Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21639 материал табылды

Абай • 29 Қазан, 2020

Шайыр шашқан шапағат (Абай өлең арнаған Күленбай болыс кім?)

Ұлтымыздың тарихында әрбір әулеттің атадан балаға жалғасқан өз шежіресі бар. Қазақта ұрпақ жеті атасын білуі керек деген бұлжымас қағида орнық­қан. Биыл ұлы Абайдың 175 жылдығы еліміз­де кеңінен аталып өтуде. Осы орайда Тобық­тының Көкше руында Абайдың әкесі Құнан­баймен қатарлас өмір сүрген Бозанбай бай деген би болған. Құнанбай аға сұлтан болып тұр­ғанда Тобықты Көкше руын 5 старшынға бөлгені тарихи деректерден белгі­лі. 3-ші Бірет старшыны (Еспай-Жарылғап елі) Жанатай Жамантайұлы бол­са, би­лері Қаратай Сапақұлы, Бозанбай Жарылғапұлы секілді дала дана­ла­ры болды.

Қоғам • 29 Қазан, 2020

Антына адал сержант

Елімізде індет басталғалы дәрігерлер мен медбикелер аянбай еңбек етіп келеді. Жаңа індетпен, қауіпті дертпен күрестегі күрделі қызметтің ауыртпалығы төл әскеріміздің медицина мамандарына да түсіп отыр.

Тарих • 29 Қазан, 2020

Тағдырына аманатын байлаған

Жақыпбай (Жақпай) әулеті ол кездері Ақсу аумағындағы, Қызылжар аталатын ауылында тұратын ауқатты отбасылардың бірінен еді. Ертіс өзенінің жағалауын мекен еткен жұрт мыңғыртып мал өсіріп, тек жұт жылдары ғана ауа райы қолайлы өңірлерге үдере көшіп, ұзаққа созылған қыс аяқталған соң, ата қоныстарына қайта оралып отырған.

Руханият • 29 Қазан, 2020

Кеңестік билік тарихнамасындағы ұлттар қасіреті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашар­шылық құрбандарын еске алу күніне» орай жариялаған Үндеуі тоталитарлық жүйенің ха­­лыққа жасаған қиянаты мен тарих сабағын ұмытпауға қа­тыс­ты ауқымды іс-шараны көте­ріп, ұлтымызға тән сауап пен пер­зент­тік борышты ескеруге ой салуы құптарлық.

Қазақстан • 29 Қазан, 2020

Туымызды неге қастерлей алмай жүрміз?

Күні кеше ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет екенін Twitter-дегі парақшасында жазған болатын.

Қоғам • 29 Қазан, 2020

Сайыпқыран Сапура қыз

«Egemen Qazaqstan» газетінің 1 қазан күнгі санына «Көктемірдің көтерілісін кім басқарды?» деген, ал осы басылымның келесі күнгі (2 қазан) нөміріне «Көктемір» ат­ты мақала жарық көрді. Ба­сылымның Ақтөбе облысындағы тіл­ші Баян Қуандыққызының жоға­рыдағы жазбалары тарихы­мыздың тасада жатқан парағын ашқандай әсер қалдырды.

Президент • 29 Қазан, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындау жасады

Мемлекет басшысының өкімімен тағайындау жасалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Руханият • 29 Қазан, 2020

«Оралым менің, Оралым...» (Қасым Аманжоловтың Оралдағы жылдары)

Күздің қоңыр салқыны жан дүниеңді де тоңдырып жіберетіндей. Дүние мүлгіп бара жатқан секілді. Атыраудың да күзі осы секілді. Қайта Оралдың ну орманы күз келгенде ерте сарғайып, дүниені алтын түске айналдырып жібереді. Бірақ бұл сәтің де ұзаққа бармайды екен. Артынша-ақ қаланың іші қоңырқай тарта береді. Аспан да қою түсінен бір танбай, көпке дейін сазарып тұрып алады. Бүгін де сөйтіп тұр.

Оқиға • 29 Қазан, 2020

Ғұламаға құрмет

Адамзат тарихында ғылым-білімге ұмы­тылыс ең жоғарғы мазмұнды деңгей болса керек. Әл-Фараби өз заманында сол жарыққа ұмы­тылған ғұламалардың алды болып, дүние­нің «Екінші ұстазы» атанды. «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшер­баевтың «Әл-Фараби әлемі және қазіргі Қазақстан» мақаласы ғұламаның ұлылы­ғын ұлықтап, тәрбиелік тағылым таразы­лап, өркениеттегі өнегесіне үңілдірді.

Елорда • 28 Қазан, 2020

Елордаға қаржы құюға ниетті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде жеке инвестициялар есебінен нысандар құрылысы талқыланды. Жиында "Kayaturk Group" компаниясының инвесторларымен бірлесіп, тоқыма фабрикасы мен азық-түлік супермаркеті құрылысы мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz