Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1574 материал табылды

Аймақтар • 28 Маусым, 2020

Солтүстік Қазақстанда мал ұрлығы біршама азайды

Биыл Солтүстік Қазақстанда мал ұрлығы біршама азайып отыр. Нақты айтсақ жыл басынан 16 мал ұрлығы тіркелген. Ал өткен жылдың сәйкес мерзімінде 41 ұрлық болған еді. Санға салсақ ұрлық 61%  азайған, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 26 Маусым, 2020

Петропавлда қызыл пәле қызып тұр

Төтенше жағдайдың алғашқы кезеңінде карантиндік шектеу шаралары Қызылжарда тиімділігін көрсетіп, науқасқа шалдыққандар саны қырықтан төмендеп аяқталған еді. Ал қазір ол өрлеп тұр. Күніне 30 бен 50-дің арасында дертке ұшырағандар шығып жатыр. Оны алғашқы карантиндік шаралар аяқталған кезде шекараның ашылуымен Ресейден келген жерлестеріміз әкелген болса қазір республиканың ішіндегі қозғалыстардың нәтижесінде де көбейіп жатыр. Аурудың таралу ошақтары халық көп жиналатын жерлерден табылуда, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 24 Маусым, 2020

Солтүстік Қазақстанда жаман індетті жұқтырғандар көбеюде

Ресей Федерациясымен екі арадағы шекара ашылғанға дейін Солтүстік Қазақстандағы індетке шалдыққандар саны елуге де жетпей, республикадағы ең төменгі орында болған еді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 23 Маусым, 2020

Солтүстік Қазақстанда елікке оқ атқандар ұсталды

Жуырда ен даланың еркесін көзі қиып атқандар рейдке шыққан табиғат қорғаушы полиция мен орман шаруашылығы қызметкерлерін көріп, жүре алмай көліктерін тастап, өздері орманға қашқан. Оқиға Шал ақын ауданының Минеевка ауылы маңындағы орманда болған. Машинадан екі мылтық және атып алған еліктің еті табылды. Полицейлер орманда қалдырылған "Лада" көлігінің иесі 31 жастағы Ортақкөл ауылының тұрғыны екендігін анықтады, - деп жазады Egemen.kz

Қоғам • 22 Маусым, 2020

Мемлекеттік қызметте бос орын неге көп?

Барлық істің сапалы орындалуы білікті маманға байланысты. Бірақ біздегі кадр саясаты жітілікпен жүргізілген, озық тәжірибеде деп айту қиын. Облыстық департаменттер мен басқармаларда мәселені шешуге тиісті кадрлардың орны бірнеше ай бойы бос тұрады. Былтыр заңнамаға енгізілген түзетулер бойынша конкурстық процедураларды оңтайландырып, бос орынға кадр қабылдауды үш кезеңнен екі кезеңге түсірген еді. Осының өзінде бос орынға өткізілетін конкурстың уақыты 32 күнге созылады. Ал мұны бос лауазымдық орынды жедел толтыру амалы деп айта алмайсың.

Аймақтар • 21 Маусым, 2020

Полицияның медицина қызметі қалғымайды

Бүгінгі "Медицина қызметкерлері күнімен" СҚО полицейлері өздерінің медициналық бөлімінің қызметкерлерін кеше құттықтады. Бұл бөлімнің қызметкерлері кәсіби мерекесін күшейтілген карантин режімі жағдайында қарсы алып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Маусым, 2020

Петропавлда Ұлттық Ұлан институты 20-шы түлектерін ұшырды

Осыдан 24 жыл бұрын Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаев ашқан Ұлттық Ұланның әскери институты бүгін 20-шы мерейтойлық шығарылымын жасады. Карантидік режімнің талаптары сақталып, оған алғаш рет жас лейтенанттардың ата-аналары қатыстырылмады. Дипломдарды салтанатты түрде тапсыру кезінде де санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып, қол алысылмады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Маусым, 2020

Петропавлда зейнеткерді тонаған адам ұсталды

Екі күн бұрын Петропавлдың қақ ортасында өте ерсі оқиға болды: Өзі де зорға жүріп бара жатқан сексеннен асқан кейуананың қолынан қылмыскер қол сөмкесін жұлып алып, тұра қашқан. 116 мың теңге зейнетақысын алғаны сол екен, кейуана көшені басына көтеріп, көмек сұрап, зар илеп қалған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 18 Маусым, 2020

Қылмыстың ізін суытпай ашудағы камераның пайдасы

Қызылжардың “Копай” ауданының тұрғыны үйіне келсе кіреберіс екі есігінің де бұзылып, терезелері шағылып қалғанын көреді. Үйге ұры кіргені бірден сезіледі. Үстел үстінде тұратын “Асер” ноутбугы да қолды болғаны көрініп тұрады. Үй иесі ақша тыққан жерін қараса, ол да бос қалыпты. Келтірілген шығынның бәрі 170 мың теңгедей екен, - деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 17 Маусым, 2020

Денсаулыққа көңіл бөлу - халық мұқтажын ақтау

Бүгін Солтүстік Қазақстанның облыстық ауруханасында жаңадан сатып алынған жоғары сапалы, аса қымбат магнитті-резонансты томограф (МРТ) аппараты іске қосылды, - деп жазады Egemen.kz