Қоғам • 20 Наурыз, 2021
Ұлттық халық санағы: ұпай түгенделетін тарихи сәт
Алдағы күз айларында тұтас бір мемлекеттің ішкі болмыс-бітімі, халықтың тыныс-тіршілігі таразыға тартылатын тарихи сәт күтіп тұр. Олай дейтініміз, он жылда бір рет өткізілетін Ұлттық халық санағы еліміз егемендік алғалы бері осымен үшінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр. Үш он жылдықта жеткен жетістігіміз болса, жіліктеп жіпке тізетін, кеткен есеміз болса, кері бұрылып кем-кетігін айқындап алатын сәт бұл. Әрине, халқымыздың барын бағамдайтын бұл санақ өз дәстүрінен жаңылмағанда осыдан тура екі жыл бұрын қолға алынып, нәтижесі сарапталуы тиіс еді. Алайда түрлі себептерге байланысты бұл жұмыс алдымен 2020 жылға, кейін пандемияның кесірінен 2021 жылға шегерілді. Осылайша, ұпайымыз түгенделетін Ұлттық санақты өткізудің сәті биыл келген секілді. Жалпы, халық санағы – белгілі бір уақыт шеңберінде халықтың демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпыұлттық статистикалық сараптау саналғанымен, оның ауқымы әлдеқайда кең. Себебі санақтың қорытындысы есеп-қисап үшін ғана емес, ең алдымен мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындау, басқарушылық шешімдер шығару үшін қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің үшінші отырысында Ұлттық санақты ұйымдастыру мәселесін айта келе, халық санағы тұрғындардың нақты санын, оның жас және гендерлік құрамын, урбанизация деңгейін, табыс көлемі мен басқа да маңызды талдау деректерін анықтап, тексерілген әрі дәйекті басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын. Сондықтан мәнге де, мазмұнға да бай бұл науқанға біржақты қарауға болмайды.Келелі іске дайындық барысы да кеңінен қолға алынып жатыр. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша осы Ұлттық санақты ұйымдастыру және өткізу жұмыстарымен айналысатын арнайы комиссия құрылды. Бұл ретте «Egemen Qazaqstan» газеті елді елең еткізген ендігі науқан алдында дөңгелек үстел ұйымдастырған еді. Оған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Нияз Көшкімбаев, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Экономика институтының ғылыми қызметкері, әлеуметтанушы Айсұлу Молдабекова, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова қатысып, орамды ой-пікірлерін ортаға салды.
Қоғам • 20 Наурыз, 2021
Ұлы далада жарық дүние есігін ашып, Ұлы далада небір ықылым заманнан бері ұлт болып, ел болып қалыптасқан халқымыз табиғаттың әрбір құбылысының қабағына қарап, дүлейімен алысып, күнгейімен қуана қауышып күн кешкен. Яғни табиғаттың төл перзенті болған. Аспандағы Күннің де, астындағы Жердің де қадірін білген.
Қазақстан • 19 Наурыз, 2021
Жастардың дебат қозғалысы қайта жаңғырады
Пікірсайыс - ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі.
Қоғам • 19 Наурыз, 2021
27 млн теңге: БЖЗҚ мен МӘСҚ басшыларының табысы талқыға түсті
Әлеуметтік желілерде БЖЗҚ мен МӘСҚ басшыларының айлық және жылдық еңбекақысы талқыға түсіп жатыр. Қоғам белсенділері мен әлеуметтік желі қолданушылары екі қор басшыларының «шамадан тыс» көп жалақы алатынына наразы, деп жазады Egemen.kz Lada басылымына сілтеме жасап.
Парламент • 19 Наурыз, 2021
Заңнамалық қолдау қамтамасыз етіледі
Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында сот жүйесі туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды. Оған Жоғарғы соттың басшылығы мен судьялары қатысты, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Саясат • 19 Наурыз, 2021
Өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаншумен бейнеконференция байланысы арқылы кездесу өткізді, деп хабарлады Палатаның баспасөз қызметі.
Саясат • 19 Наурыз, 2021
2019 жылдың 19 наурызы – тәуелсіз мемлекет тарихының жаңа тарауы, даму даңғылындағы тағы бір белесі ретінде тарихқа енді. Бұл – жас қазақ мемлекетінің іргесін қалап, оны жаңа заманға сай қуатты ел болып қалыптасуы жолына бар қажыр-қайраты мен өмірін арнаған Елбасының өз өкілеттігін саясаттағы сенімді серігі Қасым-Жомарт Тоқаевқа сеніп тапсырған, жұрттың жадында мәңгі сақталатын айрықша күн.
Пікір • 19 Наурыз, 2021
Тұңғыш Президент және ұлт мұраты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен президенттік өкілеттігінен бас тартуы – үлкен саяси маңызы бар оқиға. Елде болып жатқан тарихи үдерістерді терең түсінуден, мұратшылдықтан туындаған тарихи шешім.
Пікір • 19 Наурыз, 2021
Парасатты басшы – халықтың бағы
Қазақ тарихында өзінің парасаттылығымен, батырлығымен, ақылдылығымен ерекшеленген тұлғалар аз болған жоқ. Елдіктің еңсесін тіктеп, Тәуелсіздіктің тұғырын бекіткен, қазақ деген халқымызды төрткүл дүниеге танытқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шын мәнінде ел бағына туған ер екенін сарабдал саясаты арқылы сан рет айғақтады. Ал 2019 жылдың 19 наурызында ол ұлты үшін қандай күрделі шешімге де бара алатын, парасат-пайымы жеке мүддеден биік тұратын тұлғаның ұлық үлгісін көрсетті.
Пікір • 19 Наурыз, 2021
Мемлекет Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі белесінің қарсаңында тұрмыз. Асқан асу, аттаған белес, халқымыздың жүріп өткен жолы тарих дейтін ұлы кітапқа қатталып жатыр. Елең-алаң кезеңде ел тізгінін ұстап, бұралаң жолдардан халқымызды аман алып өткен, жас мемлекетімізді жасампаздық жолға салып берген Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан екі жыл бұрын қабылдаған шешімі Қазақстан тарихының алтын тарауына жазылып, кейінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі болып қалатын айрықша қадам деп білемін.