Руханият • 02 Наурыз, 2021
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
2019 жылы өзінің 90 жылдығын қарсы алған Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» («Қызыл ту») газетінің тарихында есімі айрықша құрметпен аталатын бірден-бір тұлға – Бейсенбай Кенжебаев. Ол 1929 жылы 15 ақпанда алғашқы нөмірі жарыққа шыққан округтік газеттің тұңғыш редакторы болып бекітілді. Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумасы әуелде Павлодар жеріне партия комитетінің жолдамасы және тапсырмасымен келгені анық. Ол өзіне жүктелген жауапкершілікті аз уақытта ойдағыдай атқарып шықты. Округтік «Кеңес туы» газетін аяғынан тұрғызып кетті. Бүгінде аталған басылым облыстық газет мәртебесін алған. Бұл редакциядан қазақ халқына белгілі бірталай ақын-жазушы қанат қағып шықты.
Әдебиет • 02 Наурыз, 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажеттігін айта келіп: «Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?!
Білім • 02 Наурыз, 2021
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында оқулықтардың сапасының төмендігіне тоқтала келіп «мен өзім бірнеше оқулықтарды оқып, олардың сапасыздығына таң қалдым. Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға бұрмалаусыз жеткізілуі керек. Сондықтан Қазақстан тарихы және Дүние жүзі тарихы бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын әзірлеп, енгізуді тапсырамын», деді. Ендеше, бұған дейін оқулық сапасының төмен болуына не әсер етті және тәуелсіз еліміздің бір ұрпағы осындай сапасыз оқулықпен оқығанына кімдер жауап береді деген сұрақ туады.
Тәуелсіздік • 02 Наурыз, 2021
Биыл еліміз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басты. Осыған орай «Egemen Qazaqstan» халыққа еліміздің 30 жылдық белесінің мәнін түсіндіріп, осы кезеңде жаңа мемлекет құруға атсалысқан барша халқымыздың ерен еңбегінің шежіресін жүйелі жаза бастады.
Руханият • 02 Наурыз, 2021
Бөрте ханым – әлемді билеген әйгілі Шыңғыс қағанның сүйікті жары, сенімді серігі әрі дана кеңесшісі. Ұлы қағанның атының тұяғы жетіп, құлашы қармаған күллі империясын мұрагерлікпен билеген осы Бөрте ханымнан туған төрт ұлы – Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле. Бір ханға сүйікті жар, төрт ханға қадірлі ана болған Бөртедей арудың қасиет-қадірі ерекше. Сондықтан да оның есімі ұлы қағанмен қатар аталып, мерейі үстем болды.
Қоғам • 02 Наурыз, 2021
«Көп түрік енші алысып тарасқанда,Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?», деген жыр жасыны Мағжан Жұмабаевтың бұл екі жолының түп тамырында – әлімсақтан келе жатқан тек тірегіміз, ұлттық жүрек лүпілі жатқаны анық. Түркі дүниесі қара шаңырақ деп таныған бүгінгі Қазақ елін, әлемнің қырықтан аса мемлекетінде тарыдай шашылып жүрген қандастарымыз да құт мекені санайды. Олар осы қасиетті қара шаңырағына арқа тіреп, басын сүйеп, бүкіл өмірін біте қайнастыру жолындағы ұмтылысын күн-түн ой-санасынан шығармай отырғаны да ақиқат.
Қоғам • 02 Наурыз, 2021
Бүгінде Өзбекстанның құрамындағы Қарақалпақ Республикасында 500 мыңнан аса қандасымыз тұрады. Қазақтар бүгінде республика халқының үштен біріне жуық, яғни 30 пайызы. Қарақалпақстандағы қазақтардың төл мәдениетіне, әдебиетіне деген құштарлығы Кеңес Одағының тұсында да атажұрттағы ағайыннан әсте кем түспейтін. Алматыдан шығатын ана тіліндегі газет-журналға жазылудан Бесқала өңірі қазақстандық кейбір облыстардан әлдеқайда жоғары-тұғын.
Тарих • 02 Наурыз, 2021
Көшеде қай заманғы екені белгісіз, ірік-шірік бір дәу қара томар жататын. Үстінде жасы қаншаға келгені белгісіз, беті бұжыр-бұжыр бір дәу қара кемпір отыратын. Томар-кемпір қолындағы таяғымен жерді нығарлай шұқығанда, тура желкемнен нұқығандай еңкейіп кететінмін.
Руханият • 02 Наурыз, 2021
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Ғылым дегеніміздің өзі бір-бірімен кейде қиғаш түсіп, кейде қиюласып жатқан пікірлер мен пайымдаулар қақтығысы екені рас.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2021
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған кездесу өтті
Ел тәуелсіздік алған 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын мәңгілікке жапты.