Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Руханият • 28 Тамыз, 2020

Тіл тағдыры – халық тағдыры

Халық пен тіл – егіз ұғым. Бірінсіз бірі жоқ. Тіл халықтың бас­ты адами һәм рухани байлығы болса, халық – тілдің иесі. Сондықтан тілдің тағдырын халықтан бөлек қарау мүмкін емес. Бүгінгі ана тілдік кеңістіктегі ахуалды жақсы білу үшін, оның тағдырын тереңірек ұғынып және оған ерекше қамқорлықтың қажет екенін түсіну үшін өткен тарихымызға кішкене зер салсақ.

Руханият • 28 Тамыз, 2020

Тұрақтылық төлқұжаты

Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік құндылықтарды орнықтырудағы ең басты құжат – Конституциямызды қабылдағанымызға биыл 25 жыл толды. Конституцияны кез келген саналы қоғамның өмір сүру салтын айғақтайтын Негізгі Заң десек, біздің Ата Заң ортақ құндылықтардың қорғалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, елдегі қоғамдық-саяси құрылымның құқықтық сипатын негіздеп, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін айқындаушы негізгі күш болып бекіді.

Таным • 28 Тамыз, 2020

Ұлттық құндылықтар кепілі

Еліміз егемендік алған алғашқы жылдардан бастап бүгінге дейін болған өміршең өзгерістердің барлығы да Ата Заңымыздың аясында жүзеге асып келе жатыр. Өйткені Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен қарқынды дамуының негізі – биыл қабылданғанына 25 жыл толып отырған еліміздің Конституциясы. Халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруы мен мемлекетіміздің саяси тұрақтылығының да алтын арқауы – Ата Заңымыз. Бұл басты құжат еліміздегі орнықтылықтың, халқымыздың ырысты ынтымағының кепілі. Сондықтан Ата Заңның әрбір тарауы, әрбір бабы, әрбір тармағы біз үшін аса қадірлі де қастерлі.

Оқиға • 28 Тамыз, 2020

Қазақстан халқы Ассамблеясының Конституция күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы­ның Конституциясы күнімен құттықтайды!

Саясат • 28 Тамыз, 2020

Конституция – жасампаздық жаршысы

Конституция – егемендігімізді паш ететін, азаттығымызды айқындайтын маңызды құжат және татулықты ту еткен елдігіміздің алтын қазығы. Ата Заңды құрметтеу, бұлжытпай орындау – алға қойылған биік мақсаттарға қол жеткізудің алғышарты. Көне гректерден соң жаңа заманда алғашқы Конституциялар АҚШ, Францияда қабылданғанына екі жарым ғасырға жуық уақыт өтіпті.

Руханият • 28 Тамыз, 2020

Желді қуған жоғалар, жолды қуған оңалар

Халқымыз ертеде Ата Заңды Жол деп атаған. «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы» деген атаулар – соның куәсі. Ал дәстүр-салтын «жосын» деген. Жол мен жосын елді, мемлекетті ұйыстырудың негізгі аба қазығы болған. Шыққан тегін қазбаласақ, жол мен жосынның тарихы тіптен арыда жатыр. Біздің жерімізде ертеде қоныс тепкен сақтар мен ғұндар десек, сол ғұнның мемлекет ретіндегі жолы мен жосыны Қытай деректерінде хатқа түскен. Салт бойынша олар жайшылықта шаруашылықпен шұғылданса, жаугершілікте бәрі бірдей соғысқа аттанып, жортуылға шығатын болған, бұл олардың сүйегіне біткен әдеті. Яғни атасынан жалғасқан дағдысы, жолы. Олар үшін ең үлкен құндылық – жер, территория болған.

Қазақстан • 28 Тамыз, 2020

Тозақ бұлты торлағанда

Мен 1949 жылы тамызда 5-сыныптың табалдырығын аттауға дайындалып жүрдім. Ол кезде халықтың тұрмысы нашар болатын. Киім-кешек жоқтың қасы. Интернаттың балаларына қызығатынбыз. Олардың жағдайы, киім-кешегі, тамағы біздерден әлдеқайда жақсы болды. Әлі есімде, әжем мен шешем 3-4 күн басын көтере алмай жатты. Ас-ауқат та жоқтың қасы. Шамасы 50-70 грамдай етіп нанды әрқайсымызға бөліп береді. Амал не, көнесің.

Руханият • 28 Тамыз, 2020

Мерейтойлық жыр-шашу

Дала мәдениетін бойына сыйдырған дана халқымыздың дүрия дүниеден алған бір еншісі болса, ол – айбарлы Ата Заң. Тәй-тәй басқан тәуелсіздіктің бұғанасын бекітіп, қадамына құт дарытқан да сол егемен ереже. Содан да болар, ұлт тұтастығына ұйытқы болған мерейлі сәтті мұқым қазақ мерекесі мен берекесіне балайды. Биыл Конституциямыздың 25 жылдық мерейтойы. Соның қарсаңында руханиятымыз тағы бір толымды туындымен толықты. Қазақ ақындарының аманатын арқалаған «Жыр арқауы – Ата Заң» атты жинақ Конституциялық Кеңестің ұйытқы болуымен жарық көрді.

Экономика • 28 Тамыз, 2020

Кооператив: іріленгеннің ісі ірі болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты қанатқақты жобаны бірнеше өңірде бастауды тапсырды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру кезінде «ҚазАгро» арқылы жылдық мөлшерлемесі 6 пайыз болатын жеңілдетілген шағын несие берілетінін де айтты.

Өнер • 28 Тамыз, 2020

Үлкен театрдың әншісі Сембиндi сағынғанда Павароттидің сәлемі еріксіз еске түседі

Ол сахнаға жарқ етiп шыға келгенде, бiр шетте жұлдыз жанғандай болатын. Әндi аяқтай бере, театр iшi айқайға тұнып кетедi. Өңкей бiр өнер сүйген жүректер жарыла жаздап, бұны сахнадан жiбергiсi келмейтiн. Ол көп күттiрмей ырғала басып қайта шығады. Сұңғақ, сұлу, сымдай тартылған, тәкаппар, паң. Алып-ұшпайды. Осынша қошеметтiң бәрiн қалай көтерiп жүр? Жер ойылып кететiндей әр жер-әр жерден маңғаз басады. Сәл ғана иiледi. Болмашы ғана езу тартады. Аса бiр сүйсiнгенде сұлу бетiнiң екi ұшына қызғылт сәуле ойнап шыға келедi. Ал аса риза кейiпке енгенде екi бетiнiң алабұртқан ұшы тереңдеп, жүрегiңдi жұлқып кетердей әдемi бiр иiрiм, үйлесiм пайда болады.