Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Спорт • 03 Тамыз, 2020

Шереметаның промоутері Головкинмен кездесу қашан өтетінін айтты

Орта салмақтағы IBF және IBO белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен IBO белбеуінің міндетті қарсыласы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы кездесу қазан айында өтеді. Бұл туралы Przegladsportowy.pl порталына польшалық боксшының промоутері Анджей Василевски айтты. 

Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасуға қатысты іс-шаралар бір жылдан соң өтеді

Жақсылық Үшкемпіровты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі пандемияға байланысты және адамдардың көптеп жиналуын болдырмау мақсатында тек отбасы ішінде өтеді, - деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

Мақтааралда су тасқыны салдарынан өлген үй жануарлары үшін өтемақы толық төленді

Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерден жалпы 931 бас түрлі ауылшаруашылығы жануарларының өлекселері шығарылған болатын. Өлекселер арнайы инсенератор аппараты арқылы толығымен жойылып, елді мекендерде бірнеше рет дезинфекция жұмыстары жасалған.

Әлем • 03 Тамыз, 2020

ДДҰ дүние жүзі елдерін қайтадан карантин енгізбеуге шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдеріне коронавирустың тарауын алдын алу үшін және әлеуметтік-экономикалық салдарға байланысты қайтадан карантин енгізбеуді ұсынды. Бұл туралы ДДҰ төтенше аурулар бөлімінің басшысы эпидемиолог Мария Ван Керкхове The Daily Telegraph басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 03 Тамыз, 2020

Алғыс арқалаған хаттың ақиқаты

Заң талабын сақтай отырып, әділдікті ту еткен соттың шешіміне өз ризашылығын білдірген бір хат редакциямызға келді. Оны Шымкент қаласының тұрғыны Қанат Жартыбеков деген азамат жолдапты.

Өнер • 03 Тамыз, 2020

Тігіншілік – қол мен қиялдың еңбегі

«Шебердің қолы алтын», дейді атам қазақ. Сөзге шебер, іске де ұста халқымыздың мәдениетін паш ететін құндылықтарының бірі – оның қолөнері. Асыл тастан сән бұйымын жасаған, қазақ ұлттық киімдерінің етек-жеңіне оқа тігіп, кимешектің өңіріне, жақтауына кесте жүргізіп, сүйек пен мүйізді қиыстырған халық шеберлерінің ісі – мақтауға тұрарлық өнер туындысы.

Руханият • 03 Тамыз, 2020

Өмірдің жалынан ұстаған...

2000 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі аралықта Тараз мемлекеттік университетінде Дулаттану орталығын ашып, жұмыс істеп жүрген кезімде мен осындағы біраз қаламгермен таныстым. Солардың ішінен марқұм Бақтияр Әбілдаұлы мен Елен Әлімжан екеуімен тарихты жақсы білетіндіктерінен де жақын араласып, дос-жар болып кеттім. Елен де менімен әңгімелесуге құмартып тұрды. Біз саябақтарда қыдырып немесе қала сыртына саяхаттап сұхбаттасатынбыз.

Өнер • 03 Тамыз, 2020

«Ұлы дала» – ұлт тағдырының айнасы

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақа­ласында: «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқи­ғаның өлшемі. Уақыт пен кеңіс­тіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана афоризм емес... біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге тарады», дейді.

Қоғам • 03 Тамыз, 2020

Қиял құшағындағы Айша

Бақытты отбасы, әдемі үй, жайнап тұрған дастархан, сыңғырлап күлген анасының дауысы, бұл өмірде одан асқан бақытты жан жоқ шығар, сірә. Осынау 13 жасар қыздың күлкі мен шаттыққа толы кешкі асын кенет шырылдай шыққан ащы дауыс бұзып жіберген еді.

Экономика • 03 Тамыз, 2020

«Шикізат дәуірінен» кейінгі экономика қандай үлгімен дамуы керек?

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда шикізат секторының дамуына байланысты оң нәтижелі экономикалық өсім болды. Алайда қатал да қатыгез нарықтық орта көрсеткендей, өнеркәсіпті әртараптандырмағандықтан, экономикамыз әлжуаз күйінде қалды. Шикізат нарығындағы сыртқы факторлардың әсерінен өсім өте тұрақсыз болып, циклды негіздегі бірнеше дүркін дағдарысқа душар болдық.