұлдарының бірі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, көзі тірісінде аз сөйлеп, көп іс тындырып кеткен нар тұлға Мұстахим Ықсанов десек қателесе қоймаспыз. Оның арғы тегі қазақ  жыраулық поэзиясының ізашары Шалкиіз Тіленшіұлынан тамыр тартса, берісі қазақ өлеңін жаңаша түр, өзгеше өрнекпен байыта білген Алаштың ойшыл ақыны Ғұмар Қарашпен түйіседі.

Медицина • 18 Сәуір, 2021

Екпе салдыру өзекті

Міне, сәуір айының ортасы да болды. Індет болса, саябырсудың орнына өршіп барады. Мұның бір себебі, өткен айларда шетелден толассыз келушілер көп болды. Жолаушылардың көбінде ПТР тесті жоқ. Әлгілердің арасында барған жағынан аты жаман індетті жұқтырып алғандар баршылық. Олар келіп өзгелерге таратуда. Ал ұшақтың ішінде қаншама адамға кесірі тиді...

Әлем • 17 Сәуір, 2021

Ақ үйдің алғашқы мейманы

Жапонияның премьер-министрі Ёсихидэ Суга 16 сәуірде (біздің уақытпен 17 сәуір) АҚШ-қа ресми сапармен барды. Бұл былтыр күзде үкімет басшысы болып сайланған Суганың АҚШ-қа алғашқы ресми сапары болса, президент Джо Байден үшін де Ақ үйде шетелдік әріптесімен өткізген алғашқы ресми кездесуі болды.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2021

Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды

Петропавлда «Тбилиси» мейрамханасы өртеніп, 9 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға • 16 Сәуір, 2021

Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады

Қорғаныс министрлігінің Су-30 ұшағы Қарағанды ​​облысының аумағында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Оқиға • 16 Сәуір, 2021

Шымкенттің бас дәрігері ауруханадағы жантүршігерлік жағдай туралы айтты

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео жариялады, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Білім • 16 Сәуір, 2021

Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға

XXI ғасыр адам мен қоғам іс-әрекетінің жаңа, сапалы жағдайына көшумен сипатталады. Адамзат өз дамуының жаңа дәуіріне – ақпараттық кезеңге аяқ басты. Үстіміздегі заманауи постиндустриалдық кезеңнің ерекшелігі – дамыған нарықтық экономика, ашық демократиялық қоғам, цифрлы сервистердің, жасанды интеллект технологияларының, «цифрлы сыңарлардың» және смарт-жүйелердің кең қолданысқа енуі.

16 Сәуір, 2021

Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақ гүлдеді

Маңғыстаудың құмды аймақтарында сирек кездесетін соғды қызғалдағы гүлдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

16 Сәуір, 2021

«АрселорМитал» мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген

Ағымдағы жылдың наурыз айында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ конверторлық цехында ластаушы заттардың апаттық жаппай шығарылу фактісі бойынша осы кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.