Басылым • 18 Қаңтар, 2025
«Казахстанская правда»: үлкен жолдың бел-белестері
«Казахстанская правда» газетінің жарыққа шыққанына – 105 жыл. Осы мерейлі датаға орай елордадағы Достық үйінде «Үлкен жолдың кезеңдері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған ел қайраткерлерінен бастап жалпы зиялы қауым, мемлекеттік қызметкерлер, барша сала мамандары қатысып, басылым туралы ойларын ортаға салды.
Пікір • 17 Қаңтар, 2025
Ел тағдырына бәріміз жауаптымыз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылдың қорытындысын саралап, талдап, алдағы міндеттерді айқындайтын жақсы үрдісті қалыптастырғаны халық көңілінен шығып отыр. Бүгінгі толассыз ақпараттар ағынында Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіндегі сұхбаты елді де, әлемді де елең еткізді.
Руханият • 17 Қаңтар, 2025
Тойымыз мазаққа айналмауы керек
Асыра айтқандық емес, қазір қазақта не көп, той көп. «Той – Құдайдың қазынасы» деп ата-бабаларымыз текке айтпай, алыс-жақын ағайынын, құда-жекжатын шақырып, думандатып қуанышын бөліскен. Бірақ соңғы уақытта ғасырлармен қанаттасып, заманамен жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрмен сабақтасқан халқымыздың тойынан сән де, мән де кетіп барады.
Білім • 17 Қаңтар, 2025
Рухани құндылықтың ең асылы – тіл. Тілі бар жұрт – тірі ұлт, тіршілігі бар ұлт. Келешегін ойлаған жұрт ең алдымен тілін ойлайды. Тілді сақтап қалудың, оны дамытып, байытудың жолы – тілді оқыту. Тілді оқытудың әлемде қалыптасқан бірегей әдістемелік жүйесі жоқ. Болуы да мүмкін емес. Өйткені әр тілдің өзіне ғана тән ерекшелігі, өзгеде болмайтын өзіндік қасиеті бар. Сондықтан оқыту үдерісі де сол өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып қалыптасуы керек.
Әскер • 17 Қаңтар, 2025
Орталық Азияда тағы да көш бастадық
Еліміз жаһандық әскери күштер рейтингінде 145 елдің арасынан 57-орынға жайғасты.
Digital • 16 Қаңтар, 2025
Енді фармацевтикалық қызметке лицензияны «e-License» порталы арқылы алуға болады. Өтінішті кез келген уақытта тапсыруға мүмкіндік бар, ал лицензияны рәсімдеу үдерісі 15 жұмыс күнінен аспайды.
Digital • 16 Қаңтар, 2025
Біз ғұмыр кешіп жатқан ғасырды «құлтемірсіз» елестету мүмкін емес. Жаһандану дәуірінің жаңа жауынгерлерін даярлайтын роботтехника мамандарының жарыстары да жиі ұйымдастырылады. Соның бірі Қаскелеңде өткен – «Daryn FIRST Championship» роботтар фестивалі.
Тарих • 16 Қаңтар, 2025
Көктөбеде Ұлттық пантеон жоспарланған
Ұлттық пантеон туралы көп айта бермейміз. Себебі оның елдік те, имандылық та, адами да жауапкершілігі бар.
Мирас • 16 Қаңтар, 2025
Есім хан ордасы және көне жәдігерліктер: Төлеби ауданының туристік әлеуетін арттырар мүмкіндік
Бүгінгі Түркістан облысының Қазығұрт тауы мен Ақсу-Жабағылы қорығының аралығында тарихы терең Төлеби ауданы орналасқан. Жұрт бұл өлкені «адамзаттың топан судан кейін өсіп-өнген бесігі» ретінде киелі жер санайды. Табиғатының сұлулығы, өсімдігі мен жан-жануарлар дүниесінің әр алуандығы баршаға мәлім.
Егемен Қазақстан • 15 Қаңтар, 2025
Өлшеулі өмір, өлшеусіз байлық Тойғанын білмейтін тоғышар құс жемтігін таңдамай жұтады, салдарынан жемсауында қорытылмаған қалдықтар жиналады, оны олар құсып тастайды. Бұл – табиғаттың заңы. Ал тойымсыз жемқор жеке басының, отбасының тіршілігіне қажеттісінен артық жұтқандарын қайда жібереді? Заң орындары мәжбүрлеп құстырмаса, іштегі артық зат оның бір жерінен, ерте ме, кеш пе, бәрі бір тесіп шығады. Солай дегенмен де, түйені түгімен жұтып отырғандардың саны да, зиянды үлесі де азаятын емес, олармен күресу де оңай болмай тұр.