Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Пікір • 03 Қыркүйек, 2020

Моноқалалардың «екінші тынысы»

Моноқалалар мәселесі мемлекеттің назарынан кенде емес. Бұл бағытта мемлекеттік бағдарлама да қабылданды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдауда моноқалалардың «екінші тынысы» ашылуы керектігін, қаланың күретамырына қан жүгіртетін кәсіпорындарсыз бұл міндетті жүзеге асыру мүмкін еместігіне тоқталды.

Пікір • 03 Қыркүйек, 2020

Жемқорлыққа қарсы күрес уақыт күттірмейді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту – Мемлекет бас­шысы саясатының басты бағыт­тары­ның бірі. Президент былтыр 20 мамырда сыбайлас жемқор­лыққа қарсы реформа­лардың алғашқы пакетін жариялады.

Қаржы • 03 Қыркүйек, 2020

Жүйені біржола жетілдіру керек

Президенттің былтырғы Жолдауында ел халқының зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мәселесі айтылған еді. Аталған тақырып осы күнге дейін түрлі деңгейде талқыланып, пысықталды. Ал биылғы Жолдауда Үкімет пен Ұлттық банкке осы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдап, дайындық жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Пікір • 03 Қыркүйек, 2020

Реформалардың жаңа кезеңі

Президенттің Жолдауы мазмұны, жаңалықтары, мерзімі мен риторикасы жөнінен бұрынғы жолдаулардан едәуір өзгешелігі болды. Жолдау елде бұрыннан бар проблемаларды ашық көрсеткен пандемия дағдарысы әсерімен әзірленді.

Пікір • 03 Қыркүйек, 2020

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі – даму негізі

Мемлекет басшысы Қазақ­стан халқына Жолдауын мемле­кеттік басқару саласын реформалау мәселесінен бастады. Барлық салада оң нәтижеге, ілгерілеуге қол жеткізу үшін мемлекеттік басқарудың дұрыс бағытта болуы маңызды.

Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020

Өзгеріс идеялардан басталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күні кешегі Жолдауында зейнетақы артықшылығын пайдалану туралы шешім қабылдады, енді қыр­күйек-желтоқсан айларынан бастап нормативтік құжаттар дайын­дала бас­тайды. Бұл құжат 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтардың тұрмысын жеңілдетуге ықпал ететіндей деңгейде дайын­далады деп үміттенемін.

Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020

Ананың орындалған арманы

Қызылорда облысының Арал ауданында 1942 жылы майданға аттанған, бір жылдан кейін шайқастардың бірінде хабарсыз кеткен Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы Келіс Жиенбаевтың сүйегін қайта жерлеу рәсімі өтті.

Руханият • 03 Қыркүйек, 2020

Академик Сағадиев және Ұлттық ғылым академиясы

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында республиканың ғылыми ізденістерді ұйымдастыру жүйесі мен мекемелері, олардың мақсаттары мен атқаратын жұмыстары еліміз қол жеткізген тәуелсіздіктің негізінде жүргізіліп жатқан түбегейлі өзгерістер мен нарықтық қатынастарға сәйкес қайта қаралды. Іргелі зерттеулерді жаңа жағдайға икемдеу ісі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 – 1994 ж. жариялаған екі жарлығы арқылы жүргізілді. Онда республиканың ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту, ғылымды ұйымдастыруды жетілдіре түсу, ғалымдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ғылым академиясына ұлттық мәртебе беруге байланысты шаралар көрсетілген болатын.

Пікір • 03 Қыркүйек, 2020

Қоғамдық бақылауға көңіл бөлгені қуантты

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауы қоғамда қордаланған көп мәселені шешудің оңтайлы жолдарын ұсынуымен ерекшеленеді деп ойлаймын.

Руханият • 03 Қыркүйек, 2020

Ауылдағы асар немесе «бірлік бар жерде тірлік бар»

Қарт Қаратаудың төсіндегі Көсегенің Көкжоны аймағында шоқжұлдыздай бір шағын ауыл бар. Ол – Үшбас деген Сарысу ауданының өрелі азаматтарына таныс ауыл. Оның тарихына көз жүгіртсек, бір жазылмаған дастан десек артық айтпас­пыз, сірә.